Сабақтың тақырыбы: Астана - бас қала. Бас қаланың бойтұмары.
Сан есім (дара, күрделі)
Сабақтың мақсаты: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отырып, оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдысын арттыру, сөздік қорын молайту арқылы туған еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Астана қаласының тарихын меңгереді.
2. Астананың өркендеу жолындағы жетістіктерін біледі.
3. Сан есімдерді мәтінмен жұмыс барысында еркін таба алады.
Қалай көрінеді:
1. Тест жұмысы
2. «Символдар» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Семантикалық карта» стратегиясы
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі қағаздар, бейне көрініс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сынып оқушыларын түгендеу;
- Оқу - құралдарын тексеру;
- Оқушыларды 2 топқа бөлу;
- Топ басшысын сайлап, бағалау парағын беру.
ІІ. Өткен сабақтарды қайталау.
Тест сұрақтары беріледі.
1. Қазақстандағы Сырдарияның орта бойында орналасқан ірі қалаларының бірі қалай аталады?
А) Отырар
Ә) Сайрам
Б) Жамбыл
2. Күрделі сөздердің қанша түрі бар?
А) 2
Ә) 4
Б) 3
3. Ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл - Фараби қай жерде дүниеге келген?
А) Отырарда
Ә) Таразда
Б) Қызылордада
4. Қазақстанның астаналары Орынбор, Алматы, Астана болды. Тағы қай қала астана болып еді?
А) Шымкент
Ә) Қызылорда
Б) Түркістан
5. 1920 - 1922 жылдары Қазақстанның алғашқы астанасы болған қала.
А) Алматы
Ә) Астана
Б) Орынбор
6. 1922 - 1929 жылдары астана Қызылорда қаласына көшірілді. Ол қалай аталды?
А) Ақмешіт
Ә) Мерке
Б) Суяб
7. 1929 - 1997 жылдары республикамыздың астанасы болған қала қалай аталады?
А) Астана
Ә) Орынбор
Б) Алматы
8. Президент Ақмола қаласын «Астана» деп атауға қай жылы Жарлық шығарды?
А) 1998 жылы 6 мамыр
Ә) 1997 жылы 10 желтоқсан
Б) 1991 жылы 1 желтоқсан
9. Екібастұз, Ақтөбе, Қызылорда сөздері қандай сөз?
А) Қос сөз
Ә) Біріккен сөз
Б) Тіркескен сөз
10. Ата - ана, бала - шаға, ағайын - туыс сөздері қандай сөздер тобына жатады?
А) Біріккен сөз
Ә) Қысқарған сөз
Б) Қос сөз
Тест сұрақтарының жауаптары:
1 - А
2 - Ә
3 - А
4 - Ә
5 - Б
6 - А
7 - Б
8 - А
9 - Ә
10 - Б
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
«Символдар» стратегиясы арқылы жұмыстанады.
- 2 топтың оқушылары да берілген суреттерге сүйене отырып, шағын мәтін құрастырады. 4 минут уақыт беріледі. Әр топтан 2 оқушы оқиды.
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар?
- Астана қаласы туралы.
ІҮ. Мағынаны тану.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Астана - бас қала. Бас қаланың бойтұмары. Сан есім (дара, күрделі)
1) «Астана - арман қала» атты бейне таспа көрсетіледі.
2) Топпен жұмыс.
Әр топ берілген мәтіндегі ойды топтастыру арқылы жұмыстанады.
Және оқып отырған мәтіндегі сандарды дәптерлеріне жазбаша жазып шығады.
І топ
- Астана тарихы тақырыбындағы мәтінді оқып, әңгімелейді.
Мысалы: ХІІІ - ХІҮ - он үшінші - он төртінші ғасырларда
1830 - бір мың сегіз жүз отыз
1862 - бір мың сегіз жүз отыз екі
ІІ топ
Бас қаланың бойтұмары тақырыбындағы мәтінді оқып, әңгімелейді.
Мысалы: 22 - жиырма екі
3) Сан есім туралы мәлімет беріледі.
