Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстанның ерекше ағаштары

Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке екендігі шүбәсіз. Халқының көңілі қандай дарқан болса, жері де сондай кең қазақ даласының әрбір тасын, әрбір шөбін, әрбір суын білу, оны қастерлеу баршамыздың парызымыз. Осы орайда Әлемтану айдары еліміздегі ең ерекше деп танылған ағаштар туралы баяндайды.

Ең көне хан - ағаш
Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябақ аумағында, Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі. Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері деседі.
Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады.

Қасиетті қарағаш
Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн 700 жастағы ерекше ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулие - ағаш ауылы маңында өседі. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атап кеткен. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады, ал Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулар түрлі ауруларға ем деседі. Аталған ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады.

«Жетісулық недзвекция» Бигнониевтік тұқымдастар тегіне жататын дара өкіл, аса сирек кездесетін ежелгі аласа бұта - «жетісулық недзвекция» өсетін әлемдегі жалғыз мекен – Шу - Іле шөлді таулары (Айтау). Бұтаның әдемі гүлдері оған әшекейлі түр береді. Бұта ғылымға 1909 жылы белгілі болды және өлкетанушы В. Е. Недзвецкий құрметіне осы атау берілді.

Тянь - шаньдық шырша
Іле Алатауындағы жалғыз қылқан жапырақты ағаш – Тянь - шаньдық шырша. Тянь - шань шыршасының ең үлкенінің жасы – 600 жыл шамасында, ол Түрген өзені бойында (Іле Алатауы) бір ағаштан анықталған. Тянь - шаньдық шыршаның ең жуаны 1913 жылы Алматы маңындағы Кіші Алматы алқабындағы Горельник шатқалынан табылған. Түбінің диаметрі – 3 м шамасында, шеңберінің ұзындығы – 9, 45 м. Қылқан жапырақты ағаштардың Қазақстандағы ең көп түрі - Алтайда. Мұнда шырша, май қарағай, қарағай, бал қарағай, сібір самырсыны өседі.

Ең көп таралған ағаш
Қазақстанда түрі ең көп тараған ағаш - сәмбі тал. Республикамызда мұның 22 түрі кездеседі.

Денсаулық ағашы
Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы өсімдіктің бірі - ағаш тектес немесе бұтақ тұрпатты арша. Арша – ағаш - фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырады. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айнала сы на 1, 5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша ор ма нының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауаны көміртегі газынан тазартып, 50 - 65 тоннаға де йін шаң - тозаңды зиянды газдардан
арылтып, сүзіп оты ратын көрінеді. Қазақ халқы аршаны "денсаулық ағашы" деп атайды. Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді. Ал, 500 - 600 жыл арша үшін қарапайым жастың бірі саналады.

Шөл даланың падишасы
Қазақстандағы ең төзімді ағаш – тораңғы. Ол шөлде, құмда, сортабанда өсе береді. Тораңғы жапырағы 50 градус шамасында өміршеңдігін сақтайды. Ел аузында «шөл даланың падишасы» атанған бұл өскiндi бүгiнде қазақ жерiнiң бiраз пұшпағы өзiнiң өрелi саясы санайды. Қазiр тораңғы тұқымдас ағаштың алуан түрi Қазақстанда Арал өңiрi мен Қызылорда облысынан басқа Балқаш пен Алакөл аумақтарында, Бетпақдала атырабында, Зайсан маңайында, Мойынқұм сауырында кездеседi.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қайың ағашы

Қайың ағашы

Қайың — сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық...
Ағаш туралы мақал-мәтелдер

Ағаш туралы мақал-мәтелдер

Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай. Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай....
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі

Өсімдіктердің қысқы өзгерісі

Мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілі жайында түсінік беру. Қыс маусымында ағаш пен бұта өсімдіктерінде болатын өзгерістерді аңғарту. Ағаштың суыққа...
Орман ғажайыптары (ғылыми жұмыс)

Орман ғажайыптары (ғылыми жұмыс)

Шығыс Қазақстан облысы, «Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 «б» сынып оқушысыХамзаев Бағлан Толеуахметұлы...
Қара сексеуілдің құпия сыры

Қара сексеуілдің құпия сыры

Алматы облысы, Қаратал аудандық білім бөлімі А. С. Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектептің 6 А сынып оқушысы Байборинова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×