Сайтқа кіру Тіркелу

Абай және оның әндері

№7 орта мектебі
Өткізген: А. М. Куламанова

10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай және оның әндері
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орын, әндерінің ерекшелігі туралы жан – жақты білім беру.
Б) тәрбиелік: Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
В) дамытушылық: Абай әндерін, өлеңдерін талдау арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту, әннің тылсым сырларын ұға беруге талаптандыру. Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: топқа бөлу, бағдаршам әдістемесі, «карта» әдістемесі, алақұлан әдістемесі
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы, әндері, кеспе қағаздар, Абай өміріне қатысты видеоролик.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
o Сыныппен амандасу;
o Оқушылардың бір - бірімен амандасуы;
o Көңіл - күйлерін сұрау;
o Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма:
1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан «5» карталық тест құрау
2. Абай Құнанбаев туралы ақын - жазушылардың пікірі
Олай болса оқушылар шаттық шеңберіне шығып, «Жүректен шыққан жылы сөз» тренингіне қатысайық. Тренингтен кейін оқушыларды топқа бөлу, туған күніне қарай
1 – 10, 10 – 20, 20 – 31 үш топқа бөлу. (Біреу Абайды ақын, біреу Абайды лирик т. с. с десе енді біз Абайды әншілік қырынан танысақ).
1. «Желсіз түнде жарық - ай»
2. «Көзімнің қарасы»
3. «Қараңғы түнде тау қалқып»

ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.
Оқушылар не себепті сіздерді бұлай топқа бөліп отырмын білесіздер ме, бұл тақырыптар сіздер үшін қандай ой туғызады?
Абай әндерінің тізімі:
1. «Сегіз аяқ».
2. «Бойы бұлғаң».
3. «Қор болды жаным».
4. «Көзімнің қарасы»
5. «Желсіз түнде жарық - ай».
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.
Видеофильмнен үзінді.
Әр топқа шығармашылық тапсырма:
«Желсіз түнде жарық - ай»
«Көзімнің қарасы»
«Қараңғы түнде тау қалқып»
1. Әннің шығу тарихы
2. Әнге сахналық қойылым, әнді орындау

Абай табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өміріне арнап жырға қосты. Табиғат, махаббат сырына арналған әні «Желсіз түнде жарық ай». Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған. Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді, көңіліңе қона кетеді.

«Қараңғы түнде тау қалқып»
Абайдың 1892ж. М. Ю. Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтан тұрады, барлығы 8 жол. Өлең - Абай аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі. Лермонтов бұл шағын өлеңді 1840 ж. неміс тілінен тікелей тәржімалаған. 1780 жылдың күзінде Кикельхан шыңына жаяу сапар шегіп, И. В. Гете шың түбіндегі аңшы үйінің қабырғасына қарындашпен небәрі сегіз жол өлең жазады. Бұл кейін бүкіл дүние жүзіне танымал болған, сан - алуан тілдерге аударылған әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» еді. Бұл лирикалы - философ. миниатюраның негізгі түйіні, әлеуметтік мәні мен астары, көркемдік құдіреті аса тереңде жатыр.
«Көзімнің қарасы» – Абайдың 1891 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 22 шумақтан тұрады. Ақын шығармаларының өзекті тақырыбы - махаббат мәселесі бұл өлеңінде ерекше ыстық сезіммен, Абайға тән шеберлікпен өрнектеледі
«Бағдаршам» әдістемесі арқылы бірін – бірі бағалау.
Жасыл – ризамын
Сары - орташа
Қызыл – ұнамады

Сабақты бекіту: «Алақұлан» әдістемесі арқылы сабақты бекіту.
Ақ және қара сызықтары арқылы сабақты түсінген түсінбегендіктерін білу.

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

IV Үйге тапсырма беру:
1. «Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» ой толғау жазу.
2. Абай әндерінің аударма нұсқаларын тауып, оларды орындау. Видеоролик көрсету.

V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×