Сайтқа кіру Тіркелу

Х дыбысы және әрпі

Шығыс Қазақстан облысы
«ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БӨЛІМІ»ММ
«Какен Аханов атындағы орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Онгарбаева Зинура Кабылгазиновна

Сабақ тақырыбы: Хх дыбысы және әрпі
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, 1 - сынып, сауат ашу
Мақсаты: Хх дыбысы мен әрпімен тереңірек танысып, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйренеді, мәтінді оқи отырып кітапхана туралы түсініктерін кеңейтеді.
Дамытушылық. Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлауларын, тіл байлықтарын, сөздік қорларын, сауатты, әдемі, көркем жазу дағдыларын, ой - өрістерін, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіреді.

Тәрбиелік. Мамандық түрлерін біліп ойларын толықтырады, мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге дағдыланады, патриоттық, жауапкешілік сезімдері артады.

Әдіс - тәсілдер: Тәсілдер: жекелей, жұптық, топтық жұмыс Әдістер:
Көрнекіліктер: Презентация
Дереккөздер: Әуелбаев, Наурызбаева Әліппе. 1 - сынып. Алматы «Атамұра» - 2012. Электронды оқулық.
Оқыту нәтижелері:
 Х дыбысы және әрпі туралы ұғымдары қалыптаса отырып, х әрпінің сөздің барлық буындарында кездесетініне көздері жетеді;
 Тапсырмалар орындай отырып алған білімдерін, логикалық ойлауларын, сөз қорларын дамытады
 Х дыбысы бар сөздерінің мағынасын ұғынады
 Патриоттық сезімдері қалыптасады
Сергіту сәті Сабаққа психологиялық жағымды ахуал туғызады.
«Сұр қоян» әнін айту, қимылмен көрсету.
- Ұзын құлақ сұр қоян,
- Көңілдерің көтеріліп қалса сабаққа кірісейік.

1 - кезең.
Қызығушылықты ояту: 17 мин
- Сабақтың тақырыбы және мақсатын айтады.
Осы мақсатқа жету үшін қалай жұмыс істеуіміз керек?
Жалпы сабаққа табыс критерийін құратады.

Ұжымдық жұмыс
Сөзжұмбақ шешу

1. Кейде көрсең орақтай,
Кейде көрсең табақтай (Ай)
2. Бұдан кір қорқады, судан бұл қорқады.(Сабын3. Күндіз де жүреді, Түнде де жүреді, Аяғы жоқ, қолы жоқ, Не жүрген жолы жоқ. Ол не, кім біледі? (Сағат) 4. Үрлесең іші кебеді, босатсаң ұшып кетеді. Жұп - жұқа қарын домалақ, Оны жару оңай - ақ(Шар)
5. Ти десем тимейді, тиме десем тиеді. (ерін)
6. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)
Бүгін сабақта әртүрлі тапсырмалар орындай отырып
Астана қаласының көрікті жерлеріне ауызша саяхат жасайтындарын ескертеді.
Астана жайында не білеміз?

1 - аялдама Астана теміржол вокзалы
Үй тапсырмасын, өткенді қайталауға, деңгейлік тапсырмалар ұсынады. «Жылдам оқу»оқыта үйрету ойыны жеке жұмыс
(араға, қоянға, мысыққа, кірпіге... көмек

«Жарыс»мәтіні
Аю неге мәреге бірінші болып келді деп ойлайсыңдар?
Осы аңдардың ішіндегі ең жүйрік аң қайсысы, неге?

2 - аялдама Астана - Бәйтерек монументі
Электронды оқулық
Бүгін х дыбысымен толығырақ танысамыз.
Қане дыбыстап көрейікші?
Х қандай дыбыс?
Алдағы оқу құралдарымыздың кез келгенін қолданып Х әрпін құрастырып көрейік

3 - аялдама Ханшатыр
«Түртіп алу әдісі» Суретке назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.
Х дыбысы буын құрай ма?

- Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.
- Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі?
себебі, ол дауыссыз. Дауыссыз дыбыстың қатаң түріне жатады. Ол араб, парсы тілінен енген сөздердің барлық жерінде кездеседі, кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: шах

4 - аялдама Мұхитарал
Х дыбысы туралы түсінік алған болсақ одан әрі Астана қаласын аралауды жалғастырайық. - Балалар, Х әрпі неге ұқсайды.
- Ендеше, ауада осы әріпті жазып, дәптерге толтырайық

5 - аялдама Бейбітшілік пен келісім сарайы
Ой толғаныс
«Семантикалық кесте»»
жұптық жұмыс «Семантикалық кесте» толтыруды ұсынады
«Қағып ал, жауабын тауып ал»
1. Балалар, үзілісте қайдан тамақтанады? (асхана)
2. Дәрі - дәрмек сататын жерді не де
2. йді? (дәріхана)
3. Х әрпі бар спорттық ойындар. (шахмат, хоккей)
4. Әншілердің қосылып ән салатын тобы. (хор)
5. Аяғы жоқ, жүреді,
Аузы жоқ, сөйлейді. Ол не? (хат)
6. Х әрпі бар адам атын ата.
6 - аялдама Ақорда

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×