Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан - біздің Отанымыз»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік — оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді ел жетістіктерімен таныстыру;
Дамытушылық — туған елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік — оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, өлеңдер оқу, сөзжұмбақ шешу
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, тарих
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның мемлекеттік рәміздері, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздар, кесте.
(Тақтада қанатты сөздер жазылған:
Туған жер – алтын бесік.
Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
М. Мақатаев
Сабақтың барысы:
ҚР - ның әнұраны орындалады.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу
Ә) Кезекшімен тілдесу және сабаққа даярлықтарын тексеру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын кім атайды?
- Ауа райы қандай? Жерде не жатыр?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілетін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан - біздің Отанымыз». Біздің мақсатымыз: «Қазақстан – біздің Отанымыз» - лексикалық тақырыбына және «Жіктік жалғау» - грамматикалық тақырыбы бойынша білімді тиянақтап, қорытындылаймыз.
Әр азамат өзінің туған жерін, елінің тарихын, мәдениетін біліп өсуі керек.
- Сонымен, балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Отан» деген сөзге қандай басқа мағыналас сөздерді білесіңдер?
- Біздің Отанымыз қай мемлекет және ол қандай?
- Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
- Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Тыңдалым. Оқушылар компьютерден құлаққап арқылы Отан туралы мақал - мәтелдерді үш тілде тыңдап, ауызша түсінгендерін айтады.
1. Отан - оттан да ыстық
Родина жарче огня
The birthplace of the hotter the fire
2. Отанды сүю – отбасынан басталады.
Родина начинается с семьи
The Motherland starts from the family
3. Отансыз - адам,
Ормансыз бұлбұл
Человек без родины
Как соловей без леса
A man without a country
Like a Nightingale without a forest
Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында «Сандар сөйлейді» ойыны.
(оқушылар сандарға жасырылған маңызды оқиғалы жылдарда не болғанын анықтап, айтады)
1. 1991 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.
2. 1992 жыл – Мемлекеттік рәміздерді белгіледік.
3. 1995 жыл – Ата Заңымыз қабылданды.
4. 1997 жыл – Жаңа әнұранның қабылданған жылы.
5. 1989 жыл – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған жылы.
Оқулықпен жұмыс
3 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.
Менің туған жер..., Отан.. – Қазақстан. Қазақстан - көп ұлтты республика.
Қазақстан... астанасы – жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент.. – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(жазба, аударма жұмысы орындалады)
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі
- Балалар, біз енді Отанымыз туралы білімімізді тексеру мақсатында сабағымызды сайыс түрінде жалғастырамыз
ІІ. Оқушыларды кәмпиттер арқылы 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
1 - топтың аты - «Атажұрт»
2 - топтың аты - «Атамекен»
1 - сайыс. «Фонетика елінде» деп аталады. Бұл сайыстың шарты: әрбір топ интерактивті тақтада жасырылған ұяшықтардың біріндегі Қазақстанның бір қаласының атауына фонетикалық талдау жасайды.
2 - сайыс. «Жіктемек» деп аталады. Бұл сайыстың шарты бойынша оқушылар интерактивті тақтада берілген 3 ұяшықтың біреуін таңдайды. Берілген сөзді жіктеуге екі топтан бір - бір оқушы шығып жылдамдыққа жарысып жіктеп айтады.
3 - сайыс. «Мақал - сөздің мәйегі» деп аталады.
Бұл сайыстың шарты бойынша топ мүшелері Отан туралы мақал - мәтел айтып жарысады. Қай топ көп мақал - мәтел айтса сол топ жеңіске жетеді. Әрбір мақал айтқан балаға түсті парақшалар беріледі.
4 - сайыс. «Менің қалам» деп аталады.
Екі топқа екі үлкен парақша беріледі. Оқушылар сол парақшаларға өздерінің болашақ қаласының суретін салып, қорғайды.
Бекіту. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардікі» дейді. Елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Қорытынды ретінде ТЕСТ жұмысын орындату
Тест жұмыстары.
1. «Отан» дегеніміз не?
а) адамның туып - өскен жері
ә) ұнайтын мемлекет.
2. ҚР жер көлемі қандай?
а) ұлан байтақ
ә) кішкентай
3. ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады?
а) 1990ж. "
ә) 1991 ж.
4. ҚР рәміздерінің қатарын көрсет.
а) қазақ тілі, барыс, президенттің жолдауы
ә) ту, елтаңба, әнұран.
5. Мақалды аяқта:
Отансыз адам -...
а) ормансыз бұлбұл
ә) сусыз гүл
Балалар, алда үлкен мереке. ҚР - ның Тәуелсіздік күні, сондықтан сендерге мынадай тапсырма беремін. Осында отырған қонақтарымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, өз тілектеріңді жазыңдар.
(Балардың жазған тілектері тыңдалады).
Үйге тапсырма: Үш деңгейлік тапсырма орындау.
Үйге әр топқа екі мәтін беріледі.
Жасыл кеспе. Мәтінді оқу, аудару, әңгімелеу. ІІІ - деңгей
Қызыл кеспе. Мәтін бойынша диалог құрастыру. ІІ - деңгей
Сары кеспе. «Менің Отаным — Қазақстан» шағын шығарма жазу. І - деңгей
Бағалау. Ең көп парақша жинаған топты анықтау және оқушыларды әр түсті парақшалар бойынша бағалаймын.
Біздің Отанымыз - Қазақстан
- Акмарал2014
- 5 мам 2014
- 20624
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отанымыз Қазақстан жайлы сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Біздің президент
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Отан...Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Отанымды сүйемін
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту; Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін,...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.