Сайтқа кіру Тіркелу

Қызының анасына құттықтау тілегі

Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн
Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың.
Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін
Ақ тілектер тасқындайтын туған күн.

Шын көңілмен сол тілекті қостадың,
Боп тұрсыншы әр кез ашық аспаның!
Құттықтайды сені барлық жақының,
Құттықтайды сені бүгін достарың.

Мағынасы болып таң мен кешіңнің
Бізді аялап мәпеледің, өсірдің.
Ер жеткенбіз саясында алаңсыз
АНА деген құдіретті есімнің.

Ыстықсың сен бізге де, елге - қауымға,
Сен екенсің байлығым да, барым да!
Самайыңда бар ғой менің "үлесім",
Өтінемін, мама, ешқашан ауырма.

Тіл жетпейтін біздерге асыл, бағаң дүр,
Бар көңілің балаң үшін алаң бір.
Шамшырағым болдың мына тірлікте,
Қуанышқа жанды бөлеп аман жүр.

Өтеуіндей алаң көңіл жылдардың,
Жанарыңда бүгін шаттық тұнған күн.
Қуанатын ұл мен қызың сен үшін,
Мама, саған құтты болсын туған күн!

Өзіңменен перзентіңнің бағы бар,
Келер күндер үміт болып жағылар.
Қуанышты, толқынысты сәтіңде
Қызыңның да ақ тілегін қабыл ал!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әкені қызының құттықтауы

Әкені қызының құттықтауы

Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел, Әке, сізді бүгін бәрі түсінер. Құрдас десе сізді тұстастарыңыз, Аға дейді сізді барлық кішілер....
Қарындастың ағаға тілегі

Қарындастың ағаға тілегі

Сенде бүгін қуаныш, сенде бүгін той бары Көңілімнің алабын шаттық болып жайлады. Сендегі бар қуаныш нөсер болып төгерін Қарындас боп сезінді сырға...
Достар тілегі

Достар тілегі

Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді, Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді. Сол үшін де барлығымыз қуанып, Достығымыз жаңарған бір түрге енді....
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі

Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі

Саған сенім артады Әкең де, Анаң, Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң», Сондықтан күні ертеңгі мерекемен, Сені де құттықтайды ертең Анаң....
50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы

50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы

Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із, Папа, сіздің бүгін туған күніңіз! Сіз 50 - ге толғанда, Әке, жырменен Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз. Әрқашан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×