Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы,
Большой Изюм орта мектебі КММ
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мулдашева Гүлнәр Бапанқызы
Абай Құнанбайұлы
1. Білімділік: Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын білу.
2. Дамытушылық: Абайдың өскен ортасы туралы айта алу. Оны шығармашылығы туралы айта алу, мәнерлеп оқу, жатқа айту, Оқушылардың өлеңді машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға Абайдың ұлылығын, оның поэзиясын тереңдігін сезіндіру, туған елін, Отанның сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету. Оқушыларға адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдістері: Топтастыру, баяндау, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, пікір айту
Көрнекіліктер: Абай портреті, Абай өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар,
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың интеллектуалдық ойынға психологиялық дайындығы. Өз тобының таңбасын жасап келу. Әр топ өзінің атын және ұранын айтуға тиіс. Топтар қолбасшыларын тағайындайды.
Синквей әдісі бойынша оқушылар 4 топқа бөлінді 1 топ: Достық. 2 топ: Үміт. 3 топ Әлем. 4 топ Жұлдыз
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы. Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сайыс сабағымызда ізденушілік, қорытындылау сабақ ретінде.
Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық. Сайыс бес белестен тұрады.
1 белес «Көркем сөз» сайысы 5 ұпаймен бағаланады. Үйге берілген тапсырма
Әрбір топ өздерінің «Абайды біз кім деп танимыз?» тақырыбында дайындап келген ақпаратты айтып береді.
2 белес. «Бәйге» 5 ұпаймен бағаланады
Әр топтың қолында кәртішкелері болады. Қай топ бірінші көтерсе, сол жауап береді. Егер бірінші топ жауап бере алмаса, келесі топ жауабын айтуына болады. Бұл турға 19 сұрақ қойылады.
1. Абай Құнанбаев -..................
2. Қай жерде дүниеге келген...............,
3. Ол қай жылы туылған..................
4. Алғаш хат таныған.......................
5. Абай оқыған медресе....................
6. Абайдың шын аты....
7. Абайдың арғы атасы....................
8. Өз әкесі...
9. Абайдың шешесі............... әжесі.................
10. Абайдың әкесі Абайды.........................
11. Абай оқыған шығыс ақындары.......................
12 Абай дос болған орыс демократ ғалымдары.........................
13. Абай шығармаларын оқыған философтар.........................
14 Абай шығармаларын оқыған орыс жазушылары мен ақындары..........
15. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы көркем өлеңі..................
16. Ол қай жылы жазылған..................
17. Абай оқыған орысша журнал.................
18 Абай рухани байлық алған үш саласы.....................
19. Қай жылы дүниеден озды?...............
Жүргізуші: 3 - ші белес «Поэзия сәтіне» кезек береміз
Интерактивті тақтада өлең жолдарынан үзінді берілді, әр топтан бір оқушы ақынның ұнаған өлеңінің жалғасын табады. Тур 5 ұпаймен белгіленген.
Күтемін сізден қайта хат,
Қуандырып, дертім жаз.....
***
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.....
***
Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы....
***
Ақындық жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға....
***
Интерактивтік тақта арқылы өлеңдердің жалғасын табу.
Ол болмаса, шыныңды айт, кінә өзімде, өзіме аз; үсті басы, ақ қырау, түсі суық,
басқан жері сықырлап келіп қалды; іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысын, қазақтың келістірер қай баласы; өлең сөздің патшасы, сөз – сарасы; ұстаздық қылған жалықпас
үйретуден балаға
4 белес «Кім жылдам?» тақырып бойынша сөздерді табу
Жүргізуші: Ойымызды жылдам және нақты жеткізуге тырысайық осы тапсырмаға 40 секунд беріледі
Р Қ Ы С Ж Р Ы
У Ы Х З П Е В
С С Г Е О Б Т
С О К Р А Т Е
К Д Ұ Е Р Ө К
И Б Р А Һ И М
Й Ө Л Е Ң И М
В Е С Т Н И К
5 белес «Жорға сайысы» әр топтан бір сайыскер шығып, берілген сұрақтарға қанша жауап берсе сонша ұпай жинайды.
Бірінші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Абай шешесінің аты?
2.. Абай қай жылы туды?
3. Қай жерде туды?
4. Әкесінің аты кім?
Екінші сайыскерге қойылатын сұрақтар
1. Абайдың орыс достары кімдер?
2. Абай қанша нәрседен қашық болуды нұсқайды?
3. Абайдың шың аты?
4. Абай қанша нәрсеге асық болуды нұсқайды?
Жүргізуші: Сонымен балалар сайыс сабағымыз аяқталды. Ойынның қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз. Әділқазылар қорытынды шығарып, жеңген топты марапаттау қағаздарымен мадақтайды.
Мұғалім:
Парасатты болып туған
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған
Қазағымның Абайы
Ақылмен дана болған
Бүкіл әлем Абайы
Мінекей осылайша бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Осы сайыста сендер өздерінің алған білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Сайыс болғаннан кейін жеңген де болады, жеңілген де болады. Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап, биіктерден көрінетіндеріңе тілектеспін. Сау болыңыздар.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
- Muldasheva
- 6 ақпан 2016
- 3418
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ұқсас жаңалықтар:
Абай - дана, Абай - дара қазақта
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы...Абай Құнанбаев "Күз"
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы білім беру орта мектебі Сангожина Шолпан Советовна...Абай өмірі мен шығармашылығы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Көксарай елді-мекені Ергөбек негізгі орта мектебі Мамахова Гульмира Жолдасбекқызы...«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» (Абай Құнанбаев шығармашылығын қай ...
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова...«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.