Сайтқа кіру Тіркелу

Спорт түрлері

Сабақтың тақырыбы 7 сынып Спорт және спорт түрлері
Ортақ мақсаты: Оқудағы және оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қасиетін дамыту
Міндеттері:
Білімділік: Топтарды қалыптастыру, бір - бірімен белсенді қарым - қатынас жасауға үйрету. Диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру. Қалай оқу керектігіне және өзін - өзі бағалай алуға үйрету
2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, сөздік қорларын молайту, тіл мәдениетін дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, спорт терминдері емлесін, ырықсыз етіс, еріндік дауыстылар туралы білімдерін бекіту
3. Тәрбиелік: Серіктестік қарым - қатынас орнату. Еңбексүйгіштікке, өнерді қастерлеуге, Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
Сабақта орындалған жұмыстың негізгі ойы \идеясы\: Оқушыларды қазақша ойлап, ойларын еркін жеткізуге үйрету, сөйлету
Ресурстар: Суретті слайдтар, интербелсенді тақта, ватман, оқушылардың сурет көрмесі, бағалау парақтары, ламинатталған беттер, маркер, фломастерлер, оқулық, дәптер
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс - тәсілдері, қолданылған модульдер:
1. Диалогтық оқыту - оқудағы және оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер
2. Сыни тұрғысынан ойлау
3. Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау
4. АКТ - ны қолдану
5. Дарындыларды оқыту
6. Оқушыларды жас сәйкестігіне қарай оқыту
7. Оқудағы көшбасшылықты басқару
Сабақтың технологиялық картасы
1. Шақыру кезеңі Ойлану кезеңі Рефлексия кезеңі
1психологиялық ахуал
2. Миға шабуыл - тақырыпты анықтау
3.»Ассоциация» стратегиясы - тақырыпқа байланысты 1.«Жигсоо» әдісі - мәтінмен жұмыс\кластер\
2.»Карусель» стратегиясы - мәтінді топтарда түсіндіру
3.»2 жұлдыз, 1 тілек»формативті бағалау әдісі
1. синквейн - спорт сөзіне
2. Венн диаграммасы
Дәстүрлі спорт пен ұлттық спорт
3.»жарық жұлдызға
Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру Жағымды психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық! Енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік! Қандай тамаша!
Бізге Сочи қаласынан ақ олимпиада алауын жіберіпті. Қазір алауды қолдан қолға ақ тілекпен жіберейік.
Шаттық шеңберін құрып, алақан алысқан соң, Сочи олимпиадасынан жеткен алау қолдан қолға жақсы тілектермен ауысады..
Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау
Миға шабуыл, слайдтар көрсету
Топқа алдын ала бөлінеді.
1. Жүйріктер - быстрые
2. Биіктер - высокие
3. Күштілер - сильные
Топ атауларын аударады, неге байланысты екенін айтады, Спорт тақырыбына 3 - 4 слайд көрсетіледі сабақтың тақырыбын анықтайды, мақсатын қояды
Сабақ үраны: Тезірек, биігірек, күштірек
Оқушы білімін актуализациялау
Ламинатталған қағаз таратылады спорт сөзіне ассоциациалық алаң құру
Ассоцияция құрып, жұмыстарын қорғайды
Алдын ала берілген тапсырма бойынша бір оқушы дайындаған слайдтарын көрсетіп, тақырып бойынша айтады
Жаңа тақырыпты оқыту
Оқулықпен жұмыс 171 беттегі мәтінді ЖИГСОО әдісі бойынша кластер құрап дайындайды, карусель әдісі бойынша орын ауыстырып, бір біріне түсіндіреді
Сергіту сәті
Мәтінді оқып, орысша мазмұнын айтады, кластер бойынша ауызша мазмұндап береді.
Әр топ волонтерге 2 жұлдыз 1 тілек береді
Спорт сөзіне синквейн құрып, қорғайды.
Дәстүрлі спорт пен ұлттық спорт түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсету
Венн диаграммасын толтырып, қорғайды
Бекіту Топ басшыларының бағасы
Бағалау парағын тапсырады
Рефлексия
Сабақтың қорытындысын шығару
Жарық жұлдызға жету әдісін қолданып сабақты қорытындылайды.
Спорт деген не?
Спорт түрлері қандай?
2050 бағдарламасында атап көрсетілген негізгі міндет не?
Сабақ мақсатына жетті ме?
Топ басшылары сұрақтарға жауап бере отырып өз топ мүшелеріне медаль жеңіп ал уға тырысады.
Үйге тапсырма: 171 беттегі 3 тапсырма
Жазбаша орындау
Бағалау критерийлері:
1. тапсырма толық, түсінікті орындалған
2. ассоциациялық алаңда барлық спорт түрлері көрсетілген, терминдер дұрыс жазылған
3. Мәтін мазмұны орысша дұрыс аударылған
4. Кластерде негізгі ой көрсетілген
5. нақты, қысқа мазмұндалған
6. синквейн дұрыс құрылған
7. Венн диаграммасында айырмашылықтар мен ұқсастықтар дұрыс көрсетілуі керек.
8. Сұрақтарға нақты, қысқа дұрыс жауап берген
Бағалау парағы
Топ атауы
1 тапсырма Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау 2 балл
2 ассоциациялық алаң құру - 2 балл
3Мәтінмен жұмыс
а\ аудару 3 балл
ә\ кластер құру 3 балл
б\ мазмұндау 4 балл
4 синквейн құру, қорғау 2 балл
5. Венн диаграммасын құрып, қорғау 2 балл
5 жарық жұлдызға жету
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×