Сайтқа кіру Тіркелу

Туыстық атаулар сыры

Туыстық атаулар сыры
Ата (ер) – әкенің әкесі. Жеті атадан санағанда үшінші ұрпақ. Ел - жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтатын қадірлі ел тұтқасы. Мұндай кісілер төрден орын алады, оларға әрқашан құрмет көрсетіледі. «Ауылында қартың болса жазып қойған хатпен тең» - дегендей ата ел ұйытқысы, батагөйі, ақылшысы, қамқоры болып есептеледі. Жастар атадан бата алуы тиіс. «Аталы ел баталы» - деген мақал бар. Атаның айтқаны кейінгіге заң, ісі – үлгілі. Ол ел бірлігін, тірлігін, тұрмысын, болашағын бағдарлай, байқап отыратын дана, көреген қария.
Дәстүр бойынша сол елге, ауылға келген адамдар алдымен атаға сәлем беруге тиіс. Жасы жеткен мұндай кісілерді «қарт», «батагөй» деп ел оған әрқашан ілтипат білдіріп отырады, қазақтың жалпақ тілінде қарттарды «шал» деп те айта береді.
Ата – балаға сыншы.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Аталы ел – баталы ел.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×