Сайтқа кіру Тіркелу

Оқытудағы критериалды бағалау коучинг

Тақырып: Оқытудағы критериалды бағалау
Сілтеме 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Презентация «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Жалпы мақсаты Мұғалімдерге түрлі бағалау тәсілдерін анықтауға көмектесіп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға бағыттау.

Күтілетін нәтижесі 1. Тапсырмалар арқылы критериалды бағалаудың маңыздылығын меңгереді.
2. Өзін – өзі бағалау, жұптық бағалау, топтарды бағалау – бағалаудың түрлерімен таныса алады. 3.
Түйінді идея Мұғалімдердің оқыту үшін бағалаудағы табыс критерийлары арқылы оқудың одан әрі сапасын көтеру.

Ресурстар Интерактивті тақта, А4 қағаздары, түрлі – түсті маркер, бейнебаян.

Оқыту әдістері АКТ, жеке, жұптық, топтық жұмыс, диалогтік оқыту, рефлексия, бағалау.
Коучингтің өтілу кезеңдері
Психологиялық ахуал 2 мин
Тренинг «Менің әріптесім»
Мұғалімдер шеңбер жасап тұрады. Біреуі бір адам тастап келесі әріптесінің жақсы қасиетін айтады.
Топқа бөліну 2 мин «Өз затыңды тап» Коуч мұғалімдердің бір затын алып пакетке салып араластырады да, 3 топқа тең бөліп қояды. Мұғалімдер өз заттары тұрған партаға отырып, 3 топқа бөлінеді
Миға шабуыл 10 мин «Алманы сипатта»
І. Оқу үрдісінде бағалау керек пе? Не үшін керек?
ІІ. Сіз сабақта бағалаудың қандай түрін қолданасыз?
ІІІ. Сіз сабақта нені бағалайсыз?
- Бағалау деген не? Алманың түрін, түсін, сапасын сипаттайды
Мұғалімдер сұраққа жауап береді.
Коучинг тақырыбын шығарып алады.
Жеке, жұппен, топта талқылап ортаға шығып постер қорғайды. Ортақ ереже шығарады.
Теориялық материал 5 мин «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі туралы презентация жасау Сұрақ – жауап арқылы түсінеді
Жеке жұмыс 5 мин Өз еркімен сурет салуды тапсырады Өздері еркімен кез – келген сурет салады
Бағалау 3 мин Салған суреттері бойынша өзін – өзі бағалау, бірін – бірі бағалау, топтарды бағалау тапсырылады. 1. Өзін – өзі
2. Көршілерін
3. Топтар алмасып бағалайды
Критерий бойынша бағалау 3 мин Салған суреттерін критерийлер арқылы бағалау талап етіледі. Дайын критерийлер арқылы өзін - өзі, бірін – бірі топты бағалайды.
Сергіту сәті 5 мин Ұлттық билер Әр ұлттың ұлттық билерін билейді.
Бейнебаян 10 мин Дубайдағы «Биші су бұрқақ» - осы көрініс сіздерге қалай әсер етті? - Өзің қалай бағалар едің Бейнебаянды көру арқылы алған әсерлері туралы шағын эссе жазады. «Ыстық орындықта» оқиды
Қорытынды 5 мин 6 қалпақ әдісі арқылы коучингті қорытындылау Ақ қалпақ – ақпараттар, цифрлар, нақты деректер
Сары – сенімділік
Жасыл – жаңалық
Қара – теріс жақтар
Қызыл – эмоциялық сезім
Көк – қорытынды идея
Бағалау 5 мин «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» Топ мүшелері бірін – бірі бағалайды
Рефлексия 5 мин «Ыстық орындық» әдісі Әр топтан 1 мұғалім ыстық орындықта отырып бүгінгі коучингтің сәтті, сәтсіз жақтарын айтады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Мақсаты: Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру....
Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару

Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару

Бәрі: Түбірдің мәнін таба біледі. Көбісі: Квадрат түбірдің қасиеттерін ескеріп көбейткішті түбір таңбасының алдына шығара біледі. Кейбірі:...
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

Шепенова Ләззат Сабырқызы №30 орта мектеп...

"Диалогтік оқыту дегеніміз не" коучинг

СКО, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, «Парасат» мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Светлана Кажаевна...
Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану

Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану

Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×