Досыма
Достық, шіркін, ғасыр бойы өлмеген,
Әлемді аса мейіріммен тербеген.
Жан беруге дайын тұрар дос-сезім,
Өлсе бірге жалғыз өлер Жерменен.
Достық,сірә, Жаратқанның батасы.
Махаббат та жолын беріп жатады.
Кешірім мен қайырымды туғызар,
Достық сезім сезімдердің атасы.
Досым, бүгін туған күнің тойлайық,
Әзілменен қағытпа сөз ойнайық.
Кейде бір сәт есейген бір жандарша,
Болашақты бірге армандап ойлайық.
Құрсағында мұңның қалып қоймайық,
Біргеміз ғой тереңдерге бойлайық.
Бір-біріне сүйенетін уық боп,
Достық деген шаңырақты жоймайық.
Досыма арнау
- ramuk_b
- 9 қараша 2016
- 5068
- 0