Өттегі тасты түсіру оңай
Өт қалтасындағы тастардан бір - ақ тәулікте құтылудың мынадай оңай жолдары бар. Ол үшін үлкен - үлкен 10 лимонды сығып, шырынын дәкеден өткізеді. Және сонша мөлшердегі (1 пинт) таза, дәріханалық оливка майы керек.
Негізінен емді демалыс күндері кешкі сағат жетілерде өткізген ыңғайлырақ. Ал таңертеңнен бастап ештеңе жемеген дұрыс, тек шай, кофе, су ішуге болады, бірақ сүт емес. Дәл сағат жетіде емдеу басталады. Қоңыраулы сағат дайындап қою керек, себебі әрбір минут, тіпті секундтың өзі үлкен роль атқарады.
Бірінші, төрт ас қасық оливка майын ішеді. Артынан бірден бір ас қасық лимон шырынын ішеді. Дәл он бес минуттан соң тағы осылай қайталанады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұны май таусылғанша әр он бес минут сайын қайталайды. Май таусылған соң қалған лимонның шырынын бірден сіміре салады. Мұның бәрін дәлме - дәл уақытымен, дәл мөлшерімен орындау керек. Май жүрек айнытады деп қорықпаса да болады. Лимон шырыны майдың үстінен басып қалып, кері қарай көтермейді.
Мұның бәрін дәлме - дәл орындау керек, әйтпесе, тастардың тар жерлерден өтуі өте қиын болады. Май аздау (бір пинттен аз) болса да тастардың жылжуы қиындап, біраз ауыртуы мүмкін.
Егер тастар үлкен болса, бәрін дұрыс орындаған жағдайда да ауыртуы мүмкін. Мұндайда тегіс жердегі кілемшенің үстінде әрлі - берлі аунау керек. «Бәрін дәлме - дәл орындаған жағдайда тастың ауыртуы немесе бірнеше күннен кейін түсуі әлі күнге дейін болған емес», — дейді осы тәсілмен емдеуші орыс халық емшілері.
Тас түскен соң оны тез арада жуып, суретке түсіріп алуыңызға болады. Әйтпесе ол үш күннің ішінде құм болып үгітіліп кетеді. Ал жаңадан түскен кезінде резіңкедей жұмсақ болып тұрады.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Өттегі тасты қалай түсіруге болады?
- ramuk_b
- 20 мам 2019
- 13847
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Өт қалтасындағы тастардан құтылу, оливка майы, денсаулықты күту
Ұқсас жаңалықтар:
Ас содасының емдік қасиеттері
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады....Баланың жынысын жоспарлау мүмкін бе?
Осы сұрақ кімді болса да қызықтыратын шығар. Себебі қай отбасының да балалы болғысы келеді....Бел ауруын керосинмен емдеу
Жасы келген адамдардың қыс ауасында сәл суық өтсе белі сырқырап ауыратыны бар. Бұл дерт, егер қателеспесем, қырықтан асқан әрбір төрт азаматтың...Қызыл майдың емі күшті
Осыдан 15 жыл бұрын асқазаным ауырып, ішім тоқтамай қалған болатынмын....Бас ауруы, емдеу жолдары
Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.