Сайтқа кіру Тіркелу

Қосарлама қос сөздер

Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
Мақсаты : Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту , сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге ,қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, суретпен жұмыс, салыстыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет
Көрнекілігі: флипчарт.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;
Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып, фонетикалық талдау жүргізеді

Сабақтың барысы
1 Психологиялық дайындық :
Қос сөздерден оқушылар бір-біріне тілек білдіреді
2 Қызығушылықты ояту:
Семантикалық карта. Семантикалық картада қос сөздер түрлері мен мысалдар беріледі, оқушылар орындарында орындайды.
3 Мағынаны тану
Экранда жазулы тұрған өлеңді бір оқушыға оқыту. Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап
Жоғары-төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап
Абай.
Құлын-тай , жоғары-төмен , үйрек-қаз , қыз-келіншек
/Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/

Құлын-тай
Жоғары-төмен
Үйрек-қаз
Қыз-келіншек
көре-көре
жарқ-жұрқ
Үйді-үйге
өз-өзіне

- Бұл сөздер қалай жасалып тұр ?
- Неше түбірден қосарланған ?
Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді қосарлама қос сөздер дейміз.(Экраннан көрсету)
- Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады? Оны білу үшін мына экранға көңіл аударамыз
Елу түйесі, екі жүздей қой –ешкілері тағы бар .
- Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? / Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.
- Олай болса , қосарлама қос сөздер , мағыналары бір-біріне жақын (синоним) сөздер я қарама-қарсы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы: қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні, ауыл-аймақ, ағайын-туыс.
Ол үйдің бала-шағасына дейін тыным таппайды.
- Бір мағыналары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.
Мысалы: көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын т/б
- Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды .Себебі бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен. Мысалы: «Шаға » сөзі «Кішкентай ,қызыл шақа» деген мағынаны берген т/б түсінік беріп кету.
Сандалып келе жатты ақсақ киік
Бір тоқтап , анда-санда есін жиып
Ақ бөкен сахараның ботагөзі
Атты екен қандай мерген көзін қиып .
Сәкен Сейфуллин .

- Екі сыңарыда мағынасыз сөздер қосарланады . Мысалы : анда-санда, оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ т/б.
Мұғалімдерге оқу -әдістемелік құралдар жіберілді.
- Кейіңгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы. Олардың сыңарлары әртүрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді. Мысалы: Оқу-әдістемелік, мәдени-ағарту, қазақша-орысша үгіт-насихат т/б.

Оқулықпен жұмыс
93-жаттығу. Тізбектей отырып, оқушылар ауызша қосарлама қос сөздердің жасалуын талдайды 95-жаттығу. Тақтамен жұмыс
Сөз тіркесін жасайды.
Ойын-тойдың сәні, көші-қон қамы т/б .
«Жалғасын тап» ойыны
дос- ............ ..........егжей -................. ...............- жарақ
сәлем -........ ...........- насихат .......- сарсаң
.........- келбет әрі- .................... ығы- ........

Фонетикалық талдау
3 топқа тапсырма
1-топ: Дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу
2- топ: Кескін-келбет сөзіне
3- топ: Ығы-жығы сөзіне талдау
Суретпен жұмыс
2 сурет беріліп, оқушылар өз таңдауы бойынша қос сөздерді қатыстырып әңгіме құрайды.


Бекіту: «Қосарлама қос сөздерге» топтастыру құру
Үйге тапсырма: Ереже жаттау; 100-жаттығу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қайталама қос сөздер

Қайталама қос сөздер

Қайталама қос сөздерді үйрену; жасалу жолдарын түсіну; бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажыратып, сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді...
Қосарлама қос сөздер

Қосарлама қос сөздер

Мақсаты: Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту, сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге, қосарлама қос...
Қосарлама қос сөздер

Қосарлама қос сөздер

Алматы қаласы, Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназиясының қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Ешмагамбетова Гүлбахрам Сейткәрімқызы...
Судың маңызы. Тіл дамыту сабағы

Судың маңызы. Тіл дамыту сабағы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тақырып бойынша өзара сөйлесуге дағдыландыру. Білімділік: қос сөздерді, демеулік...
Күрделі сөздерді қайталау

Күрделі сөздерді қайталау

Мақсаты: Күрделі сөздер түрлерін қайталау. Өткен сабақты толықтыру. 2. Оқушылардың қабілетін арттыру сауатты жазуға дағдыландыру, ой-өрісін дамыту....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×