Сайтқа кіру Тіркелу

Қ. Бекхожин "Ақсақ Темір мен ақын» (7 сынып,қазақ әдебиеті)

«Қ. Бекхожин Ақсақ Темір мен ақын»
Сабақтың тақырыбы: Қ. Бекхожин. Ақсақ Темір мен ақын.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Қ. Бекхожиннің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы, "Ақсақ Темірдің тарихтағы орны жайында әңгімелеу, балладаның мазмұнын ашу, өткен тақырыптар бойынша білім - біліктілігін жетілдіру.
2) Тәрбиелік: Баллада арқылы халқымыздың баға жетпес қазынасы - сөз өнерін бағалай білуге, өнерді сүюге, адамгершілік қасиетін биік ұстауға үйрету.
3) Дамытушылық: Оқушылардың танымдық дүниесін, ой жүйесін арттыру, әуезді оқу шеберліктерін, іздемпаздықтың қабілетін шыңдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: шығармашылық, баяндау, талдау, топтау, ой белсенділігін дамыту, сын тұрғысынан ойлау, венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, слайд, флипчарт, плакат
(сызба), Әмір Темір суреті, дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет теориясымен, Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу ә) түгендеу б) дайындықтарын тексеру в) топтастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау. «Бақытты сәт» ойыны
1. Қалижан Бекхожин қай жердің тумасы?
2. Ақынның білім алған орындары
3. Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?
4. Ақын қандай жырларды биікке көтерген?
5. Баллада дегеніміз не?
III. Бекіту сабағы.
Қалижан Бекхожин:
1. 1913 жылы 25 қарашада Павлодар облысында туған;
2. 1942 жылы ҚазМу - дың журналистика бөлімін бітірген;
3. Ән - өлеңдердің авторы;
4. Қазақтың көрнекті ақыны;
5. Халық жазушысы;
6. Ұстаз;
7. "Жусан", "Ақсақ құлан" атты поэмалары бар;
8. Қазақ әдебиетіне балладаны енгізуші.
Баллада - Орта ғасырда Француз, Испан, Итальян елдерінің поэзиясында пайда болған лириканың бір түрі.
Баллада - тарихи шындықты, ерлік әрекеттерді сипаттайтын шағын сюжетті өлең.
IV. Кезбе тілші» айдары
Топтарда Ақсақ Темір туралы жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет.
Әмір Темірдің сөз құдіретін бағалай білетін данышпан екендігін көрсетеді.
1. Әмір Темір тарих бетінен қандай орын алады?
2. Әмір Темір кім?
3. Әмір Темірдің «Ақсақ Темір» аталуының себебі
4. Әмір Темір жорықтарының зардаптары
V. Тапсырмалар
1. Балладаның негізгі оқиғасы
2. Өлеңдегі басты кейіпкерлер, мінездеме
3. Балладаның көркемдік тіліне талдау жасау
4. Көрініс
VI. Сергіту сәті
VII. Жоғарғы деңгей тапсырмалары
1. Балладада кездесетін жер - су атаулары
2. Балладада кездесетін ғұламалар мен батырлар
3. ұйқасын тауып көрейік
4. Венн диаграммасы. Ақсақ темір мен Шыңғыс хан
VIII. Сабақты қорыту. Сұрақтары бар қорап
Сыныпқа қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқылаймыз.
• Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?
• Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.
• Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін/ түсінбеген салаңызды көрсету.
IX. Кері байланыс «Жылы лебіз” әдісі
Х. Бағалау.
ХІ. Үй тапсырмасын беру. Балладаны мәнерлеп оқу, қосымша Ғ. Мүсіреповтің "Өлімді жеңген ана" әңгіменің мазмұнын айту.«Темір тізе бүктірген алып күш» туралы эссе жазу.

Мен кезбе тілшімін. Әмір Темір туралы әр топтан сұхбат аламын. Берген жауаптарыңызға қарай бағалап отырамын.

1. Әмір Темір кім?
2. Әмір Темір тарих бетінен қандай орын алады?
3. Әмір Темірдің «Ақсақ Темір» аталуының себебі
4. Әмір Темір жорықтарының зардаптары

Бағалау парағы
Топтар Үй тапсырмасын сұрау
Кезбе тілші
Тапсырма
Міндетті деңгей
Тапсырма
Жоғарғы деңгей
Қорытынды
1 - топ
2 - топ
3 - топ
4 - топ
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тоқтамыс хан

Тоқтамыс хан

Тоқтамыс хан (шамамен 1350 – 1406) – Алтын Орда ханы) - Тұй Қожа оғланның баласы, Жошы ханның ұрпағы, Алтын Орда ханы (1380 - 1397/98 жж.). Ақ Орда...
Темір. Темірдің маңызды қосылыстары

Темір. Темірдің маңызды қосылыстары

Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру...
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Әмір Темірдің жорықтарын, алғышарттары, себептері, мақсаты, жорықтарының барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып, Әмір Темірдің Қазақстан...
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Кудиярова Зада Ризаевна...
Түркістан – екі дүние есігі ғой

Түркістан – екі дүние есігі ғой

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Шораева Перизада Еренқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×