I.Кіріспе
Қазақ халқының іргелі атрибуттары бір өзінің болмысынан толық табылатын Бауыржан Момышұлы медицина институтының студенті, оқытушы, экономист, милиция бөлімінің бастығы, Қазақ ССР Соғыс комиссариатының қызметкері, армия генералы, соғыс өнерінің теоретигі сияқты қызметтерде болып, өз еліне, Отанына адалдығын көрсетті. Сұрапыл соғыстың алғы шебінде оның ыстық, суығын басынан кешірді. Жауынгерлердің қайнаған ортасында жүріп, олармен бірге Отан қорғау деген қасиетті борышты орындауда ұлтжандылықтың, ұлттық мақтаныштың шын мәнінде не екендігін іс жүзінде көрсетті, дәлелдеді. Соғыс өнерінің майталман шебері дәрежесіне көтеріліп, оның стратегиясы мен тактикасының теориясын жасады.Соғыстан кейін бейбіт өмірде жазушылықпен айналысып, кейінгі жас ұрпақты туған жерге, туған елге шынайы берілгендік рухында тәрбиелеуге атсалысатын тамаша шығармаларды дүниеге әкелді.
Бауыржан Момышұлының «ел» ұғымында толымды, жинақы, тұтас бейнесі қалыптасқан. Ол-соғыста да, бейбіт өмірде де адалдықты, әділдікті, туралық пен шыншылдықты ту етіп көтерді. Қулық, сұмдық, екіжүзділік, жағымпаздық, жалқаулық, қорқақтық, атаққұмарлық, дүниеқоңыздық секілді пендешіліктерге жан-тәнімен қарсы тұрды. Өйткені, құмарлыққа айналған жат әдет, арам пиғылдардың бәрі де түптің тереңінде әділеттілікке, адалдыққа қарсы ашық шабуылға көшетіні, сөйтіп, айдай әлемге өз үстемдігін орнатқысы келетіні анық емес пе? Ал мұндай әдет-пиғылдарға арыстандай ақырып қарсы шығу батыр болмысқа тән қасиет.
Бауыржан Момышұлы қазақ бауырларынан жырақ аймақтарда көп қызмет етіп, басқа ұлттардың өкілдерімен көп араласып, олардың ұлттық ерекшелігімен етене таныса отырып, қазақ халқының ұлылығына, дархандығына, тәкаппарлығына, сонымен қатар, мейірімділігіне көз жеткізді. Ұдайы өзін - өзі басқалармен салыстырып, екшеп, таразылап отырғандықтан, басқалар күнделікті өмірде көп мән бермейтін көптеген ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін ішкі жан- дүниесімен сезінді.
Автор: Жұбатханова Камшат
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ұлтжандылық мәселесі
- zhubathanova
- 14 мам 2012
- 6341
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ғылыми жоба, Бауыржан Момышұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» 2-сынып, 4-сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік: батырдың балалық шағы, жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шығуға мүмкіндік...Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982)
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым...Естен кетпес отты жылдар
Аға - апаларымыздың елін, жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту....«Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы
Сабақтың мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармаларымен таныстыра отырып, Балалық шағының көрінісін әңгімелеу....Ер есімі - ел есінде
Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.