Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты қалыптастыратын үлгі етерлік тұлғалар тарихымызда жетерлік. Соның бірі әрі бірегейі - Махамбет Өтемісұлы.
Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында Нарынның Бекетай құмында туған. Өтемістің он баласы болған. Соның бірі, яғни екіншісі Махамбет болған. Ол жас күнінде хан ордасында тәрбиеленген. Себебі, оның ата - тегі би болған. Кейін Махамбет халықтың мұңын, зарын көріп, жүрегімен жоқтаған. Көтеріліс бастағаны үшін, 1829 жылы абақтыға қамалады. Сол кезде көптеген көтерілісті бастаушы Исатай Тайманұлы болатын болса, қостаушы Махамбет болған. Махамбет 1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы Махамбет ауданы Қараой деген жерде орналасқан.
Махамбет - халық ақыны. Оның арманы - хан ордасын шабу, Баймағамбет сұлтанның басын алу, ең үлкен арманы - Ресейдің қол астында қалған Еділді қайтарып алып, оған ел қондыру, елді малға толтыру.
Еділдің бойы - ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім.- деп халыққа теңдік әперуді аңсайды.
Махамбет шығармаларының тағы бір қыры - образ сомдау шеберлігі. Шығармадағы Исатай батырдың, Жәңгір ханның Баймағамбет сұлтанның және өзінің - Махамбет ақынның - бейнелері жасалған. Яғни Махамбет - күреске шақырушы болса, Исатай Махамбет идеясын жүзеге асырушы, бірінің жолында екіншісі жан берген нағыз достықтың үлгісі екенін де айтқан жөн. Ал Махамбеттің Жәңгір ханға өткір өлең арнауының себебі, патшалы Ресейге адал қызмет етіп, халықты отарлық саясаттан қорғай алмауына байланысты. Не айтса да халық көкейіндегі сөзді айтты.
Толық нұсқасын жүктеу
Өр тұлғалы Махамбет
- baitemirova_ zhanat
- 15 қараша 2015
- 2485
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қақаз тілі мен әдебиеті қысқа мерзімді жоспар, өр тұлғалы Махамбет
Ұқсас жаңалықтар:
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі
Туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп - салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, Тастөбе түбіндегі шайқас оның...Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы
Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, мақсатын, тарихын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту Оқулық пен қосымша...М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,...Махамбет Өтемісұлына арнау
Сарсеков Жандос Бауыржанұлы Ақтөбе олыстық мамандандырылған физика - математикалық мектеп - интернатының 11 - класс оқушысы Махамбет Өтемісұлына...ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.