Сайтқа кіру Тіркелу

Төрт түлік туралы жырлар. Торы құлын. Сиыр. Қой. Ешкі

Жалпы білім беретін Өркен орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Мағданова Ақсауле

Әдебиеттік оқу 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар. Торы құлын. Сиыр. Қой. Ешкі
Сілтеме оқулық
Сабақтың мақсаты: Оқушылар түрт түліктердің түрлері мен танысып, оның пайдасын, ерекшелігін бір бірінен ажырата алады
Сабақтың міндеттері: 1. Білімділігі: оқушыларға төрт түлік малдың төлдерінің атауларымен таныстыру, төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Төрт түліктің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар түрт түліктің түрлерімен таныса отырып, оның пірімен, пайдасымен, дыбысталуымен танысады, біледі, ақпар жинайды
Тапсырмалар: «Нақты жауап айдары», «Кім жылдам?» Сөз жұмбақты шешу, «Ойлан, бірік, бөліс» «Екі жұлдық, бір тілек», топтық жұмыс жүргізу.

Түйінді идеялар: Топтық жұмыс арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алады
Кейінгі тапсырмалар: Жаттау, сурет салу, ақпар жинау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой – қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу. интерактивті оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ротация, swot әдісі
Пайдаланылатын ресурстар: Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері

Сабақтың мұғалімнің жазба жұмыстары
Мұғалімнің іс әрекеті
Ұйымдас тыру
Оқу құралдарын жинақтау,
Орындарына отырғызу
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.

Үй тапсырмасын тексеру
«Бесік жыры»өлеңін жатқа 1оқушыдан жатқа сұрайды

Үй тапсырма сын бекіту
«Кім жылдам?»
Сұрақтарды тақтадан беріледі:
1) Өлеңде анасы баласын қалай жұбатады?
2) Бесіктің қандай пайдасы бар?
3) Анасы баласын кім болғанын қалайды?
4)»бесік жырын» қай уақытта айтады?
5)»көп қиыннан өтерсің» жолды қалай түсінесіңдер?
«Сөз жұмбақ»
Көбейту кестесін жатқа білетіндіктен мына өрнектердің мәнін тапсаңдар артында сөз жасырылған, соны табуларың керек.
Төрт түлікке нелер жатады?
Олар қандай жануарлар?

Жаңа материалды түсіндіру
«Ойлан, бірік, бөліс»
Сұрақтар қою:
1) өздерінің тобындағы түліктің пайдасын жаз, одан не алынады,?
2) қалай дыбыстайды?
3) оның пірін ата?
4) оның төлін ата
5) оны қалай шақырады?
6) оның топ болып жайылуын қалай атайды?
7) одан алынатын тағам, сусындарды ата?
8) мақал жазу

Малды шақыру
Түйені – «көс – көс»
Жылқыны – «құрау – құрау»
Сиырды – «ахау – ахау»
Қойды – « пұшайт – пұшайт»
Ешкіні «шөре – шөре» деп шақырады
Түліктің пірлері:
Жылқы иесі – Қамбар ата
Түйе иесі – Ойсыл қара
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Қой атасы – Шопан ата
Ешкі иесі – Сексек ата деп аталады.
Мақал – мәтелдер
1. Түйе атасы – нар
2. Ат – адамның қанаты
3. Мал бақсаң – сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан
4. Мал өсірсең, қой өсір, Өнімі оның көл – көсір. 5. Ешкілі қой өрлеген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×