Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау (10 – сынып)
Мақсаты мен міндеттері:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімді пысықтау; теориялық білім мен практикалық білімді ұштастыру; тақырыптарға байланысты тексеру жаттығуларын орындау; тілдік минимумды тексеру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
3. Оқушыларды елін, жерін, салт - дәстүрін құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: сайыс
Әдіс – тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ - жауап, жаттығулар.
Сабақ барысы:
Кіріспе бөлімі А) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ә) Сыныпты екі топқа бөлу, топтың атын белгілеу.
( 1 - топ – « Жетісу», 2 - топ – «Сарыарқа»)
Жай сөйлемді қайталау. Ереже айту, мысал келтіру).
1 - топ: Айтылу мақсатына қарай жай сөйлем.
2 - топ: Құрамына қарай жай сөйлем.
Сөздердің байланысу түрлерін ажырату.
1 - топ: сен келдің, ауылға бару, тез шығамын, ананың жүрегі, тас жол.
2 - топ: алтын сағат, досыма қарадым, ертең келемін, екі сөйлеу, мектептің жаны.
Берілген тақырып бойынша сұрақ - жауап құрастыр:
1 – топ: Қазақ халқының ұлттық ойындары
3 – топ: Қазақ халқының ұлттық киімдері
Сын есім. Ереже айту, мысал келтіру.
А) Жетісу, Сарыарқа жерлерін елестетіп, мысал келтіру.
Ә) Сын есімдерді қолданып,«Жетісу», «Сарыарқа» тақырыбына әңгіме құрастыр.
«Жетісу», «Сарыарқа» сөздеріндегі әріптерді қолданып, сөз моншағын құра.
Қатыстық, сапалық сын есімдерді қайталау. Әр топ 4 мысалдан келтіріп, жасалу жолын түсіндіреді.
Зат есім. Ереже айту, мысал келтіру.
1 - топ: жалқы және жалпы есімдер.
2 - топ: деректі және дерексіз есімдер.
Қорытынды.
Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді? сұрағына әр оқушы стикерге өзінің жауабын жазады.
Үйге тапсырма: 1. Өткен тақырыпты қайталау
Өткенді қайталау (10 – сынып)
- ramuk_b
- 4 наурыз 2015
- 3309
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сын есім, сын есім өткенді қайталау, жай сөйлем
Ұқсас жаңалықтар:
Құрмалас сөйлем (10 – сынып)
Қостанай облысы, Денисов атындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Амантаева Найля Сейткалиқызы...Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...Жалқы есім мен жалпы есім (2-сынып)
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...Сан есімді қайталау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Сын есімді қайталау
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Бакирова Гулнара Усингирқызының озық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.