Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы,
Покровка орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: "Кітапты күте білесің бе?"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кітапқа байланысты сөздік қорын байыту. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін ажырата білгізу.
Дамытушылық: Оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, сауатты жаза білу қабілетін дамыту. Мәтінді сауатты түрде құрастыру қабілеттерін дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұқыптылық, тазалық дағдыларын қалыптастыру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Кітаптың қажеттілігіне көз жеткізу. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
Сабақтың ресурстары: маркер, плакат, фломастерлер, тапсырма парақтары. Бағалау парақтары. Плакат, грамматикалық кестелер, сөздік.
Күтілетін нәтиже: Сабақты қорытындылай келе, мінсіз топтағы және мінді топтағы оқушылар кітапты күтіп ұстау (еске сақтау) ережесін құраулары
қажет. (Памятка)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме? Бүгін аптаның қай күні? Сыныпта кім кезекші? (1 мин)
2. Оқушылар, кәне шаттық шеңберін құрайық! (1мин)
Қошемет (комплимент) бір - бірімізге жасайық! (2 мин)
Мысалы: Павлик, сен ерсің. Кристина, сен ақылдысың.
3. Топқа бөлу.
Әр оқушы дорбадан сөз тіркесін алып, сөз тіркесінің мағынасы арқылы топқа бөлінеді. Яғни сөз тіркесінің мағынасы не мінсіз, не мінді топқа бөлінуін қажет етіп тұр. Мысалы: кітапты жыртады, кітапты кірлетеді. 2 - топтікі кітапты жыртпайды. Кітапты кірлетпейді. Осындай сөз тіркесінің мағынасы арқылы оқушыларды мінді және мінсіз топқа бөліп аламыз.
Қолына тиген сөздерді әрбір оқушы сөздік дәптеріне жазып, аударып, мағынасын түсініп алады.
Лидер, тайм спикер, секретарь, спикер болып (1 минутта) қызмет тағайындайды, 3 топ ережесін құрады ( 3мин)
4. Миға шабуыл: (4 мин)
Құрмалас сөзі қалай орыс тіліне аударылады?
Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері болады?
Қыс келсе де, қар жаумады. (Бұл қай сөйлем түрі?)
Сабақты жақсы оқу үшін, күнде сабаққа дайындалу керек!
5. Жаңа тақырыпқа кіру: Балалар, оқулықтарыңа қараңдаршы! Оқулықтарың қандай жағдайда?
Қалай ойлайсыңдар неліктен мен осының бәрін сұрадым?
Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі тақырыбымыздың аты:
"Кітапты күте білесің бе?" деп тақтаға жазайық!
3. Үлестірмелі мәтін беріп, оны өздері дауыстап оқып, сөздікпен бірлесіп жұмыс жасаймыз! Даяр сөздікпен мәтінді оқушылар аударады, содан кейін оқушылар даяр сөз тіркесті аудармамен мәтінді өздері құрайды. Даяр тұтас мәтін 2 абзацты болғандықтан, қайшымен бөлемін, жартыға бөлген әр абзацқа сұрақтар құратам. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін айқындайды. Оны әрбір топ спикері дауыстап оқып, дәлелдеп береді.
Мысалы: «Кітапты таза, ұқыпты ұстағандықтан, келесі жылғы оқушыларға да жарамды болады. (Себеп - салдар сабақтас құрмалас сөйлем.) (10 мин.)
4. Постер құрау. I топ: Мінді оқушы кітапқа қалай қарайды?
II топ: Мінсіз оқушы кітапқа қалай қарайды? (5 мин.)
Постерді қорғау 3 минуттан, 3 минуттан барлығы (6 минут)
5. Оқушылар бір - бірін бағалайды: (2 мин.)
№ Оқушының аты -
жөні №1
Тапсырманың
бағасы №2
Тапсырманың
бағасы №3
Тапсырма - ның бағасы
5. Қай топ кітапқа байланысты 4 жолды өлеңді шахматтағы аттың
жүрісімен, дұрыс құрап алады?! (4 мин.)
1. Кітап
шашады.
береді,
нұрын
айтады,
білім Талай
Бізді
жақсы Білім
ақыл көреді.
Жауабы: (Кітап білім береді,
Бізді жақсы көреді.
Талай ақыл айтады,
Білім нұрын шашады.)
5. Үйге тапсырма беру: Кітапқа байланысты 4 сөйлем құрау.(1 мин.)
Кітапқа байланысты мақал - мәтелдерді қолданып әңгіме құрату.
6. Сабаққа рефлексияны стикерге жазу: «Сабақтың қай кезеңдері ұнады, қай кезеңдері әлі де қарастыру керек» деп, оқушылар бәйтерек ағашына стикерді іліп кету қажет.
Кітапты күте білесің бе?
- Almas71212
- 10 ақпан 2017
- 1703
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кітапты таза ұста, сабақтас құрмалас сөйлем түрлері
Ұқсас жаңалықтар:
Құрмалас сөйлем (10 – сынып)
Қостанай облысы, Денисов атындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Амантаева Найля Сейткалиқызы...Абайдың мұражай-үйі
Мақсаты: Оқушыларды Абайдың мұражайымен таныстыру, әр түрлі әдістер арқылы сөз байлығын тексеру, өз ойларын, пікірін еркін айта беруге, сабақтас...Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...Екі жартыдан тұратын бала. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі...Кітап дүкенінде. Кітап оқу - өнер
Қарағанды қаласы, №20 орта мектебі, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Асанова Гульмира Сейсембаевна Сабақтың мақсаты: Білімділік – кітап туралы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.