Астана қаласы,
№27 мектеп – лицейінің қазақ тілі мұғалімі
Құдайбергенова Шынар Мұқиятқызы
Тақырыбы: «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат»
Мақсаты: Оқушылардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, олардың ерекшеліктерін ұғындыру, ойыншықтардың атын атау арқылы тақпақтарын айтқызу, сипаттауға баулу, ғажайып сәттерді пайдалану арқылы олардың тілін, ой – өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту.
Әдіс – тәсілдер: Саяхат, түсіндіру, көрсету, баяндау психологиялық ойын – жаттығулар;
Мұғалім: Балалар, бүгінгі күнге тілегімізді айтайық:
- Еліміз аман болсын!
- Елбасымыз аман болсын!
- Досымыз көп болсын!
- Әрқашан күн сөнбесін!
«Көбелекті ұста» ойынын ойнайық.
Ойының шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады. Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
Сұрақтар:
1. Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
2. Күз айларың білесіңдер ме?
3. Күзде құстар қайда ұшып кетеді?
4. Күзге өлең тақпақ білесің бе?
Достар, біз бүгін «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат» жасаймыз. Сендердің ғажайып ойыншықтар әлеміне барғыларың келе ме? Онда ең алдымен саяхатқа шықпас бұрын, денемізді шынықтырып алайық!
(Жаттығулар)
Енді оқушылар, біз «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат» жасаймыз. Бүгін біздің сабағымызға аңдар да қонаққа келді.
- Амансыңдар ма, қонақтар!
Балалар аңдар да бізбен бірге ойыншықтар әлеміне барғылары келіп тұр.
- Сендер қиындықтардан қорықпайсыңдар ма?
- Жоқ!
- Онда балалар қандай көлік түрлерімен баруымызға болады.
- Барлығымыз автобусқа мініп жол жүреміз.
- Қанекей балалар, көңілді баруымыз үшін «Достар» әнін орындайық.
- Достар, біз бағдаршамға келіп тоқтадық.
- Бағдаршам, сен балаларды үйрет!
Оқушы:
«Бағдаршам»
Алма кезек үш көзін,
Айтшы деп ұқ үш сөзін
Тоқта
Сақтан
Жол ашық
Жүрме жолға таласып!
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сарын көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте берсін жасқанба!
- Міне, балалар, сендер естеріне сақтап алдыңдар!
- Енді түсіп, орманнан өтейік.
Ағаш кездеседі. Ағашта алтын сандық тұр екен. Ой, мынау алтын сандық қой! Алтын сандықта не бар екенін ашып көрейік. Ішінде суреттер бар екен. Кімде кім осы суреттер жайлы тақпақ, өлең айтса, оны «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхатқа» жібереміз дейді.
1 – Оқушы:
«Гүл»
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
2 – оқушы:
«Кірпі»
Кірпі, кірпі, кірпі,
Үстің толған ине.
Бірін берсең шіркін,
Қадар едім түйме.
3 – оқушы:
«Тиін»
Үлп – үлп еткен киімді,
Білесің бе, тиінді?
Көзі өткір жұлдыздай,
Жүні жібек құндыздай.
4 – оқушы:
«Алма»
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бар дәмін –
Желге сілкіп түсірсе,
Ісіп кетер маңдайым!
- Ой, бәрекелді
- Жарайсыңдар, балалар!
- Міне «Ғажайып ойыншықтар әлеміне» келдік.
Мына ойыншықтардың барлығы оқушылар үшін жасалған. Ойыншықтар пластмасса, резиналы және жұмсақ ойыншықты болып келеді.
- Оқушылар ойыншықтардың қандай түрлері бар екен?
«Мен қалай сеземін психологиялық ойын жаттығу».
Оқушылар ағаштан, пластмассадан, резинадан, жұмсақ материалдардан жасалған ойыншықтарды табу керек.
Ол қандай ойыншық екенін көзін жұмып, саусақпен зерттеу арқылы анықтап табу қажет.
- Жарайсыңдар, балалар!
Ойыншықтар, жәй ойыншықтар емес, құпиялы ойыншықтар. Сендер осы құпия сырын ашу үшін өздеріне ұнаған ойыншықтар туралы тақпақ, өлең айтуға болады.
«Ойыншықтар дүкені» сюжетті рөлді ойынын ойнайды.
Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат
- Шынара
- 7 қараша 2015
- 3291
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ғажайып саяхат сабақ, саяхатқа шығу
Ұқсас жаңалықтар:
«Сүйікті ойыншық»
Мақсаты: Білімділігі: Балалардың ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылығы: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту....Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету....Ойыншықтар
Тақырыбы: Ойыншықтар Мақсаты: Балалардың сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту, ойыншықтардың атын, түсін және қандай...Менің сүйікті ойыншығым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақшасының музыка жетекшісіҚұмарбаева Гүлнұр...Ойыншықтар бізде қонақта
№118 балабақша Төлепбекова А.А....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.