Сайтқа кіру Тіркелу

Хайуанаттар бағында

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағында.
Сабақтың мақсаты: хайуанаттар бағындағы жабайы аңдармен таныстыру, олар туралы қысқаша мәлімет беру, білімдерін молайту.
Білімділік мақсаты: сұраулық шылауларды, сан есімдерді және сын есімдерді қайталау, мысалдар арқылы дұрыс жазылуын меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: жаңа сөздер арқылы ойлау қабілетін арттыру, ауызекі сөйлеу, жазба тілдерін дамыту, тақырып бойынша өзара сөйлесуге машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: жануарларға қамқор болу, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, баяндау, жаттығулар жұмысы, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірме қағаздар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін бақылау. Кезекшімен әңгімелесу. Сабаққа бейімдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жолбарыс, піл туралы әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беріңдер? 179, 183 бет
- Бұл қандай аңдар?
- Жабайы аңдар қайда өмір сүреді?
- Неге оларды жабайы аңдар дейміз?
- Балалар, біз жабайы аңдарды қайдан көруімізге болады?
- Дұрыс, хайуанаттар бағында. Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Хайуанаттар бағында.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
а) Жаңа сөздердің айтылуын меңгерту үшін мұғалім өзі оқып береді.
ә) Оқушылар мұғалім соңынан тізбектей, сосын жекелей қайталап айтып жаттығады.
б) Жазылуын меңгеру үшін сөздік дәптерге жазып алады.
в) Лексикалық мағынасын меңгеру үшін сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
2. Сыныпты топқа бөлу. Топтық жұмыс. Әр топ мәтін бойынша жұмыс істейді.
1 - топ " Жүйріктер", 2 - топ " Мықтылар", 3 - топ" Батылдылар".
*Біздің сынып оқушылары хайуанаттар бағына саяхатқа шықты. Олар қандай аңдарды көрді? Оларды қандай аңдар қызықтырды?
1. Әр топ сынып оқушыларын өз топтарына берілген аңдарымен, жануарларымен таныстырады. ( Аңдар туралы презентация көрсету)
2. Мәтін бойынша диалог құрастыру, өзара сөйлесу.
3. Сұрақтарға жауап беру.
- Балалар, сонымен түйе қандай жануарларға жатады?
- Түйе қандай? Мықты, төзімді, шыдамды.
- Түйе неше күн су ішпей жүре алады?
- Түйе неше литр су ішеді?
- Түйе неше центнер жүк көтере алады?
- Ал, аю мен керік қандай аңдарға жатады?
- Аю қандай? Ақ, қара, қоңыр, үлкен, мықты.
- Аю қайда мекендейді?
- Оның салмағы неше тонна?
- Аю неше жыл өмір сүреді?
- Керік қандай? Ең биік, жүйрік.
- Бойы неше метр?
- Ол сағатына неше километр жүгіреді?
- Керік неше жыл өмір сүреді?
3. Жаттығулар жұмысы. Жазылым.
а) Сандарды сөйлет, сөйлемдер құрастырып жаз.
200 литр, 40 - 50 жыл, 6 метр.
ә) Сұраулық шылауларды тіркеп жаз.
Ауыр...? биік...? аю...? ұзын...? керік...? ыстық...? піл...? жолбарыс...?
б) Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
... - жабайы аң.
... - қорқақ аң.
... - жыртқыш аң.
... - айлакер аң.
4." Мен бүгін сыныптастарыммен хайуанаттар бағына бардым " сурет бойынша монолог құрастыру.
ІҮ. Сабақты бекіту. Қорытындылау.
- Балалар, біз бүгін хайуанаттар бағына саяхат жасадық. Қандай жаңа аңдармен таныстыңдар? Сендерге не ұнады? Қандай жаңа білім алдыңдар?
- Біздің қалада жабайы аңдарды қайдан көруге болады? Сендер биологиялық орталықта болдыңдар ма? Онда қандай аңдар бар? Оларды кімдер күтеді? Сендер оларға қандай көмек көрсетесіңдер? ( Презентация көрсету)
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: Бір аң туралы әңгімелеп, суретін салып келу.
Кері қайту
Ілмек сөздер: хайуанаттар, әдебиет
Ұқсас жаңалықтар:
Жабайы жануарлардың тіршілігі

Жабайы жануарлардың тіршілігі

Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...
Xайуанаттар бағында

Xайуанаттар бағында

Сабақтың мақсаты: хайуанаттар бағындағы жабайы аңдармен таныстыру, олар туралы қысқаша мәлімет беру, білімдерін молайту. Білімділік мақсаты:...
Жануарлар әлеміне саяхат

Жануарлар әлеміне саяхат

ШҚО, Бородулиха ауданы, Камышенка ауылы «Камышенка орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Естемесова Сәнім Барлықбайқызы...
Етістіктің болымсыз түрі

Етістіктің болымсыз түрі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шильдебаева Сәуле Сабақтың тақырыбы: Етістіктің...
Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі: Әбдіхалық Жанат Алтынбекқызы Жабайы аңдармен таныстыру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×