8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Кезектес салалас құрмалас сөйлем және олардың жасалу жолын ажырата білуге үйрету
Дамытушылық: Жүйелі талдай білу және ой қорытындысын жасай білу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелілік: Бірлесіп жұмыс жасауға, бір - бірінің ой - пікірін тыңдауға бірін - бірі, оқытуға және сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Талдау, Сұрақ - жауап, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау парағы
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды екі топқа бөлу ( Кезектес және Ыңғайлас )
б) Топ басшысын сайлау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1 ) Оқушылар үй тапсырмасын өзара тексереді.
115 – жаттығудың( Екі топтағы сөйлемдерді талғаулы салалас етіп құрап, тыныс белгілерін қою) дұрыс орындалғанын тексеру және бірін - бірі бағалау, жұптық, топтық түсіндірулер.
2) Ой қозғау «Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша берілген ақ параққа салалас құрмалас сөйлем туралы білетіндерін жазады, келесі топ толықтырып өздеріне береді де топ басшысы көмекшілерімен бірге қорғайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі
Оқушылар бүгін біз салалас құрмалас сөйлемнің алтыншы түрі... әрине, кезектес салалас құрмалас сөйлеммен танысамыз.
- Кезектес сөзін қалай түсінеміз?
- бірінің артынан бірі тұруы
- іс - оқиғаның кезектесіп баяндалуы
- мысал келтіре аламыз ба?
Яғни, құрамындағы жай сөйлемдері берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін құрмаластың түрі кезектес салалас дейміз. Бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
М: Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.
ІV. Мағынаны ажырату
1. Түсіну. Кезекте салаласқа әр оқушы өмірден бір мысал айта отырып, түсінгендерін жеткізеді және түзетулер жасайды.
V. Деңгейлі тапсырмалар
2. Талдау Жеке орындау
● 116 - жаттығу Төмендегі сөйлемдерде кейде, біресе, не жалғаулық шылаулардың қайсылары жай сөйлемдегі бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұр? Қайсылары кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемді байланыстырып тұр.
Кейде ашу, кейде айламен еп ойлады. Не қулық, не сұмдықпен жұмысым жоқ. Не қазан – ошаққа араласа алмайды, не серуенге шығар серік таппай селтиіп жалғыз жүреді. Баяу ескен жел бірде басылады, бірде толқып, жасыл шөптердің басын ақырын ғана ырғайды. Жүргіншілердің оң жағынан кейде сол жағынан қар жамылған жалаңаш төбелер кездеседі. Хатты біресе кеудесіне тығады, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.
● 118 - жаттығу Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастырып, кезектес салалас етіп құраңдар.
1. Ол ебедейсіз алып тұлғасын жасырмақ болып, жер бауырлап сүйретіледі. 2. Нұрғали тәуке қарап кіжінеді. 3. Тұра салала бүкшеңдеп жүгіреді. 4. Аманға қарап мүләйімсиді. 5. Ол ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді. 6. Мен түк түсінбеймін. 7. Салқын тартып алыстап кетеді. 8. Осылар түк түсінбейді. 9. Мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек. 10. Нәзік бұтақтарына тізбектеле өскен жас жапырақтар бір әсем музыканың ырғағында қатарласа билеп жүрген балалардай көрінді. 11. Сол жапырақтың сылдырынан әлдеқандай естімеген сыр сыбдыры құлаққа келеді. 12. Барша жанға тынышсыз болатын залымдықты қоюым керек екен ғой.
VI. Ой толғаныс
«Кубизм» стратегиясы Топпен орындау
1. Суретте Кезектес салалас дегеніміз не?
2. Салыстырыңыз. Кезектес салаласты ыңғайлас салаласпен салыстыр.
3. Саралаңыз. Жасалу жолдары жайлы не білеміз? Олардың қандай ерекшеліктері бар? Егер кезектес салаластың жалғаулық шылауларын алып тастаса, қалай болар еді? Не байқадыңдар?
4. Қолданыңыз. Ыңғайлас салаласқа және кезектес салаласқа 2 сөйлемнен құраңыздар.
VII. Бағалау. Топ басшысы қойып отырады.
VIII. Үйге тапсырма: 119 - жаттығу. Ережелер оқу
Кезектес салалас
- zhekeeva.g
- 12 қараша 2014
- 18414
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілінен сабақ, кезектес салалас
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер. Кезектес салалас құрамалас.
Сабақтың мақсаты: Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер туралы түсінік қалыптастыру, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кезектес салалас...Ыңғайлас салалас
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу,...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
ШҚО, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқынбаева Меруерт Бейсенбекқызы...Себеп-салдар салалас
СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.