Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас.
Мақсаты
- білімділік: құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету.
- тәрбиелік: ұлттық салт - дәстүрді қадірлей білуге, еңбекті сүюге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.
- дамытушылық: ынта қойып тыңдау, жазу талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, қазақ әдебиеті
Пайдаланылған техникалық құралдары: интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқушыларды топқа бөлу
б) сабаққа назар аударту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
96 - жаттығу, мақалдың жалғасын тауып, салалас құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелі жай сөйлем жасау.
1. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. 2. Көз қорқақ, қол батыр. 3. Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке. 4. Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді. 5. Көп қорқытады, терең батырады. 6. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас. 7. Атаның баласы болма, адамның баласы бол. 8. Ат аяғынан семірер, адам құлағынан семірер. 9. Ұста пышаққа жарымас, етікші етікке жарымас. 10. Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер. 11. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. 12. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. 13. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. 14. Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы. 15. Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.
ІІІ. Үй жұмысын бекіту:
«Кубизм» әдісі
1. Үй тапсырмасына берілген мақалдарда қай шақ көп қолданылған? Оларды ата.
2. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.
3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», рай түрін ажырат.
5. «Ұста пышаққа, етікші етікке жарымас», мақалды сөйлем мүшелеріне талда.
6. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
ІҮ. Жаңа сабақ
Салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерінің бір - бірімен мағыналық қатынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1. Ыңғайлас салалас
2. Себеп - салдар салалас
3. Қарсылықты салалас
4. Түсіндірмелі салалас
5. Талғаулы салалас
6. Кезектес салалас
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екінші жай сөйлемде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас болып келуін ыңғайлас салалас дейміз.
Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас сөйлемдерде кейде істің бір мезгілде болғанын я бір мезгілде болатынын білдіреді.
Мысалы:
Ыңғайласа байланысқан жай сөйлемдер кейде бірінен соң бірі болатынын білдіреді.
Мысалы:
Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да/де, әрі ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Мұндағы да мен әрі жалғаулықтары жай сөйлемдердің әрқайсысымен қайталанып та, қайталанбай да келуі мүмкін.
Және жалғаулығы сөйлемде ешқашан қайталанбай, бір - ақ рет қолданылады.
Және жалғаулығы келгенде немесе әрі жалғаулығы бір - ақ рет келгенде, сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.
Мысалы:
Ү. Жаңа сабақты бекіту:
97 - жаттығу
1) 3 топқа 2 құрмалас сөйлемнен беру;
2) Сөйлем мағынасын ашып, ыңғайлас салалас екенін дәлелдеу;
3) Тұрлаулы мүшелерін табу.
Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды. Бұл Құнанбай баласында алтын да көп, ат та көп, ас та көп. Ол мені көтеріп жібергісі келеді, мен оны көтеріп жібергім келеді. Айғай өте ұзаққа созылды және еш нәрсені түсініп болмайды. Мынаның егіні бәрінен де жақсы әрі мұның егініне төніп тұрған қауіп оларда жоқ. Ауылымыз қашық емес, қазір - ақ барып жетеміз.
98 - жаттығу
1 - топтың тапсырмасы: Жай сөйлемдерді табу, сөйлем мүшелеріне талдау
2 - топтың тапсырмасы: Құрмалас сөйлемдерді табу, сөйлем мүшелеріне талдау
3 - топтың тапсырмасы: тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтау
Жай сөйлемдер: Кәрім біраздан кейін алған тауарларын машинаға тиеді. Түскі үзілістен соң ағаш отырғызу қызу жүргізілді.
Құрмалас сөйлемдер:
ҮІ. Үйге тапсырма: 100 - жаттығу, көп нүктенің орнына ойдан жай сөйлемдер қосып, берілген жай сөйлемдерді ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыру.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Ыңғайлас салалас
- МединаАли
- 7 сәуір 2015
- 5372
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ыңғайлас салалас, қарсылықты салалас, түсіндірмелі салалас
Ұқсас жаңалықтар:
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Ақмола облысы,Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнәр Әутәліпқызы Төлеу...Кезектес салалас
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жекеева Гүлнар...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу,...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
ШҚО, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқынбаева Меруерт Бейсенбекқызы...Себеп-салдар салалас
СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.