Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының «Соғыс»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Махамбет өлеңінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге, патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, тест парақтары, плакат, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантикалық карта, т.б.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу. Топтастыру,Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, сөздік жұмыс, ББҮ, Ой толғаныс
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, жаңа сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
А.Байтұрсынов «Егіннің бастары»
ІІІ. Жаңа сабақ Махамбет Өтемісұлы «Соғыс»
Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы не білетіндіктерін сұрау.
Топтастыру
«Жылдар сөйлейді» Хронологиялық кесте бойынша тоқталу
«Соғыс» сөзінің мағынасын ашу
Соғыс - деген сөзді естігенде еске не түседі? Қандай сезімде боласың? Соғыс сөзінің антонимі Бейбітшілік - деген сөзді естігенде қандай сезімде боласың?
Қарама –қарсы сөздерге байланысты дыбыстық әуенге назар сала отырып топтастыра отырып жазу
«Еңселігім екі елі» өлеңін мәнерлеп оқу
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталу. Ақын шығармаларында Исатай бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту. Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, көтерілістің мақсат-мұраты ақынның қандай шығармаларында көрінгендігін, сол шығармаларына сүйене отырып талдау жасау. Жырларда Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінгендігін айту.
Ерлікке, елдікке шақыратын өлеңдері:
Исатайға арналған өлеңдері
«Мұнар күн», «Ұлы арман», «Біртіндеп садақ асынбай», «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыз дүние», «О, Нарын!», «Исатай. деген ағам бар», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», «Мінген ер», «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай», «Исатай сөзі», «Арыстан одан кім өткен?
«Соғыс»өлеңін мәнерлеп оқу
І топ
Өлеңнен Исатайдың бейнесін, мінген атын суреттеген жолдарын табу.
ІІ топ
Исатай кім? Батыр туралы не білесіздер?
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Өлеңнен үзінді
Үзінді жайлы пікір
Өлеңді құрылысына талдау
Құдайлады хан ұлы 7 буынды а
Іздеген жауы біз болып 8 буынды б
Жау қарасы көрінді 7 буынды в
Жиылған әскербілінді 8 буынды в
Исатайдың сол күнде 7 буынды д
Ақтабан аты астында 8 буынды ж
Дулығасы басында 7 буынды з
Өлең 7-8 буынды, екі бунақты, аралас ұйқасқа құрылған.
Сөздік жұмыс
І топ
Берілген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Зығырданы қайнау, түніменен түйіну, таң атқанша тарану, он екі тұтам жай тартқан
ІІ топ
Қабырғасын қақыратқан, тебінгісін тесе атқан, тізгінінен кесе атқан.
«Венн диаграммасы»
Махамбет
Исатай
Махамбет күйі ойналады.
«5 жолды өлең»
1.Зат есім.- ақын
2.Сын есім - қайсар батыр
3.Етістік - сүйді, соғысты, күй шығарды, өлең жазды.
4.Пысықтауыш - Нарында шайқасты, елін қорғады, Отанын сүйді.
5.Түйін сөз: Ол Отанын сүйген жауынгер батыр ақын.
VI. Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытып, бекіту.
Исатай кім?
Махамбет туралы не білесіздер?
Махамбеттің қандай өлеңдері бар?
Махамбеттің арманы не?
Жүрегін ояту деген сөзді қалай түсінесіңдер?
«Ой толғаныс»
ББҮ кестесін толтыру
Білемін
Білгім келеді
Үйренгенім
Үйге тапсырма беру: Махамбеттің өзіңе ұнаған 5 өлеңін жаттап кел. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
- Бөбек
- 15 сәуір 2012
- 16699
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,...Тарланым
Қызылорда облысы, Жосалы кенті № 121 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Гулжанат...Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна..."Махамбет Өтемісұлының өлеңдері"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржаубаева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.