Сайтқа кіру Тіркелу

Адам ағзасындағы паразиттер

Бір адамда 200 - дей құрт болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, адамдар арасында кездесетін аурулардың 80 пайызы түрлі паразиттердің кесірінен болады екен. Соның себебінен әлемде жыл сайын 16 миллион адам өмірімен қоштасады. Қысқасы, бүгінде әрбір дерлік адам бойынан ішек құрттарының қандай да бір түрін табуға болады. Тіпті бір адамның өзі 200 - ге тарта ауру тудыратын микроағзалар мен паразиттердің тасымалдаушысына айналуы әбден мүмкін дейді дәрігерлер. Ал мұның негізгі себебі осындай микроағзалар мен паразиттердің ауада, суда, шаң - тозаңда, азық - түлікте тіршілік ететіндігімен түсіндіріледі.

Яғни адам оның жұмыртқаларын ауа, су, тамақ, киім - кешек, үй жануарларынан жұқтырып, тасымалдайды, «азықтандырады», жұқтырады. Ал паразиттердің өзге тіршілік иелерінен үлкен бір айырмашылығы – олар ағзаға түскесін тез көбейеді. Бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін - ақ жүздеген мың жұмыртқа шаштындары бар. Олар ішекке түскесін қан арқылы ағзаның барлық мүшелері мен жүйелеріне таралады. Паразиттер тынымсыз қоректенеді, ағзаға түскен витамин, микроэлементтерді сорып тауысады, ағзаға улы заттар бөледі. Міне, осы себепті олар түрлі аурулардың қайнаған көзіне айнала алады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал бұл аурулардан қанша емделгенімен де адам паразиттерден толық арылмай одан біржола құтыла алмайды. Көп аурулардың шипасын таппай, ұзақ емделіп, созылмалы түрге айналуына негізінен осы паразиттер себепкер болып жатады екен.

Мысалы, тері аурулары, аллергия, қант диабетінің асқынуы, жүрек - қан тамырлары аурулары (инсульт пен инфарктке дейін), бауыр, бүйрек, тірек - қимыл мүшелерінің аурулары, тағы басқа көптеген аурулар осы ішек құрттарының кесірінен туындайды және асқынады, тіпті өлімге соқтыруы да мүмкін. Хламидия сияқты бір клеткалы паразиттер сіңір ұлпаларын мүжіп бүлдіреді. Науқас сіңірді жақсартатын дәрі - дәрмекті қанша ішсе де оңалмайтыны содан.

Ол үшін хламидияларды жою керек. Көптеген әйелдердің бала көтере алмауына осы хламидиялар мен токсоплазмоздар кінәлі. Трихомонадтар варикозға, тромбофлебитке ұрындырады, қанды қоюлатып, ұйығыштығын шамадан тыс арттырады, содан инсульт, инфаркт туындайды. Әсіресе трихомонадтар ағзаға жақсы бекіп алса, ол адаммен өмір бойы бірге болады. Атеросклерозға да көп жағдайда буынды бүлдіретін осындай паразиттер себепкер. Паразиттер миға да өте алады, онда инсульт тудырады. Лямблиялар мен трематодтар өт жолдарына бекіп, онда қабыну туғызады, одан холангит, ұйқы безін зақымдануы пайда болады. Ал аскаридалар балалардағы жыныс ауруларының жиі туындауына себеп.

Қысқасы, паразиттер адам ағзасының кез келген бөлігіне бекіп, оған жасушалық деңгейге дейін өте алады. Сол арқылы азықтанады, оны улап, жасушаларды бүлдіреді. Осыдан адамда өмірі бітпейтін шаршаңқылық, әлсіздік, бас ауруы, көңіл - күйдің төмендігі, өзін үнемі жайсыз сезіну пайда болады.

Ішек құрттарының тағы бір қауіптілігі – олар тіршілікке аса бейім. Өзіне қарсы қолданылған химиялық дәрілерге де тез бейімделе алады. Өзінің және жұмыртқасының сыртқы қабатын жайсыз әсерден қорғайтын капсулалармен қоршай алады.
Міне, түрлі жолдармен адам ағзасына түсіп, оны әлсірететін, улайтын, түрлі аурулар туындататын осындай алуан микроағзалар мен паразиттерден аман болу үшін ең бірінші тазалықты сақтап, азық - түліктерді олардан қорғау, саламатты өмір салтын ұстану, дәрігерлік тексеруден өтіп тұру керек. Адам қандай да бір аурудан ұзақ емделсе де арыла алмаса, бұл оның ағзасына түсіп, орныққан түрлі зиянды микроағзалар мен паразиттердің кесірінен болуы мүмкін.

Осы орайда Украинада шығарылатын «Chofіce» деп аталатын препаратты ғалымдар мақтайтынын да айта кетейік. Жеті бағытта әсер ететін бұл препарат ағзаны паразит атаулыдан арылтады деседі. Яғни ол ағзадағы паразит, саңырауқұлақ, микробтарға қарсы жасушалық деңгейге дейін әрекет ете отырып бауырдың, өт қабының, оның жолдарының, ішектің жұмыстарын жақсартады, қалдықтардан, токсин, тастардан, тұздан тазартады, ағзаның қорғаныс қуатын нығайтады, түрлі аурулардың алдын алады. Ал оған қосылатын заттың бәрі елдің Карпат таулары сияқты экологиялық таза аумақтарынан жиналған екен.
Жалпы, ағзадағы паразиттерден арылудың көптеген әдіс - тәсілдері бар. Дегенмен науқас дәрігер бақылауымен емделгені абзал. Қысқасы, ағзаңызда паразит болса, оны «бағып» жүре бермей, тезірек көзін құртуға асығыңыз.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бал араластырған су - шын мәнінде емдік құрал

Бал араластырған су - шын мәнінде емдік құрал

Бал араластырған судың пайдасы: - Ас қорытуды қалыпқа келтіреді. Асқазан ішек жолдарының жұмысын жақсартады....
Пияз - табиғи дәрі

Пияз - табиғи дәрі

Дәстүрлі емшілер ауыз қуысындағы барлық патогенді микробтардан арылу үшін күніне бір рет пияз шайнау жеткілікті дейді. Оны үнемі жеу асқазан - ішек...
Көз аурулары мен жарақаттары туралы

Көз аурулары мен жарақаттары туралы

Егерде адам көзіндегі сұйықтың қалыпты айналу жағдайы бұзылса, көз ішінің қысымы жоғарылайды, глаукома ауруы пайда болады....
Ажалға себеп болатын аурулар

Ажалға себеп болатын аурулар

Асқазан жарасы. Дәрігерлер асқазан жарасы негізінен күйзелістен болады дейді. Ал асқазанды ауруға шалдықтырмау үшін уақытылы әлі құнарлы тамақтану...
Ауа райының адамдарға қандай әсері бар

Ауа райының адамдарға қандай әсері бар

Ауа райының адамдарға қандай әсері бар? Осы сұрақтарға жауап іздей отырып, бірнеше қате пікірлерді ашатын боламыз....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×