Сайтқа кіру Тіркелу

Салт, сабақты етістіктер

Сабақтың тақырыбы: Салт және сабақты етістіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімдерін жинақтау, салт, сабақты етістіктердің жасалу жолын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу мәдениетін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті слайдтар, сызбалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет,
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Тест арқылы қорытындылау
1. Етістік нені білдіреді?
А. заттың атын білдіреді
Б. заттың сапасын білдіреді
В. заттың қимылын, іс - әрекетін білдіреді
2. Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
А. 1
Б. 4
В. 2
3. Дара етістіктерді табыңдар
А. оқып отыр
Б. жүгірді
В. айтар - айтпас
4. Туынды етістікті көрсет
А. пікірлесті
Б. сөйлесті
В. айтты
5. Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу - аспауына қарай неше бөлінеді?
А. 5
Б. 2
В. 3
6. Болымсыз етістік жұрнақтарын тап
А. – са,- се
Б. – ма,- ме
В. – ын,- ін
7. Болымды етістікті көрсет
А. жазар
Б. жазбайды
В. жазбаған
8. Етістіктің сұрақтарын тап
А. кімге? неге?
Б. не істеді? қайтеді?
В. қашан? қалай?
9. Көмекші етістікті көрсет
А. оқыды
Б. екен
В. жазды
10. Күрделі етістікті тап
А. әңгімелесті
Б. айтысты
В. жығылып қалды
3. Жаңа сабақ:

Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды ертегіні термек үшін.
(«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі)
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
(«Өзгеге көңілім тоярсың» өлеңі)
Ұрлықпен мал табам деп
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады. («Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі)

Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады.
(«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

жоқ - барды
Термек (нені?) ертегіні
Жазбаймын (нені?) өлеңді
Қоярсың (нені?) өлеңді
Жоярсың (нені?) дертті
Шабам (нені?) ауыл(ды) ( табыс септігі жасырын түрде)
Таппай (нені?) ой(ды) ( табыс септігі жасырын түрде)
Бұл мысалдарда қимыл, іс - әрекет тура объектіні қажет етеді.(табыс септіктегі сөзді)

Тоярсың (неге?) өзгеге
Табам (немен?) ұрлықпен
Жатады (қайда?) үйінде
Бұл мысалдарда қимыл, іс - әрекет тура объектіні қажет етпей, басқа септіктермен байланысқа түсіп тұр.

4. Салт, сабақты етістіктерді ажыратыңдар:
Қайт, сөндір, келді, жазылды, демалды, көрісті, өсірді, кетірді, айтысты, пікірлесті, әңгіме - лесті, жарысты, тара, шеш, сана.
5. Мәтінмен жұмыс: Берілген мәтінді оқып, мазмұнын баяндау.
Салт, сабақты етістіктерді табу.
Бақыт
Мен бақытты көрсем деуші едім.
Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.
Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:
— Е, азаматтар, бақытты болыңдар! — дейтін еді.
Менің бақытты көргім келді.
Күн батушы еді, шал қаракөлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен көңіліме елең салатын қараңғылықта біртүрлі сескенер едім. Содан соң жылдам басып үйге келетін едім. Есікке жақындағанда белгісіз шыққан қайыршының қара - күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен - өзім «бақыт» дейтін едім.
Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім. (Саттар Ерубаев)
6. Шығармашылық жұмыс:
М. Мақатаевтың «Бақыт» өлеңін жатқа оқу
«Менің бақытты сәтім...» ойтолғау

Бақыт
Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев

Бақыт деген сенің бала күндерің
Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да басқасын да білмеуің
Бақытсыз - ақ ойнағаның күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім
Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін
Бақыт іздеп азаптанса кімде кім.
Бақыт деген әркімдерде бір арман
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір
Бақыт жайлы жазалмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала
Бірақ балам, мынаны естен тастама!
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың мен, бақытым деп біл мені
Мені білсең бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Балам саған бақыт іздеп жүргенім.

7. Бекіту:
Сабақты етістік Салт етістік
8. Үйге: Салт, сабақты етістіктерді ақын - жазушылардың шығармаларынан тауып, жазып келу.
9. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×