Сабақтың тақырыбы: Сорғыш құрттар
Сабақ негізделген оқу мақсаты Сорғыш құрттар туралы білу.
Сорғыш құрттардың дене бөліктерімен, асқорыту, жүйке жүйелерімен танысу.
Сорғыш құрттардың сезім, жыныс мүшелерін және дамуын суреттерді көрсету арқылы үйрену
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады:
Сорғыш құрттар туралы біледі.
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Сорғыш құрттардың дене бөліктерімен, асқорыту, жүйке жүйелерімен таниды
Кейбір оқушылар істей алады: Сорғыш құрттардың сезім, жыныс мүшелерін және дамуын суреттерді арқылы көрсете алады.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: Эндопаразиттер, гиподерма,
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Жалпақ құрттар типінің қандай кластары бар? (кірпікшелі, таспа, сорғыш)
2. Сорғыш құрттар қайда тіршілік етеді деп ойлайсыздар? (бауырда)
3. Неліктен бауырда тіршілік етеді?
Жетістік критерийлері: Сорғыш құрттарды білемін.
Сорғыш, таспа, кірпікшелі құрттардың дене бөліктерімен, асқорыту, жүйке жүйелерін ажыратамын.
Суреттерден сорғыш құрттардың құрылысын көрсете аламын
Алдыңғы оқу Таспа құрттар
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2 - 3 минут)
Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп топтастыру.
1 - топ: “Жалпақ құрттар” 2 - топ: “ Кірпікшелі құрттар”
3 - топ: “ Таспа құрттар” 4 - топ: “Сорғыш құрттар”
ІІ. Жұптық жұмыс. (7 минут)
Ойланып, сұрақтарға жауап бер
1. Әбден пісірілмеген сиыр етін жегеннен адам қандай паразит құртты жұқтырып алуы мүмкін? (сиыр цепені)
2. Мысалы, бақша иелері отырғызған көкөністерін жақын маңдағы шалшықты судан алып суарады делік. Егер сол бақшадан алынған көкөністерді жақсылап жумай жесек, қандай паразит құрттарды жұқтырып алуымыз мүмкін?
Жұптар бірін - бірі бағалау Таратпа материалдар
Ортасы ІІІ. Топтық жұмыс(20 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
1 - топ: “Жалпақ құрттар” Консептуалды кесте
2 - топ: “ Кірпікшелі құрттар” Тұжырымдамалық карта
3 - топ: “ Таспа құрттар” Венн диаграммасы
4 - топ: “Сорғыш құрттар”Ассосация
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау
Топтар бірін - бірі екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау
Плакат, маркер
Аяқталуы ІV. Жеке жұмыс(7 минут)
Кестеге жалпақ құрттар типі қандай кластарға бөлінетінін жазып, әрбір класқа тән ерекшеліктерді іріктеңдер
Кластары
1. сорғыштары мен жабысып алатын қармақшасы бар;
2. даму айналымы күрделі, иелерін ауыстырып отырады;
3. сулы ортада тіршілік етеді, еркін жүзіп қимылдайды;
4. үлкендерінде сезім мүшелері дамыған;
5. денесі жапыраққа ұқсайды;
6. әдетте аузында және құрсағында сорғыштары болады;
7. адамдар мен жануарларда паразиттік ететін эндопаразит жәндік болып табылады;
8. денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталған;
9. ас қорыту мүшесі бар;
10. денесі ұзын таспа тәрізді, дене мүшелеріне бөлінеді;
11. ас қорыту мүшесі болмайды;
Оқушылар дұрыс жауаппен өзін - өзі бағалау
ҮІ. Кері байланыс (5 минут)
«Рефлексия»
Сорғыш құрттар
- gul55555
- 18 желтоқсан 2015
- 3112
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сорғыш құрттар, сорғыш құрттар туралы ақпарат
Ұқсас жаңалықтар:
Өзен шаяны
Жалпы мақсаты: Сабақта сын – тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып, оқушылар буынаяқтылар типі, шаянтәрізділер класының негізгі өкілі өзен...Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі
Ересек цепен - адамның ішегінде, дернәсілі мүйізді ірі қараның денесінде дамиды. Бұл жәндіктер ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жабысып алады....Өрмекшітәрізділер
Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Ханорда ауылы, Жәңгірхан атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бижанова...Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттардың жұмыр және жалпақ құрттармен ұқсастығын, айырмашылығын, дене мүшелерінің күрделене дамуын түсіндіру. Буылтық құрттардың пайда -...Деңгейлік тапсырмалар
Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәнінің мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.