Сайтқа кіру Тіркелу

Мектеп кабинеттері. Антоним

Қостанай облысы, Қостанай ауданы,
Мичурин ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баймуханова Гулмиран Абилхановна

Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мектеп кабинеттері. Антоним
Білімділік мақсаты: Мектеп кабинеттері туралы түсінік беру, антоним ережесімен таныстыра отырып санада бекітуге, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу, сабаққа белсендігін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс.
Пәнаралық баланыс: орыс тілі, музыка, сурет.
Күтілетін нәтиже: грамматикалық және лексикалық тақырыптарды
меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: слайд, балық, теңіз, бағалау парақшасы, жәрмеңке заттары, сабақтың эпиграфы, сабақтың құрылымы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: ( Психологиялық дайындық)
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз.

Үйге қандай тапсырма берілді? ( 1 тапсырма «Кезекші» жаттау), синоним ережесі, мысалдар.
“Жәрмеңке” сабағы арқылы үй тапсырмасын тексеру;
♠ “Балық аулау” ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту;
♠ Жаңа сабақты түсіндіру;
♠ “Қыз қуу” ойыны арқылы 6 - шы тапсырманы орындау;
♠ “Тапқыр болсаң, тауып көр” ( берілген сөздердің антонимін табу);
♠ “Есте сақтау” диктантын жатқа жазу;
♠ Сергіту сәті: “ Ұшты - ұшты не ұшты?” ойыны;
♠ “Бәйге” ойыны арқылы мақалдардың жалғасын табу;
♠ “Көкпар” ойыны арқылы қорытынды сабақ: “ Өз біліміңді тексер”.
♠ Үй тапсырмасы;
♠ Бағалау.

1. “Жәрмеңке” сабағы арқылы үй тапсырмасын тексеру;
Үй тапсырмасы әр оқушыдан жеке - жеке сұралады.( оқушылар өз білімдеріне сай «Жәрмеңке» заттарын сатып алады).

2. “Балық аулау” ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту;
1. Синоним дегеніміз не?
2. Синонимге мысалдарды кім тез айта алады?
3. “Алыс” сөзінің синонимі.
4. “Амандасу” сөзінің синонимдерін кім тез айта алады?

3. Жаңа сабақты түсіндіру; Мектеп кабинеттері. Антоним
Мектеп кабинеттері туралы слайд көрсетіліп, түсінік беріледі.
Антоним - мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер.
Мысалы: биік - аласа, кең - тар, ерте - кеш, ұзын - қысқа.
Антонимы - это слова противоположности по значению. Например: высокий - низкий, широкий - узкий, рано - поздно, длинный - короткий

5.“Қыз қуу” ойыны арқылы 6 - шы тапсырманы орындау;

6.“Тапқыр болсаң, тауып көр” ( берілген сөздердің антонимін табу);
• Жаңа - ескі,
• ақ - қара,
• салқын - ыстық,
• жақын - алыс,
• дос - дұшпан,
• жақсы - жаман.

7.“Есте сақтау” диктантын жатқа жазу;
Мектеп - кеме,
Білім – теңіз.
Сергіту сәті: “ Ұшты - ұшты не ұшты?” ойыны;

8. “Бәйге” ойыны арқылы мақалдардың жалғасын табу;
• Аз сөз алтын, көп сөз күміс.
• Көп біл, аз сөйле.
• Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
• Жаман достан жақсы дұшпан артық.

9.“Көкпар” ойыны арқылы қорытынды сабақ:“ Өз біліміңді тексер”.
• 1. Антонимнің ережесін кім айта алады?
• 2. Антонимге мысалдар келтіру.
• 3. Берілген мақалдан антонимді сөздерді табу. Көз – қорқақ, қол батыр.
• 4. Берілген сөйлемнен антонимді сөздерді табу.
• Ол бүгін – ертең келіп қалар.

10. Үй тапсырмасы;
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
“ Біздің мектеп” тақырыбында шағын эссе. Антонимді сөздер болуы керек.
11. Бағалау. « Бағалау парақшалары» арқылы оқушылардың білімдері бағаланады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×