Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз мейрамы

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: жаңа сөздермен танысу, олармен сөз тіркесін және сөйлем құрастыру.
2. Дамытушылық: мәтінді түсініп аудару қабілетін дамыту, мәтіннен септік жалғауын өз еркімен табу.
3. Тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ халқының салт - дәстүрін насихаттау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың әдісі: модульдік технологияны қолдану, сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс
Көрнекіліктер: мейрам, көктем көріністерін бейнелейтін суреттер, тірек - сызба, кәртішкілер, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу
б) сұхбаттасу
- Бүгін наурыздың нешесі?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Наурыз айында қандай мерекелер болады?

ІІ. Жұмыс жоспары.
Наурыз мейрамына арналған ғылыми отырыс өткіземіз. Сол үшін 3 топқа бөлініп, жұмыс жасаймыз.
І - топ - жазушылар
ІІ - топ - аудармашылар
ІІІ топ - зерттеушілер
Әр топтың өз басшысы, өз бағалау парағы болады. Топпен жұмыс жасаймыз.
Бір - бірлеріңізді бағалайсыңдар. Бұл бағалар – ынталандырушы бағалар. Қорытынды бөлімінде ол сеңдердің бағаларына ықпалын жасайды. Бағаларыңды бағалау парағына қоясыңдар.

Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздер: ояну, пісіру, бата беру, құттықтау, тойлау

- Етістіктерге қандай жұрнақтар жалғанып тұр?
- Етістіктің қай түрі?(тұйық етістіктің)

1 - тапсырма. «Жазушылар» тобы берілген етістіктерден ауыспалы (келер) осы шақ жасайды
ойнайды пісіреді бата береді
құттықтайды тойлайды

«Аудармашылар» берілген етістіктермен сөз тіркестер құрастырады.
«Зерттеушілер» берілген етістіктермен сөйлем құрастырады
Тексеру. Дәптерге жазу. Әр топтың жетекшілері баға қояды.

2 - тапсырма: 1) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді « Мен сияқты істе» ойны арқылы оқимыз
2) Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.
Ұлыстың ұлы күні - Великий день народа
Күн мен түннің теңелуі - равноденствие
Ұйқы - сон
Тірілу - оживать
Белгілену - отмечаться
Ақ мол болсын - пусть молока будет в изобилии
Төрт түлік ақты болсын - пусть скот будет молочным

«Жазушылар» мәтінді мәнерлеп оқиды
«Аудармашылар» мәтінді аударады
«Зерттеушілер» мәтіннің мазмұнына сұрақ құрастырады

«Жазушылар» мен «Аудармашылар» сұраққа жауап береді.
Жалпы тапсырма: мәтіннен көсемше мен есімшелерді тауып, қандай жұрнақ арқылы жасалғаның, қай шақта тұрғаның анықтау
(Баға қою)
Шығармашылық жұмысы. Мейрамды бейнелейтін сурет бойынша әңгіме құрастыру.

3 - тапсырма: «Жазушылар» өткен шақта тұрған етістіктерді қолданады.
«Аудармашылар» келер шақта тұрған етістіктерді қолданады
«Зерттеушілер» осы шақта тұрған етістіктерді қолданады
(Баға қою)

4 - тапсырма: Тірек сызба бойынша мәтіннің мазмұнын айту
Жаңа күн ат
Топтар бір - бірін бағалайды.
5 - тапсырма: Тест. («иә», «жоқ» деген сөздермен жауап беру)
1. Наурыз мерекесін қыс ортасында тойлайды
2. Наурыз тойында шырша орнатады
3. Қыста табиғат оянады
4. Наурыз айын адамдар көңілді қарсы алады
5. Наурыз көжені 6 түрлі азықтан жасайды
Кілт бойынша тексеріп шығады. Бағаны өздері қояды

Наурыз мейрамы - жаңа жыл, ал жаңа жылда адамдар бір - бірін құттықтайды. Енді біз де достарымызға, ата - аналарымызға құттықтау хат жазайық.
Қызғалдақ - наурыз рәмізі. Сондықтан қызғалдақ бейнелеу открыткаға
құттықтау жазамыз

Керекті сөздер қолданыңдар: табыс; сәттілік; бақыт; денсаулық; жақсылық; тілеймін
Оқушылар өздерінің хаттарын оқиды
Мұғалім: Мен де сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Бағалау парақтарды жинап, баға
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×