Биыл құрбан айт тамыз айының 11,12,13 күндеріне түсіп отыр. Құрбан айт — барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Ол Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері құрбандық шалынады. Бұл мұсылмандардың бес парызының бірі.
Қазақстанда бұл күн мемлекеттік демалыс болып саналады.
Құрбан Айт мейрамының пайда болу тарихы қасиетті Құран кітабында жазылған және ол Ибрахим пайғамбардың өмірімен байланыстырылады.
Күндердің күнінде Ибрахим пайғамбарға өзінің туған ұлы Исмаилды Алла үшін құрбан ету туралы аян беріледі. Құранға сәйкес, пайғамбар көрген түс шындық болып саналады және оған күмән келтіруге болмайды. Алланың бұйрығына қарсы шыға алмаған Ибрахим жалғыз ұлын алып, бүгінде Мекке қаласы орналасқан сол кездегі Мина аңғарына аттанады. Ибрахим пышағын кезей бергенде көктен періште түсіп, оны тоқтатады.
Аңыз бойынша, Жаратқанның бұйрығы пайғамбар үшін сынақ болып табылады. Пайғамбардың ниетіне жауап ретінде Алла Тағала жұмақтан құрбандыққа шалу үшін қой малын түсіреді.
Құрбан шалу мейрамы Жаратқанға құлшылық етудің белгісі болып табылады. Мұсылман қауымы Аллаға ет немесе қан емес, құлдарының тақуалық етуі маңызды деп санайды.
Құрбан Айтта құрбан шалу Ақырет күнінде мұсылманның жанын сақтап, Жұмаққа жол ашады деген сенім бар. Жалпы бұл мереке мұсылманның Аллаға толықтай бағыныштылығын білдіреді.
Құрбандық шалу барысында әр мұсылман ниет етіп, істі Алланың атымен бастауы керек. Алла жақындарымды ала көрмесін деп құрбан шалатын мұсылмандар да көп.
Ислам күнтізбесі бойынша оныншы ай мұсылмандар үшін қасиетті ай саналады. Бұл айдың алғашқы он күндігінде мұсылмандар бар ынта - ниетімен Аллаға құлшылық жасайды. Айдың тоғызыншы күні – Арафаның ислам дінін ұстанатындар үшін орны ерекше.
Құрбан айт мерекесі (Зилхиж - жаның 10 - ыншы күні) таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазын оқудан басталады. Мұсылманның намазды мешітте оқуға мүмкіндігі болмаса, ол құлшылықты өз үйінде жасай алады. Аллаға құлшылық жасап, имам уағызын тыңдаған соң мұсылмандар өмірден өткен адамдарға Құран бағыштау үшін бейіт басына барады.
Бұл айтулы мерекенің ең маңызды амалы – құрбандық шалу. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Бұл күні мұсылман жамағатын, тіпті ислам дінін ұстанбайтын адамдарды етпен тамақтандырған сауапты іске жатады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек!
Айттың бірінші күнінде адамдар бір - бірін құттықтап, бір - бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Әйелдер қауымы Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіріп, дастарқан мәзірін дайындайды.
Айттың екінші күні мұсылмандар көбінесе қойдың басы мен аяғынан жасалған сорпа әзірлейді. Жалпы құрбандыққа шалынған малды мейрам барысында жеп қою керек деген қағида бар.
Құрбан айтта әр адам өзінің отбасына көбірек көңіл бөліп, мүмкіндігінше мұқтаж жандарға көмектесуі тиіс.
Құрбан айт мейрамы 2019
- ramuk_b
- 5 тамыз 2019
- 2586
- 0
- 0
Ілмек сөздер: құран айт 2019, құрбандық, мұсылманның бір парызы, құрбан шалу
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы
2019 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы мұсылмандарды ұлы – Құрбан айт мерекесімен құттықтады....Ораза 2022 жыл
Айта кетсек, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 2 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған...Қасиетті Құран Кәрім жайында. Адам ата.
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың Қасиетті Құран Кәрім жайында, Ислам діні жайында түсініктерінің аясын кеңейту. 2. Тәрбиелілік: Оқушыларды...Дін - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Имамадинова Оразгүл...Дінге артылса сенімің, Имандылық болар серігің
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі Сыныбы: 5 Сынып жетекшісі: Рүстемова Гүлмира Сабақтың мақсаты: Діни білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.