Сайтқа кіру Тіркелу

Адамға пайдалы заттар

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы
«№1 жалпы білім беретін орта мектеп – интернат»КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абильмажинова Гулмира Каниевна

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Адамға пайдалы заттар
Мақсаты: Оқушылармен «Денсаулық – зор байлық» деген модульді жалғастыра отыра, «Адамға пайдалы заттар» тақырыбына байланысты мәлімет беру, ерекшеліктерін ұғындыру.
Сабақ міндеттері: 1 Тақырыптың маңызын ашып, түсіндіру. Грамматикалық тақырыптарды жаттығу арқылы бекіту.
2. Тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, жазба тілінің деңгейін көтеру.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын жүргізуге тәрбиелеу.
Сабақ қадамдары: 1. Жаңа сабақты игеру;
2. Тұжырымды ой айту;
Күтілетін нәтиже: 1. Топтық жұмыс барысында оқушылар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз ойларын айта алады. Бірлесе отырып ортақ шешім қабылдайды.
2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.
3. Топтық жұмыс барысында оқушылардың бір - бірін оқыту дағдылары артады.
Түйінді идея: Нақты ойлау арқылы ой қорыту, ортақ қорытындыға келу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, миға шабуыл, ой шақыру, диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс, ой толғаныс, кері байланыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі парақша, кестелер;

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Үй тапсырмасы;
III. Жаңа сабақ;
ҮІ. Тапсырмалар
Ү. Рефлексия.
YІ. Үйге тапсырма

Жұмыстың түрі
а) Сәлемдесу
ә) Көңіл - күйді көтеру

Оқушыларды сурет бойынша 2 топқа бөлу. Топтарға бағалайтын парақшалар беріледі.
б) Кезекшімен сұхбат
Үй жұмысын тексеру
в) Миға шабуыл – сұрақ - жауап әдісі арқылы.
- Балалар біз сендермен «Денсаулық - зор байлық» модулін жалғастырамыз. Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек, есімізге түсірейікші?
1) Тиімді, жақсы тамақтану;
2) Спортпен айналысу;
3) Таза ауада серуендеу;
4) Көбірек дәрумендерге бай тамақты жеу.
г) – Балалар, қалай ойлайсыңдар неліктен сендерге көкөністер мен жемістердің суреттері ұсынылды? Олар адамға пайдалы ма?

Жаңа сабақ
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Балалар, бүгін біздің тақырыбымыз «Адамға пайдалы заттар» деген тақырыппен танысамыз. Сабақта мәтінмен танысып, тақырыпты меңгереміз. Жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы тапсырмалар орындап, грамматиканы еске аламыз. Сонымен қатар дәрумендер бізге не үшін керек, оларды қандай тамақтан алуға болады, соны анықтаймыз.
1. Керекті сөздермен таныстыру.
• Құрамы - состав
• Әсіресе - в основном
• Дәрумендер - витамины
• Көмірсутегі - углеводы
• Ақуыз - белок
• Қабық - кожура
• Ағза - организм
• Пайдалы - полезные
Сөздермен жұмыс: оқу, сөз тіркестер құрастыру, жазып алу.

2. Мәтінмен жұмыс. Мұғалім оқып, оқушылар тізбектеп оқиды. Аударма жұмысын жасау.
3. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамға пайдалы сусындар

Адамға пайдалы сусындар

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сусындардың түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, жалғау түрлерін...
Дәрумендер пайдасы

Дәрумендер пайдасы

Дәремендердің пайдасы туралы білімдерін сабақта көрсете алу, тақырып бойынша қазақ тілінде тілдесе алуға үйрету. Сөздерді тәуелдей, жіктей, септей...
Жасушаның құрылысы, қызметі және химиялық құрамы, тағамдардың құрамындағы з ...

Жасушаның құрылысы, қызметі және химиялық құрамы, тағамдардың құрамындағы з ...

Жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделігіне қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу...
Етістік райларынан өткенді қайталау

Етістік райларынан өткенді қайталау

Жалпы мақсаты: Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Әр түрлі...
Астана-бас қала. Тасымал

Астана-бас қала. Тасымал

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Аубакиров Ж. О. М. Мұғалімі: Мырзаева Раушан Шахабаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×