Сайтқа кіру Тіркелу

Буын түрлері

ШҚО, Үржар ауданы,
Келдімұрат ауылы, Благодарное орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садвакасова А.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту.
3. Тәрбиелік: жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызба, плакат, үлестірмелі қағаз.
Сабақтың әдісі: Проблемалық әдіс, түсіндіру, оқу, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1.) оқушылармен амандасып, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
2.) сабақтың ұранымен таныстыру.
Зейін қойсаң - ұғарсың,
Ізденсең - табарсың,
Талаптансаң - жетерсің.
3.) оқушылардың психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау мақсатында «Сәлемдесу» тренингін өткізу.
Оқушылар қарама - қарсы тұрып, мұғалімнің нұсқауын орындайды.
Қазақтар қол алысады.
Италияда құшақтасады.
Бразилияда бір - бірінің иығын қағады.
Никарагуада бір - бірінің арқасын тигізеді.
Зимбабведе шынтақтарын тигізеді.
Австралияда шапалақтап, секіріп, бөкселерін тигізеді.
4) Жаттығу сәті. Оқушылар іс қимылдар арқылы көрсетеді.
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Өтірік айтпайсыңдар ма?
Екілікке не дейміз?
5. Сабақтың оқушыларға тақырыбы мен мақсат - міндеттерін айту. Бүгін сабақта мына кезеңдер бойынша жұмыс жүргіземіз.

І. «Қайталау – оқу анасы»
ІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»
ІV. «Кітап - досың, ақылшың»
V. «Сөзден сөз»
VІ. Біліміңді байқап көр.
Топқа бөлу. «Ашық буын», «Тұйық буын», «Бітеу буын»

I. Кері байланыс.
а) «Қайталау - оқу анасы» Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы сұрау.
1. Фонетика дегеніміз не?
2. Дауысты дыбыс дегеніміз не?
3. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
4. Дауысты дыбыстардың тілдің, жақтың, езудің қатысына қарай қалай бөлінеді?
5. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.
6. Буын дегеніміз не?
б) Жаттығу жұмысын тексеру. (метаграмманы шешіп, сөздерді буынға бөлу)
1. «Б»- дан егер бастасаң,
Туысыңмын ардақты.
«Б»- ны сызып тастасаң,
Бола қалам салмақты.
(Бауыр - ауыр)

2. Егер «Қ»- дан бастасаң,
Түстердің мен бірімін.
«Қ»- ны алып тастасаң,
Құрал - сайманның бірімін.
(Қара - ара)
Жаңа сабақ. Буын түрлері

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.
Буынның түрлері
1. Ашық буын
Қа - ла, да - ла, ата, ша - ға - ла.
2. Тұйық буын.
Мысалы: ұл, ұн, ант.
3. Бітеу буын.
Мысалы: дос - тық, жаз, күз - дік, мал.
Сызбамен жұмыс. Әр топ өзіне тиісті сызбаға мысал жазады.

Сергіту сәті. «Мен қазақпын»
І. «Тапқыр болсаң, тауып көр» Семантикалық картамен жұмыс
ІІ.«Ойлы болсаң, озып көр» графикалық диктант сызу.
ІІІ.«Кітап – досың, ақылшың» Оқулықпен жұмыс
а) 302 – жаттығу (жазбаша)

ІV. «Сөзден сөз...» Сөздердің соңғы буынынан жаңа сөз құрап айту қажет.
Мысалы: Кітап - тапқыр, дәптер - терек, телефон - фонетика, алма - мақал, т. б.

V. Сабақты қорыту кезеңі.
«Біліміңді байқап көр» Тест жұмысын шешу
1. Біріңғай бітеу буынды сөзді тап.
а) қаршыға б) қарға в) қасқыр д) қарағай
2. Ашық буынды сөзді тап.
а) ұлт б) әке в) аз д) жан
3. Бірыңғай жіңішке буынды сөзді тап.
а) жолдас б) әлдеқашан в) әріптес д) ғарышкер
4. Тұйық буынды сөзді тап.
а) ет б) ерте в) ана д) көр
5. Буынның неше түрі бар?
а) екі б) төрт в) үш д) бес
6. Аралас буынды сөзді тап.
а) ант б) қазақ в) баға д) тәртіп

VI. Үйге тапсырма: 308 - жаттығу.
VII. Оқушы білімін бағалау.
1. «Гүл шоғы кімде болар екен?» Топ басшысы түрлі - түсті гүлдерді өзінің тобындағы оқушыларға береді.

2. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға бағалау парағы бойынша бағаланады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×