Сайтқа кіру Тіркелу

Сын тұрғысынан ойлауды сабақта пайдалану жолдары

«Ескелді ауданы әкімдігінің
Қаблиса жырау атындағы
орта мектебі мектепке дейінгі шағын - орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қайрбек Арайгүл

Сын тұрғысынан ойлауды сабақта пайдалану жолдары
Шеберлік сынып
Сабақ басталмас бұрын екі кішкентай баланың сөйлесе алмаса да бір - бірімен селбесе отырып есікті ашқан видеосы көрсетіледі, соған талдау жасай отырып, тақырып ашылады.
Мұғалімдерге сабақ жоспарына сай жасалған слайдтар көрсетіледі.
Cлайд мазмұндары төмендегідей:
Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту”.
СТО - ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір - түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Сыни тұрғыдан ойлау – ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім
Мақсаты:
Сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру және дамытуда жиі қолданылатын әдіс - тәсілдерді талдай отырып, өзара тәжірибе алмастыру
Сын тұрғысынан ойлаудың ерекшеліктері:
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі шаралар орындалуы шарт:
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдау.
Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
Оқушылардың бір - бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылар осыған байланысты: сенімділікпен жұмыс жасай алады;
бар ынтасымен оқуға беріледі;
пікірлерді тыңдайды және құрметтейді;
өз пікірін ашық білдіре алады;
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және дамыту үшін мұғалімдер:
Сын тұрғысынан ойлай білуі
Оқушыларға дұрыс сұрақ қоя білуі
Оларды ойландыра білуі керек.
Сын тұрғысынан ойлауды жетілдіру барысында жиі қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Топқа бөлу
Пазылдармен бөлу, түстер, күлегештер, конфеттер, көліктер, жеміс - жидектер, көгөністер, гүлдер, сандар, әріптер, әуендер, тақырыпқа байланысты тірек сөздер арқылы, мозайка құрастыр
Тақырыпқа байланысты тірек сөздермен топқа бөлу мұғалімдер сұраққа жауап бере отырып төмендегідей топтарға бөлінеді.
1) Жалпы сұрақ (иә, жоқ)
Сіз сабақтарыңызды әр күні интерактивті тақтамен өтесіз бе?
Сіз сабақтарыңызда 7 модулдің барлығын қолдана аласыз ба?
Сабақ кезінде уақытты тиімді пайдалана аласыз ба?
Сіз сынып жетекшісіз бе?
Семинарға үнемі қатысасыз ба?
Сабаққа кешігіп кіресіз бе?
Әріптестеріңізге әдістемелік көмек көрсетесіз бе?

2) Арнайы сұрақ (сұрау есімдіктері)
Сіз қай жерде деңгейлік курстан өттіңіз?
Сіз қандай пәннен сабақ бересі?
Осы салада жүргеніңізге қанша жыл болды?
Бүгінгі көңіл - күйіңіз қандай?
Бүгінгі семинарға келуіңіздің себебі не?
Сіздің курстан өткен кездегі жетекшіңіз кім?
Сіздің алға қойған мақсатыңыз қандай?

3) Балама сұрақ (біреуін таңдау)
Сабақ кезінде сіз көп сөйлейсіз бе, жоқ әлде шәкірттеріңіз бе?
Сіз сабақ жоспарын қолмен жазасыз ба жоқ әлде компьютермен бе?
Жұмыс орныңыз үйіңізге жақын ба, алыс па?
Уақытыңыздың көп бөлігін өз отбасыңызға жұмсайсыз ба жоқ әлде оқушыларыңызға ма?
Сабағыңызда топтық жұмыс көп орындала ма жұптық жұмыс көп орындала ма?
Сіз сабақ өткенде орындықта отырасыз ба жоқ әлде түрегеліп тұрасыз ба?
Сіз деңгейлік курстан Алматыда өттіңіз бе жоқ әлде Талдықорғанда өттіңіз бе?

Қызығушылығын ояту кезеңі
Миға шабуыл, Ранжирлеу (сап түзеу), сәйкестендіру, артық сөзді табу, қарлы кесек, адасқан сөздер, бір сөзбен, қатесін табу, кестемен жұмыс, сұрақтар мен жауаптар, қызықты мәліметтер

Ранжирлеу
Оқушылардың білім деңгейін қалай көтеруге болады?
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс, ата - аналар мен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар беру, Электронды оқулықтармен сабақ өткізу, топпен жұмысқа бейімдеу, қызығушылығын ояту, үнемі қадағалап отыру, марапаттау, тапсырмаларды әртүрлі формада орналастыру, жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіру, оқушыларды өз бетімен саналы білім алуға бағыттау
Осы тізімнен 5 пікірді таңдап алып, оны маңыздылығына байланысты орналастырыңыздар: алдымен ең маңыздысын, содан кейін маңызы азын.

Мағынаны ашу кезеңі
Сәйкестендіру, жіктеу, топтастыру, артықшылығы мен кемшілігі, қатесін тап, сұрақтар мен жауаптар, кесім жасау, ЖИГСО, сұхбат, дұрыс/дұрыс емес, таныстырылым, сөйлемдердің келесі сыңарын тап, INSERT әдісі, сіз қалай ойлайсыз?
Cіз қалай ойлайсыз? Мұғалімдер тақырып бойынша жұмыс істейді, 1 топ әңгіме құрастырады, 2 топ суретті түсіндіреді, 3 топ ой қорытады.

Әңгіме құрастыру Мұғалім іс - әрекетінің нәтижесі Ой қорыту
Ой толғаныс кезеңі
Венн диагрммасы, рөлдік ойын, пікір - сайыс, ойлаудың 6 қалпағы, идеяларды тоғыстыру (не? қайда? қашан?), өрмекші торы, тест, эссе жазу сұрақты түрлендіріп қою.
1) 22. 12 деген датаны оқы дегеннен гөрі “What is shortest day in a year?”(бір жылдың ішіндегі күндіз ең қысқа болатын күн?) сұрағы анағұрлым тиімді болады.
2) оқушылардан мамандық аттарын сұрағаннан гөрі осы суреттегі жерлерде кімдер жұмыс істейді? деген сұрақты сұрасақ олар тереңірек ойланады.

Рефлексия
Бағдар шам, екі жұлдыз бір тілек, тыныс белгілері, бір сөзбен.....
Ауарайы, алма ағашы, табыс сатысы, таңдау әдісі, синквейн “+,-, қызықты”
құндылықтар спектрі

Құндылықтар спектрі
бүгінгі шеберлік сыныбы бойынша алған әсерлеріңізді ұсыныстарыңызды сол жағына, тілектеріңізді оң жаққа жазыңыздар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер...
Сыни ойлау - ойды шыңдау

Сыни ойлау - ойды шыңдау

Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын...
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль ...

Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль ...

Оқушылардың өзара белсенді – интерактивті өздік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы қысым тақырыбын меңгерту. Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу...
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік - жігері бар адамдардың уақыты... (Н....
Тасбақаның шөбі

Тасбақаның шөбі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы Есмурзаева Лазда Адсадыковна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×