4) Сөздікпен жұмыс.
Оқушылар жаңа сөздерді 1 мин. оқып алған соң тақтаны жауып қазақшасын жатқа айтады.
Күмбез - купол
Бейіт - могила
Қаланған - основан
Илеу - дубление, выделывание
Қайнату - кипятить
Қасапхана - бойня
Жарлық - Указ
Қызғалдақ - тюльпан
Мұнара - башня
Көрме - выставка
Кешен - комплекс
Жеделсаты - лифт
ғимарат - здание
көрікті - красивий
жаға - берег
орталық - центр
Жаңа сөздерді пайдаланып әр оқушы 1 сөйлем құрау керек.
1) Жаттығу жұмыстарын орындау.
№1 топтық тапсырма:
І топ
2 - тапсырма. Сөйлемдердегі сұрақтарға жауап беріңдер. (105 беттегі)
ІІ топ
2 - тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.
(108 беттегі)
Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
1. Астана қаласының басты символы - «Бәйтерек» кешені. +
2. Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты. +
3. Бәйтерек төрт бөліктен тұрады. +
4. Мұнараға кіреберістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындылары ілініп тұр. +
5. Ал «Даму» кешенінің орта бөлігі үй тәріздес. +
6. Шардың ішінде жеделсатылы холл, дәмхана, панорамалық зал орналасқан. +
7. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясын тамашалауға болады. +
8. Бәйтерек идеясының авторы - Нұрсұлтан Назарбаев. +
№2 топтық тапсырма
І топ
3 - тапсырма. Сұрақтар бойынша диалог құраңдар. (106 беттегі)
1. Астанада болып көрдіңдер ме?
2. Астана туралы не білесіңдер?
3. Астананың табиғаты қандай деп ойлайсыңдар?
4. Астананың зәулім үйлері көп пе?
ІІ топ
3 - тапсырма. Сөздерден сөйлемдер құраңдар.
1) Бөліктен, үш, тұрады, Бәйтерек.
2) Тамашалауға, жағында, Аялы, болады, композициясын, алақан, жоғарғы, ең.
3) Бөлігі, Даму, тәріздес, ағаш, орта, кешенінің, діңгегі.
№3 топтық тапсырма
І топ
5 - тапсырма. Сөйлемдерге керекті септік жалғауларын қойып жазыңдар.
(106 беттегі)
ІІ топ
ІІ деңгейлік тапсырманы орындау.
1. Сөздерді септеңдер.
Бәйтерек, аңыз, құс
2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімнің көрінісі.
Ү. Толғаныс.
І топқа
«Семантикалық карта» стратегиясы
Мысалдар Алматы Орынбор Қызылорда Астана Ақмола Бәйтерек Н. Назарбаев
1920 - 1922 ж.
1929 - 1997 ж.
1998 ж. 6 мамыр
1922 - 1929
1997ж.
10 желтоқсан
Астана қаласының символы
Бәйтерек идеясының авторы
ІІ топқа
Астана сөзіне «Бес жолды өлең» жазу.
1. Зат есім - Астана,
2. Сын есім - көрікті, әдемі
3. Етістік - дамыған, өсуде, орналасқан.
4. Сөйлем - Астана – көрікті дамыған қала.
5. Синоним - Елорда
- Астанаға қандай тілек айтасың?
- Астананың болашағын қалай елестетесің?
ҮІ. Үй тапсырмасы.
1) «Астана - жас қала» атты шығарма жазу.
2) 105 беттегі деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ҮІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
Қорытынды
Астана-бас қала. Сан есім (дара, күрделі)
- asemgul
- 5 мам 2014
- 9947
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Астана бас қала, бас қаланың бойтұмары, сан есім дара, күрделі
Ұқсас жаңалықтар:
Астана - әсем қала
Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді....Астана 8-сынып (орыс мектебі)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Дамытушылық:...Елордасы - Астана
Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;...Нәтиже сабақ (Астаналар тарауы бойынша)
БҚО, Теректі ауданы Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.