Сайтқа кіру Тіркелу

С. Сейфуллин "Далада" өлеңі

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин « Далада» өлеңі
Мақсаты:
Білімділік: Ақынның өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбын, идеясын ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушының іздемпаздық қасиеттерін дамытып, қалыптастыра отырып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білім, білік дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, сыйластыққа ең бастысы адамгершілікке баулу.
Түрі: Жаңа сабақты игеру.
Әдіс - тәсілдері: Инсерт, рафт, сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, пікір айту, жеке, жұппен, топпен жұмыс.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, маркер, плакат, портрет, қосымша материалдар.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. 6 - сынып әдебиет оқулығы, әдебиет оқыту әдістемесі
2. Интернет материалдары
3. «Сәкен Сейфуллин» шығармалар жинағы
Сабақтың барысы: сергіту сәті (интр. тақтамен)
1. Ұйымдастыру кезеңі. сәлемдесу, түгендеу,
Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру(слайд - 1)
2. Үйге: күнделікке тапсырма жазу. Өлеңнің тіліне талдау жасау.
Бағалау парағын тарату.
3. Үй жұмысын тексеру. Сәкен Сейфуллин туралы қосымша мәлімет жазып келу, өлеңді мәнерлеп оқу берілген.
I. Жаңа сабақты игеру. Ой қызығушылығын ояту кезеңі:
С. Сейфуллин туралы?
Біл
Білемін
Кестені толтыру
- Жұпта бір - біріне айтады.
- Ал енді ең негізгісін маған айтыңдар, бір - бірлеріңді қайталамаңдар.
- Әр жұптан сұрап Білемін 1 - кестені толтырамын.
Мағынаны ажырату:
Ал енді тағы не білгілерің келеді, топта ақылдасып, кестелеріңе жазыңдар.(2 - мин)
Білгім келеді?
Кестені толтыру
- Әр топтан Білгім келеді? кестеге 1 сұрақ жазамын.
- Ал енді осы сұрақтың жауабын өздерің зерттеп көріңдер? Өз сұрақтарын әр топқа жеке - жеке өздеріне беру. Қосымша мәлімет кітап беру.(5 - минут)
- Әр топтан сұрау. Білдім кестені толтырып отыру
Білдім
Кестені толтыру
Суреттеу: Сонымен оқушылар «С. Сейфуллин кім?» (слайд - 2)
Өлеңді талдау: «Сарыарқа» күйі ойналып тұрады.
- мәнерлеп оқу ( бірнеше оқушы );
- мазмұнына қарай баяндау;
- өз ойларын қосып әңгімелеу;
Сұрақ - жауап: Слайдағы сұрақ тапсырмаларға жауап беріп көріңдер. әр топқа сұрақ беру
1. Ақын асау тұлпардың шабысын, кең даланы қалай суреттейді?
2. Шабандоз баланың ән салғандағы көңіл күйі қалай берілген?
3. Ақын өлеңін кімдерге арнаған? Қандай тілек айтады?
4. Мақсатқа жетер жолда қандай қиыншылықтар кездеседі? Қалай жеңу керек дейді?
5. Қазіргі заман жастары, өздерің жайлы пікір?
Ой толғау кезеңі: Қолдау. Сендер Сәкен аталарыңның ісін қолдайсыңдар ма? Егер қолдасаңдар ақынға ашық хат жазыңдар.РАФТ әдісі
Бағалау парағын жинап алу.
Аты – жөні:
Атқарылған жұмыстар 1 ұпаймен Жалпы
Үй тапсырмасы
Инсерт кестесі 1 - 2 - 3бөлігі
Сұраққа жауап беру
Өлеңнің сұрағына жауап беру
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×