Сайтқа кіру Тіркелу

Тахауи Ахтанов Күй аңызы әңгімесі

Тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі
Мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, күй өнерінің құдіретін ұғындыру. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, әңгіменің мазмұнын меңгерту, талдау, танымдық қабілетін сөздік қорларын арттыру, бір - бірімен жұптаса, топтаса сұхбатқа түсуіне, өз ойын еркін жеткізе алуына бағыт бағдар беру.
Әдіс – тәсілдер
І Ұйымдастыру кезеңіне тоқталу
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа назар аудару.
- Топқа бөлу.
ІІ Жаңа сабақ
- Үй тапсырмасына шолу.
- Қызығушылығын ояту.
- Жаңа сабақты пысықтау кезеңі.
- Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
- Сабақты қорытындылау кезеңі.
- Бағалау.
- Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасына шолу кезеңі.
Мұхтар Әуезов «Қараш – қараш» оқиғасы тақырыбына қысқаша шолу
«Түйе» суреттері арқылы топқа бөлінеміз.
1. Өнер тобы.
2. Күй тобы.
3. Күйшілер тобы.
Қазір балалар экрандағы бейнебаянға көңіл бөлейік. І бөлімі
(Тақтаға күннің жады жазылады)
Жаңа тақырыпты ашу барысында үш топқа тапсырма беріледі
1 - тапсырма: Постер қорғау
1 - топ. Қыздың әкесіне қолқа салуы. Қыздың сырын қалай түсінесіңдер?
ІІ топ. Естеміс күйшінің өнері. «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі.
ІІІ топ: Естемістің жолын жас жігітке беруі.
Бейне баянның ІІ бөлімін қарай отырып сіздердің жауаптарыңызбен салыстырайық.
Қандай тәсіл қолданады: Портрет, эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен баяуы, теңеу - жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ.
2 - тапсырма.
І топқа түсініктеме күнделігін толтыру.
Шығарма Кейіпкерлері Оқиға желісі Не суреттелген? Түйінді ой Қазіргі заманмен салыстыру
ІІ топқа коцептуалдық кесте
№ Кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерлерге баға
ІІІ топқа интервью тесті
1 Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
2 Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады?
3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш.
4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?
5 Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?
Сергіту сәті: «Алдар көсе»
3 - тапсырма. «Сөздер сөйлейді» ойыны.
І топқа: - Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер. Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?
ІІ топқа: - «... Он алты - он жеті жаста болар...», «... ұзатылар уақыты да жеткен екен ғой..», - деп ойлайды ішінен күйші. Қазіргі кезбен салыстырғанда не айтар едіңдер? Қалай ойлайсыңдар?
ІІІ топқа: - Өлімнен ұят күшті. Шалға қандай мінездеме берер едіңдер?
Бекіту сәті:
- Естеміс қарт неге өз өмірін өзгертуден бас тартты?
- «Заманым өткен екен ғой», деп неге күрсінді?
- Жаңылдың іс - әрекетіне көз қарасыңыз?
Сабақтың қорытынды кезеңі.
Суреттер тізбегі көрсетіледі: ЖЫЛҚЫ, ҚАМШЫ, ДОМБЫРА.
Үш топқа ортақ сұрақ.
Бұл суреттер кімнің өмірімен байланысты деп ойлайсыңдар?
Үйге тапсырма. «Қазақтың күй өнері» шығарма жазу
Қолданылатын модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, (Диалогтық оқыту, сұрақ қою стратегиялар), Сыни тұрғыдан ойлау, Оқытуды бағалау, оқыту үшін бағалау. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды оқыту
Нәтиже Оқушылар сабаққа белсене қатысады. Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып бір - бірімен жұптаса, сұхбаттаса отырып өз ойларын еркін жеткізе алады. Әңгіменің мазмұнын меңгереді, талдайды. Күй құдіретінің өмірде қажетті екендігіне көздері жетеді.
Бағалау Бағалау критерийлері бойынша
№ Оқушының аты - жөні Топта бөлінген, жүктелген міндеттерді атқаруы Идея тастауы Топтағы талқылауға белсенді қатысуы Топ мүшелеріне көмектесуі Қорғауда өзін ұстай алуы (сыпайы жауап беруі, туындаған сұраққа нақты жауап бере алуы Жалпы ұпай
Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл беріледі.
«5» — 21 - 25 ұпай
«4» — 14 - 20 ұпай
«3» — 5 - 13 ұпай
«2» — 0 - 4 ұпай
Әңгімеден алған әсерің? Несімен әсер етті?
Ресурстар: Интербелсенді тақтасы. Бағалау тарақтары. Стиккерлер. А3 қағазы. Ғаламтор сайттары. Бейне баян сайты. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×