Сайтқа кіру Тіркелу

Шәкәрiм атамыздың нақыл сөздері

Шәкәрiм атамыздың нақыл сөздері
Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. *[Шүкірлік]*

Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. *[Аманатшылдық]*

Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді *[Терең түсінік]*

Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. *[Терең түсінік]*

Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”. *[Байсалдылық]*

“Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Кейде, бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”. Өзің онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуың мінез - құлықтың аса көркемдігіне жатады. *[Көркемдік]*

Адамдар саған таңқалып жатса, оған масаттанып мақтанба. Себебі, олар сенің Алла жарыққа шығарған жақсы жақтарыңды ғана көріп жатыр. Ал, олар сенің Алла жасырған жаман жақтарыңнан хабарсыз болғанына шүкір де. *[Алла кемшіліктерді жасырушы]*

Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды. *[Шыншылдық]*

Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер. *[Мейірбандық]*

Адамдар сенің сыртыңа қарайды, Жаратушың ішіңмен, жан дүниеңмен бағалайды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның жүрегі қандай болса тілінен сондай сөз шығады

Адамның жүрегі қандай болса тілінен сондай сөз шығады

Ақкөңіл, сабырлы, даналығымен аты шыққан бір адам өмір сүреді. Оның кіріскен әрбір жұмыс сәтті аяқталатын. Барлығы құрметтеп, кеңес алу үшін оған жиі...
Ауруларыңды садақамен емдеңдер!

Ауруларыңды садақамен емдеңдер!

Жасы 40 - тар шамасындағы әйел аты жаман ауруға (рак) шалдығады....
Қайырымдылық жасаудан жалықпайық

Қайырымдылық жасаудан жалықпайық

Душар болып жалғанның сынағына, Жандар бар ғой зар болған бір адымға. Үлдеменен бүлдеге орамай - ақ, Сен солардың хал - жағдайын сұрадың ба?...
Мен сені жүретінмін мақтан көріп

Мен сені жүретінмін мақтан көріп

Мен сені жүретінмін мақтан көріп, қызғыш боп, өсек айтқан жаттан қорып. Өзгеше жұрттан бөлек жан дейтінмін, жоқтай бір көлеңкесі таң кейпіңнің....
Нақыл сөздер жинағы

Нақыл сөздер жинағы

Ешқашан биік шыңға шықтым деп асып тасудың керегі жоқ, аяғың сәл тайып кетсе жерден табыласың... Мен жайлы жаман пікір айтатындардың, орны артта......
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×