Сайтқа кіру Тіркелу

Фонетика. Дауысты дыбыстар

Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Дауысты дыбыстар. /Ізденіс сабағы/
Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушыларды дауысты дыбыстар туралы білімдерін толықтыру; олардың түрлерін меңгерту; мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, іздену, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
тәрбиелік: Оқушыларды өз мектебіне, сыныбына деген ізгі ниеттерге, пәнге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топтық жұмыс,
Көрнекіліктер: Дауысты дыбыстарға байланысты презентация, видео, кеспе қағаздар, т. б
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Достарым, сіздердің көңіл - күйлеріңіз қандай?

Топқа бөлу:
Бұл фигураларда не үшін таңдағандарыңа көз жүгіртсек. Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, эрудициясы басым, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.
Шеңбер – қарым – қатынасты жоғары бағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, әңгіме айтқанды ұнатады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, өз - өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, шыдамсыз, сөз тапқыш, ортадағы қарым - қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
Ромб – көңіл - үйі өзгермелі, өз - өзін қадағаламайды, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл - күйі жылдам өзгереді, ізденімпаз адам.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта осындай бірнеше сатылардан өте отырып, бәріңді білімнің биік шыңына шығуға шақырамын. Ендеше, сабағымызға кіріспей тұрып, әр топтан топ басшыларын сайлап алайық. Топ басшылары сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды СМАЙЛИК арқылы бағалап отырамыз.
ББҮ стратегиясын толтыру
Білемін Білгім келеді Үйрендім

І. «Бәйге» сұрақтары
Фонетика нені зерттейтін сала?
Тіл дыбыстары қандай сөйлеу мүшелері арқылы жасалады?
Тіл дыбыстары үн мен салдырдың қатысына қарай нешеге бөлінеді?
Әліпби дегеніміз не?
Араб әліпбиінен латын әліпбиіне қай жылы көшті?
1940 жылдан бастап қандай әліпби пайдалана бастады?
Әліпбидегі таңбалар қалай аталады?
Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Ерін мен езудің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Әліпбидегі әріптерді ретімен айтып шық.
Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
Әліпбидегі 8 - әріпті ата
Қазақ тілінде неше әріп бар?
Ендеше, «Бәйге» сұрақтарына жауап бердік, енді дауысты дыбыстарға байланысты видеомен білімімізді толықтырайық. Бейнебаян. Дыбыс және әріп
ІІ. Фонетикалық талдау /4 топқа төрт түрлі сөз беріледі/
Ақыл, барыс, мектеп, уақыт
ІІІ. Сызбамен жұмыс: Мынау қорапта әр түрлі суреттер берілген. Бұл суреттер 3 данадан жасалған. Суреттердің барлығы дауысты дыбыстардан басталады.
Тапсырма: Сол суреттердің бірінші әрпі арқылы, дауысты дыбыстардың түрлеріне жіктеу. /Үлкен сызбаға жапсырады/
Тілдің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Ерін мен езудің қатысына қарай
жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік

ІҮ. Мақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, қалпына келтіру. Дауысты дыбыстардың түрлеріне жіктеу.
І топ: Талап – талмас қанат.
Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос.
ІІ топ: Адамдықтың белгiсi –
Иiлiп сәлем бергенi,
Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе

ІІІ топ: Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.

ІҮ топ: Әдепті бала – арлы бала,
әдепсіз бала – сорлы бала.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.
Ү. Шығармашылық жұмыс: Бейнематериал көрсету. «Қыс қызығы» тақырыбында ойтолғау жазу. «ыстық орындықта» шығармашылық жұмыстарын оқу
ІІІ. Бекіту кезеңі:
«Келісемін - келіспеймін» стратегиясы
1. Қазақ тілінде 42 әріп бар - келісемін
2. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар - келіспеймін
3. Әліпби сөзі парсы тілінен шыққан - келіспеймін
4. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай жуан, жіңішке деп бөлінеді - келіспеймін
5. Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік, езулік деп бөлінеді - келісемін
6. Қазақ тіліне тән 10 дыбыс бар - келіспеймін
7. Қазақ тілінде 10 дауысты дыбыс бар - келіспеймін
8. Дауысты дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауа кедергісіз шығып, үннен ғана тұрады.
ІҮ. Үйге тапсырма: 242 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріп жазу.
Ү. Бағалау: Топ басшылары сабаққа жақсы ат салысқан оқушыларды бағалайды. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Еріндік және езулік дауыстылар

Еріндік және езулік дауыстылар

Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалса, езулік дауыстылар езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалады....
Нәтиже сабақ (Еріндік және езулік дауыстылар)

Нәтиже сабақ (Еріндік және езулік дауыстылар)

Грамматикалық тақырып еріндік дауыстылар бойынша оқушының білімін жүйелеу; жаттығу, анықтау, талдау жұмыстарын жүргізу; дауысты дыбыс түрлерін...
Фонетика. Дауысты дыбыстар

Фонетика. Дауысты дыбыстар

Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы дауысты дыбыстарды ажырату. Сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс...
Етістіктің шақтары мен райларынан өткенді қайталау

Етістіктің шақтары мен райларынан өткенді қайталау

Қарағанды қаласы, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп - интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тилеубаева Камшат Олжасовна...
Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×