Сынып: 4
Тақырып: Ауылдағы еңбек
Мақсаты: Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге баулу. Грамматикалық тақырыпты әртүрлі тапсырмалар арқылы қайталау. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын ұштап, сұраққа толық, жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Ауызша, жазбаша тілдерін, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке, өзара қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сөздік қорлары жаңа сөздермен толыға отырып, сауатты сөйлеу, жазу дағдылары, ойлау қабілеттері дамиды. Салыстырып, талдап үйренеді.
Түйінді идеясы: Ауыл адамдары туралы өз ойларын туралы айта білуі. Табиғатқа сүйіспеншіліктерін ояту.
Сілтеме: Тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Дереккөздер, құрал жабдықтар: Сабақ презентациясы, бағдаршам көздері, үлестірме материалдар, бағалау парағы, фломастер, ассоциативтік карта, «Даналық ағашы»
Сабақ кезеңдері: Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу, психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңберін құра отырып, бір – біріне жақсы сөздер айтады.
2. Сұрақтарға жауап ала отырып тілдік ортаға енгізу.
- Сен қай Республикада, қай облыста тұрасың тұрасың?
- Шығыс Қазақстан облысының орталығы
- Сен қай қалада, қай көшеде, нешінші мектепте оқисың?
- ҚР рәміздерін ата Оқушылар бір - біріне жақсы сөздер айта отырып сәлемдеседі.
Оқушылар сұрақтарға толық жауап береді
Фонетикалық шынықтыру: 1.«Адасқан әріптер» ойыны. Шашылған әріптерден сөз құрап, қазақ тіліне тән әріпті тауып, мінездеме береді. Осы сөздер арқылы топтарға бөлінеді.
«өзен», «ұшқыш», «егін»
2. Бағалау парақшаларын түсіндіре отырып, тараттым
3. Осы сөздер төңірегінде «ашық, жабық» сұрақтар қоямын.
- Ұшқыш қайда жұмыс істейді?
- Ұшқыш болу үшін не істеу керек?
- Қазақстанда қандай өзендер бар? Біздің қалада ше?
- Егінді қашан бастаймыз? Көктемде қандай жұмыстар істейміз?
3. Оқушылардың назарын тақтадағы «Даналық ағашына» аударып, «Мен де ағаш ектім. Сабақ соңында осы ағашымыз қалай жапырақ жаятынын көреміз» Әр оқушы өз ойын айтады, мысал келтіреді.
Осы сөздер арқылы топтарға бөлініп, топ ішінде рөлдерге бөлінеді.
Ұшқыш әуежайда жұмыс істейді. Ұшқыш болу үшін оқу керек. Біздің қалада Бұқтырма, Хамир өзендері бар. Көктемде егін егеді, ағаш отырғызады, ауланы тазалайды. т. б
Үй тапсырмасын тексеру: «Ауылда» сөзіне әр топқа кластер беремін. Оқып бір - бірін бағдаршам түстері арқылы формативті бағалай отырып, толықтырды.
Жаңа сабаққа ену:
Сөйлемдерді тыңдап, алдарыңдағы суретке қарай отырып сабақ тақырыбы ашылды. «Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Ауыл қаланың қасында. Ауылда егін егеді, мал бағады. Шешем фермада жұмыс істейді.»
- Ауылда қандай мамандық иелері бар?
- Олар не істейді?
Нені білу керекпіз, нені үйрену керекпіз? Сұрағына оқушылардан жауап алдым. Өзім толықтырдым.
Оқушылар өз ойларын ортаға салды. Мәтін
«Ауыл» туралы екенін айтты
- Дәрігер, сатушы, мұғалім, сауыншы.
- Олар жұмыс істейді, еңбек етеді.
«Ауылдағы еңбек» тақырыбын ашты
Сөздік сөздермен жұмыс:
Озат - передовой
Еңбекқор - трудолюбивый
Көмектестік - помогли
Жем - корм
Жарық - светлый Балалар сөздерді тізбектей, жұппен
оқиды. Тән әріптерді табады, мінездеме береді. Бір сөзді буынға бөліп, жуан, жіңішкелігін ажыратады. Сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. «Күн мен түн», Кім шапшаң» ойындары арқылы сөздерді қайталады.
Мәтінмен жұмыс 1 топ – мәтінді оқып, аударады
2 топ - мазмұндайды
3 топ - мәтін бойынша сұрақтар құрастырады Әр топ өз тапсырмасын орындады.
3 топ сұрақтар құрастырып, қалған екі топқа қойды. Әр топ өз жауаптарын айтты, бірін - бірі толықтырды.
Топтық жұмыс: 1 топ. Венн диаграммасы «Қала мен ауылды» салыстыр.
2 топ. Деңгейлік тапсырмалар.
3 топ. Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз 1 – топ өз жұмыстарын тақта алдында қорғады.
2 - 3 топтардың жұмысын топ басшылары тексеріп бағалады
Рефлексия: Сабақта маған не ұнады? Несімен ұнады? Не ұнамады? Сенің бүгінгі сабақтағы еңбегің қандай? сұрақтарына жауап жазып «Даналық ағашына» жапсырады
Ағашымыздың жайқалып кеткенінен біздің жақсы жұмыс жасағанымыз көрініп тұр. Сол себепті әркім өзін басынан сипап қойсын.
Оқушылар өз ойларын жазып, ағашқа жапсырды.
Әр оқушы бүгінгі еңбегі үшін өз басынан сипап «жарайсың» деді
Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар
Бағалау: Топ спикерлері топ мүшелерін бағалады.
Ауылдағы еңбек
- Балтабаева Умитжан
- 16 сәуір 2014
- 10948
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ауылдағы еңбек жайлы қазақ тілінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Ашық сабақ "Менің отбасым" 4 сынып
Сабақтың мақсаты: Отбасы тақырыбына байланысты сөздік қорларын молайту. Сабақтың міндеттері: • Тәуелдік жалғауды бекіту....Дүниетану 3 сынып
Сабақтың мақсаты: Қала мен ауыл туралы, осы елді-мекендердің бір - біріне ұқсастығы мен айырмашылығы, қала мен ауылдағы адамдардың қандай қызметпен...Еңбек түбі – береке
Қостанай қаласы, № 7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мурзагалиева Алтынай Балтабайқызы...Жазғы демалыс. Фонетикалық талдау
Семей қаласы, №10 «ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амренова Гульдана Сапаргалиевна...Тәуелдік жалғау
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан суқоймалары....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.