Құрметті досым 25 жасың құтты болсын. Сені шын жүректен туған күніңмен құттықтай отырып саған зор денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майыспайтын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніңе сүрінбей жет, бақытты бол!
Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.
.... туған күнің құтты болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
Жиырма бес деген – жалынды дәурен шырыны,
Жиырма бес деген – дүниенің дүрмек қызығы.
Бойдақтығың да қала алмас бойың тасалап,
Құрық боп түсер арудың бұлғақ бұрымы.
Жиырма бес деген – жөңкілген толқын, тәтті арман,
Өзіңді іздеу өркенді бұлақтардан.
Аңсатар кейде балалық кезең, бал сәтің,
Қолдарын бұлғап, қиырда қимай қап қойған.
Жиырма бес деген - жігітіңнің арқауы,
Алдағы күнді, асу мен шыңды аңсауы.
Сағынышың ол, қызға құштар, жырға әуес,
Буырқаныспен арайлап атар әр таңы.
Жиырма бес – қыран шығатын самғап шыңдарға,
Мойымас тіпті тосыннан келген сындарға.
Тербете білгін жердегі бақыт желкенін,
Жүректің отын ұсынып келер жылдарға.
25 жасқа арналған құттықтау
- ramuk_b
- 26 наурыз 2024
- 55117
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 25 жасқа арналған тілектер, құттықтау тілек 25 жас, 25 мүшел жасқа арналған тілектер
Ұқсас жаңалықтар:
Қызыма
Туған күнің құтты болсын, жан қызым, Айшам менің еркелеген сəн қызым. Ата - анасын жетелейтін жұмаққа, Алтыннан да қымбат маған əр қызым....16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі
Отыз бір жыл, отыз бір жыл азаттық, Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық....Жастық шақтар
Туған соң анаңыздан шықсаң бірге, Еңбектеп екі жаста жүрдің төрде. Үш жаста талпындыңыз үй ішінде, Төрт жаста қадам асып жүрдің жерде....Туған күнге тілектер, құттықтаулар
Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?! Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай....Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)
Тілеймін бұл өмірде бақыт саған, Тілеймін асқақ ойлы, нұрлы арман. Тілеймін шын махаббат, адал достық, Тілеймін бұл өмірде сәтті қадам!!!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.