Сабақтың тақырыбы: Еліктеуіш сөздер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға еліктеу сөздің бір түрі еліктеуіш сөз туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыппен байланыстыру
2. Дамытушылық: Оқушылардың еліктеу сөздерді жете түсінуіне, сөздердің мағынасын аша білуге, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру
3. Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, еліне деген сүйіспеншілікке дағдыландыру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Үй тапсырмасын қорыту
4. Жаңа материалдарды түсіндіру
5. Оқушыларды бағалау
6. Үйге тапсырма беру
Жаңа материалдарды түсіндіру:
1. Еліктеу сөздер – айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер.
Мысалы: тырс етті, былш етті, шорт сынды, дүңк етті, қолп ете қалды т. б
Еліктеу сөздер мағынасына қарай, айналадағы әр түрлі дыбысқа, жеке қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді
Табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір – бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.
Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді. Мысалы: Тырс - тырс етті, сарт етті, арс – арс етеді, пыр – пыр етті т. б.
Мысалы: Өтеді ауыздығын қарш – қарш шайнап. (Жамбыл) Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті. (Абай)
Еліктеуіш сөздер көбінесе көмекші етістікпен ( көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт етті, қыңқ етпеді, саңқ етті, топ етті т. б.
Үй тапсырмасын тексеру
1. Сөз таптарының түрлері нешеу?
2. Жетінші сөз табын табыңдар.
3........... дегеніміз не?
4. Мысал келтіріңдер.
І «Кім тапқыр, кім білгіш?»
1. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды.
2. Азиат! – деп шарт еткізіп, Еламанды жағынан тартып жіберді.
3. Балалар ананы – мынаны сұрап, азан – қазан болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп, ақшаны сатушының қолына ұстата салдым.
4. Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ – сыңқ етіп, үй ішіне естірте күлді.
ІІ. «Артық білім кітапта»
300 – жаттығу
Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер, мағынасын ажыратыңдар
ІІІ. Сергіту сәті
1. Жай ғана сарт етіп жабылады
Іздегенің ішінен табылады
3. Сырт – сырт еткен дыбысы
Ояту оның жұмысы
5. Тоқ – тоқ етіп тамағын
Ағаштан іздеп табатын
ІV. Деңгейлік тапсырмалар
«Сөз ойла, тез ойла»
Елең – Абыр -
Арбаң – Мәре -
Тарсыл - Шарт -
Сарт - Жалт –
V. Суретке қарап, еліктеуіш сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құраңдар.
VI. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса
Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуенге шықты.
VII. Семантикалық карта шешу
Еліктеу сөздер
Дара Күрделі Еліктеуіш Бейнелеуіш
Тыпың - тыпың
Гүрс - гүрс
Лап
Бүрсең
Қаңғыр - күңгір
Сылқылдап
VIII. Жаңа сабақты қорыту
1. Еліктеу сөз дегеніміз не?
2. Мағынасына қарай еліктеу сөз нешеге бөлінеді?
3. Еліктеуіш сөзді қалай түсінесің?
IX. Үйге тапсырма: Еліктеуіш сөздерді қатыстыра отырып, көктем мезгілін суреттеу арқылы ойтолғау жазу. Еліктеуіш сөздердің астын сызу.
X. Бағалау
Еліктеуіш сөздер
- Bekzhan
- 9 желтоқсан 2014
- 23428
- 0
- 0
Ілмек сөздер: еліктеу сөздің бір түрі еліктеуіш сөз туралы түсінік беру
Ұқсас жаңалықтар:
Бөлек жазылатын сөздер
Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қазақстан...Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды еліктеу сөздер туралы түсінік беру....Еліктеу сөздерді қайталау
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...Еліктеуіш сөз
Білімділік: еліктеу сөздің мағыналық түрлерін біліп, еліктеуіш сөздің мағынасын, пайда болу тәсілін, қолданылу аясын түсіну; Дамытушылық: ой...Еліктеу сөздер туралы түсінік
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Аққұдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Уразтаева Асет Куандыковна....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.