Сайтқа кіру Тіркелу

Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі

Сабақтың мақсаты: Махамбет шығармаларының тарихи негіздері туралы оқушылардың білімдерін арттыру.

1) Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
2) Дамытушылық: патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Оқушыларды өз пікірін айғақтарға сүйене отырып, қорғай білу дағдыларына төселдіру: тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, сөйлеу мәдениетін арттыру.
3) Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге ынталандыру, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы тәрбие беру: поэзияны сүюге баулу, ұлттық сананы қалыптастыру, оқушының тұлғалық ерекшелігін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, интерактивті тақта, тірек кесте, буклет, көркем әдебиеттер, газет - журнал материалдары, семантикалық карта, т. б.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, талдау
Пәнаралық байланыс: тарих, саз, география, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқу құралдарын даярлау, оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
I топ
Мәнжазба тақырыбы:
«Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі»

ІІ топ
Мәнжазба қорғау.
1 – мәнжазба тақырыбы:
«Махамбет поэзиясындағы романтизм»

Қызығушылығын ояту мақсатында:
І топ: Топтастыру

ІІ топ: БҮҮ толтыру
ІІІ. Жаңа сабақ:

Қазақта найзаның ұшымен білектің күшімен кіндік қаны тамған туған жерін қорғаған ерлер аз ба? Қара қазан, сары бала қамы үшін
«Ереуіл атқа ер салған» ерлер қаншама?! Тарихта ел үшін еңіреп туған екі тарлан бөрі - Исатай - Махамбет! Қосарлана айтылатын да, жазылатын да мәңгілік есім! Қос тұлға!
Исатай қол бастаған көсем болса, Махамбет шаруалар семсері болды. Исатай мұңалмайтын өткір найза болса, Махамбет жарқылдаған алмас қылыш еді! Исатай Алтын ердің қасы болса, Махамбет жорықтардың басы болды! Исатай айғыр жонды арыстан болса, Махамбет жұмыр жонды жолбарыс болды! Ендеше қазақ тарихындағы қайталанбас тұлға Махамбет батырдың азаматтық, ақындық бейнесіне тағы бір мәрте көз жіберіп, білгенімізді тиянақтап, өлеңдерінің мәнін ашып көрейікші.
Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.
Махамбеттің өмірбаяны жазылған топтастыру (Оқушылар тапсырманы ауызша орындау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын аша бастайды)
1. Жылдар сөйлейді (слайд). (Оқушылар 1836 жылдан бастап 1841 жылдар аралығындағы Махамбет өмірбаянына қатысты деректер бойынша айтады).
2. Исатай – Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі.(слайд)
3. Карта бойынша сөйлеу (слайд). Бұл Исатай – Махамбет көтерілісі болған кіші жүз аймағы. Еділ мен Жайық аралығында 1801 жылы Бөкей ордасы құрылған. Мына үлкен сызықтар көтерілісшілердің жүріп өткен жерлері. Бұны бір сөзбен Исатай Республикасы десе де болады. Жаманқұм, Бекетай, Тастөбе, Ақбұлақ жерлері үлкен - үлкен көтерілістің болған жерлері. 1838 жыл 12 шілдеде Исатай қаза болып, Махамбеттің сергелденде жүрген кезінде жорық үстінде көптеген өлеңдерін шығарған.
4. Соғыстан көрініс (слайд).
5. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы (слайд).
6. Қалалық «Атадан туған аруақты ер» Махамбет оқулары сайысына қатысып жүлделі орындар иеленіп жүрген Жексенбаев Нұрсұлтанға сөз кезегін беріп «Соғыс» өлеңін тыңдаймыз.
7. Тапсырма.
І топ. «Соғыс» СКТ
ІІ топ. «Ереуіл атқа ер салмай» өлең құрылысына талдау.
9. Мусагалиев Өтегеннің орындауында « Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» термесі.
10. Екі топқа 1 өлеңнен үзінді
2 үзінді жайлы пікір
3 ой – тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал – мәтел.
11. Видеоны қарау. ( Махамбеттің өмірбаянына байланысты)
12. Шығармашылық тапсырма. «Ер қандай болу керек?» (эссе)
13. Сөзжұмбақ (зерттеуші, ғалымдар туралы деректерге тоқталу)
14. Семантикалық карта ( мақал – мәтелдердің мәнін ашу)
Үйге тапсырма: БҮҮ.
Махамбетке арнау (өлең шығару)«Тарланым» өлеңінен омоним, синоним, антонимдерді табу. СКТ
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп - салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, Тастөбе түбіндегі шайқас оның...
Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...

"Махамбет Өтемісұлының өлеңдері"

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржаубаева...

"Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы"

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржаубаев...
Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"

Атырау облысы,Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×