Сабақтың тақырыбы: Менің отбасымнан алған тәрбием. Себеп салдар салалас құрмалас сөйлем.
Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға отбасы туралы түсінігін қалыптастыру, отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету, әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру.
Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын, шеберліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Ой - өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, топта жұмыс жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды сауаттылыққа, үлкендерді сыйлауға, жинақылыққа бірін - бірі тыңдауға, қадірлеуге, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа, жан - жақтылық қасиеттерін шыңдау арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілік: слайд, суреттер, мақал - мәтел,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, тірек - сызба,
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін,
Баршаңызға
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
— Балалар бүгін біз де күндей жадырап, бір - бірімізге шын жүрегімізден сабағымызды бастамас бұрын жақсы тілектер айтайық. Мен сіздерге жадыраған күндей жақсы көңіл тілеймін, ал сендер ше, бір - біріңе не тілейсіңдер?
І. Мотивациялық кезең.
— Жұмбақ жасыру:
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәрі - де өз жұртың
Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
- Осылардың бәрін бір сөзбен отбасы дейміз.
Сабақтың мақсат - міндетімен түсіндіру.
- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Менің отбасымнан алған тәрбием», олай болса бүгінгі сабағымызға белсене аралауға шақырамыз.
2. Үй жұмысын тексеру. 3 - тапсырма. "Айрандай ұйыған" тақырыбына шағын шығарма. 1 - 2 оқушы оқиды.
3. Ой толғау.
«Өзіңнің отбасың туралы айтып бер»
Оқушылардың ойын талдау.
4.«Білгенге маржан, білмегенге арзан»
— Отбасы туралы мақал - мәтел айту.
5. Жаңа сөздермен танысу.
тікелей - прямой
үрім - бұтағы - поколение
қамқорлық - забота
міндетті - обязаны
құқықтық - правовой
6. Мәтінді түсініп оқы, мәтінге сұрақтар құрастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата - ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата – әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Дәстүрлі қазақ отбасында ата - ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім - бұтақтары ата аналарын қартайғанда, қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата - аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым - қатынастары заң түрінде бекітілген. Ата - аналар балаларының тәлім - тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке - шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
7. Сергіту сәті.
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым – атам.
Балаң үйрек - апам.
Ортан терек – ағам.
Шылдыр шүмек – мен.
Кішкене бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз
8. Қосымша мәлімет. Есіңде болсын!
а) 2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды.
ә) 2013 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтті.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Ел Президенті мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отыр.
9. "Отбасындағы тәрбие","Менің отбасымнан алған тәрбием."жайлы диалог құрастыру.
10. Себеп салдар салалас құрмалас сөйлемді қайталау.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Жалғаулықтары: сондықтан, себебі, өйткені, неге десең;
Тапсырма. Сызба негізінде "Отбасындағы тәрбие" тақырыбына сөйлемдер құрастырыңдар.
1. [ ― ꞊꞊꞊꞊], сондықтан [ ― ꞊꞊꞊꞊].
2.[ ― ꞊꞊꞊꞊], себебі [ ― ꞊꞊꞊꞊].
3.[ ― ꞊꞊꞊꞊], өйткені [ ― ꞊꞊꞊꞊].
4.[ ― ꞊꞊꞊꞊], неге десең [ ― ꞊꞊꞊꞊].
Берілген бір тақырыпты таңдап алып, осы тақырыпқа шағын эссе жазамыз.
1) Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
2)«Үйінде бақытты адам - ең бақытты адам» деп Лев Толстой айтқандай.
3)"Ата - бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі". А. С. Пушкин
Қорытындылау.
- Саған отбасында қандай тәрбие береді?
- Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады, кім айналысу керек?
- Қазақ отбасында әке мен шешенің орны қандай?
- Отбасындағы тәрбие жайлы біз қандай мақал - мәтелдер білеміз?
Үй жұмысы: "Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер" мақалының мағынасын ашып, шағын шығарма жазу
І топ
Отбасымыз, бұл, біздің.
Бар, менің, інім.
Ертегілер, ініме, мен, оқимын.
Жақсы, отбасымды, мен, көремін.
ІІ топ
Шағын, отбасым, менің.
Сыныпта, үшінші, мен, оқимын.
Әдемі, менің, анам.
Отырмын, сабақ, оқып, мен.
ІІІ топ
Оқып, газет, отыр, атам.
Үйім, үлкен, менің.
Маржан, аты, анамның, менің.
Он, әпкем, төрт, менің, жаста.
ҮІ топ
Мектепте, әпкем, менің, оқиды.
Інім, кішкентай, бар, менің.
Апарады, әжем, мектепке, менің, мені.
Жақсы, атам, мен, көремін, әжемді, мен.
Мұғалімнің аты - жөні: Орынбаева А. А.
Менің отбасымнан алған тәрбием. Себеп салдар салалас құрмалас сөйлем.
- aiboll
- 18 қаңтар 2017
- 11831
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің отбасы, тәрбие, ашық сабақ қазақ тілі, себеп салдар салалас құрмалас сөйлем
Ұқсас жаңалықтар:
Мен және менің отбасым
«Даулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» - демекші, білім мектептен, тәрбие бесігі отбасынан басталады. Отбасы - махаббатқа, бақытқа, қуанышқа,...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу,...Отбасы. Сенің отбасың
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Орынбасарова Нұргүл...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
ШҚО, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқынбаева Меруерт Бейсенбекқызы...Себеп-салдар салалас
СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.