Сайтқа кіру Тіркелу

Мұстафа Шоқай - тәуелсіздік жаршысы

Қазақ ойшылы, қоғам және мемлекет қайраткері М. Шоқайдың өмірімен таныстыру.

Сабақ жоспары. 10 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Мұстафа Шоқай – тәуелсіздік жаршысы».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың Қазақстан Республикасы, тәуелсіздігі туралы алған білімдерін тиянақтап, жинақтаған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ойларын ауызекі тілде жеткізуін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ой - өрісін, берілген материалды тиянақты меңгеріп , ойлау белсенділіктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың Отанды сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, дискеттер.
Сабақтың әдіс-тәсілі: шығармашылық жұмыс, өз ойын айту, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Мұғалімнің сөзі.

– Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені, өздерің байқаған шығарсыңдар сабағымызға көп қонақтар келіп отыр. Ендеше, қонақтарымызға бір тілегімізді білдірейік.
– Оқушылар: Келген қадамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.
3.Экранда әнұран айтылады. ( Оқушылар қосылып айтады).
4.Сабақтың мақсатын айту.
5.Мұғалімнің сөзі: Балалар, енді тақтаға көңіл аударып, ақын С.Тойлыбаев ағамыздың өлеңіне назар аударайық.
Желбіресін байрағын желді күнде,
Биіктесін мәртебең, елдігің де.
Таныта бер, Қазақстан, бар әлемге,
Керегіңнің кеңдігін, теңдігін де! (С. Тойлыбаев)
Оқушылар өлеңді іштерінен бір рет оқып шығады.(бір оқушы мәнерлеп оқиды)

6. Мұғалімнің сөзі: Осы өлеңде не туралы айтылған?
7. Оқушылардың жауаптары:
- Бұл өлең – Қазақстан туралы.
- Ақын Қазақстанның туын әрқашан да биіктен көргісі келеді.
- Ақын Қазақстанның атын бүкіл әлем білсе дейді.
Қазақстанның тәуелсіздігі туралы айтылған.
8. Мұғалімнің сөзі: Әрине, балалар, тәуелсіздігіміздің арқасында ғана біздің еліміздің мәртебесі биік, керегеміз кең Енді, осы Тәуелсіздік сөзін естігенде сендерге қандай ойлар келеді, ол бізге не әкелді, соны айтсақ.
Жаңа сабақ
(Оқушылар тақтада өз ойларын жазады)
Конституция, Бостандық, Егемендік, Тәуелсіздік
Рәміздер, Тұңғыш президент, Ұлттық валюта

9. Мұғалімнің сөзі: Жақсы, балалар, қандай жақсы сөздер, жақсы ойлар келген екен сендерге. Ал осы тәуелсіздік жолында қаншама жандардың құрбан болғаны жайында білетін шығарсындар. Бүгінгі сабағымыз осыдан жарты ғасыр бұрын тәуелсіздікті аңсаған, елінің бостандығы үшін күрескен тәуелсіздік жаршысы М.Шоқай жайында болмақ.
Интерактивті тақтада М.Шоқайдың портреті
10. Мәтінмен жұмыс. Сынып II топқа бөлінген.

11. Сөздік жұмысы.
Жаршысы -вестник
Кетуге мәжбүр болды –был вынужден уехать
Топырағы бұйырмау – похоронен не на своей земле
Бостандығы үшін күреседі – бороться за свободу
Мұстафа Шоқай – тәуелсіздік жаршысы

Қазақ ойшылы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай 1890 жылы қазіргі Қызылорда облысында туған. Өз елін,Отанын шексіз сүйген, тәуелсіз Түркістан мемлекетін құруды армандаған М.Шоқай 1920 жылы шет елге кетуге мәжбүр болады. Шетте жүрсе де Түркістан халықтарының өмірін көрсетуге арналған газеттер мен журналдар ұйымдастырады. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының бостандығы үшін күреседі. Алайда тәуелсіздік жаршысы болған ұлы тұлғамызға туған жерінің топырағы бұйырмады. М.Шоқай 1941 жылдың 27 желтоқсанында Германияда қайтыс болады. Бүгінде елімізде М. Шоқай туралы көптеген кітаптар жазылып, деректі фильмдер түсірілді. (Тарихи тұлғалар энциклопедиясынан.2008 жыл)
(оқу, қазақшасын қайталау, сөз тіркесін құру )
Тәуелсіздік жаршысы. Шетелге кетуге мәжбүр болады.
Елінің бостандығы үшін күреседі. Өз елінің топырағы бұйырмады.
11. Грамматикалық жұмыс. ( дәптермен жұмыс)
Сынып жұмысы
Тапсырма: Мәтіннен туынды зат есім мен күрделі зат есімдерді тауып, екі бағанаға бөліп жазу.
Туынды зат есім
Ойшыл
Жаршысы
Қайраткері
Күрделі зат
Қызылорда
Орта Азия
Сабақты бекіту

14. « Жеті қарақшы» интеллектуалдық ойыны.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, сендердің жұлдызды сағаттарыңның жанатын сәті туды. Мына шоқжұлдыздарда сұрақтар жасырынған. Соларды ашып жауап берейік.(Интерактивті тақтада шығады.)
10.М.Шоқай нені армандаған?
20.«Алаш» қозғалысына неше жыл толды?
30. «Желтоқсан» оқиғасына неше жыл толды?
40. М.Шоқай қашан дүниеге келді?
50. М.Шоқай қай жерде жерленген?
60. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
70. Елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен қоғам қайраткерлерін ата

Жауаптары
10. М.Шоқай елінің бостандығы мен тәуелсіз Түркістан мемлекетін құруды армандаған.
20. «Алаш» қозғалысына биыл 90 толды.
30. «Желтоқсан» оқиғасына 23 жыл толды.
40. М.Шоқай 1820 жылы қазіргі Қызылорда облысында туған.
50. М. Шоқай Берлин қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген.
60. Қазақстан тәуелсіздігін 1991жылы 16желтоқсанда алды.
70. Т.Рысқұлов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов,С.Сейфуллин, М.Шоқай.

Үйге тапсырма. 33-бет өлең жаттау, 34-бет №5-тапсырма.
Оқушылардың білімін бағалау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ұлы бабамыз армандаған тәуелсіздік жарты ғасыр уақыт өткеннен кейін жүзеге асты. Бүгін Қазақстан әлем жұртшылығына танылған тәуелсіз мемлекет. Мұстафа Шоқай армандаған тәуелсіз, дербес мемлекеттің тізгіні, болашақ ұрпақ, сендердің қолдарыңда.Егер де осыны түсініп, соған дайын болсаңдар, онда бүгінгі сабағымыз бекер өткен жоқ . Сабағымызды Б.Момышұлы атамыздың жас ұланға айтқан өсиетімен аяқтағым келіп тұр.
Мен немере сүйіп отырған адаммын .Балаларды өте жақсы көремін. Балалардың болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген жанмын. Соғыста Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалдық.Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім:
Отанды сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құл туралы ұлағатты сөздер

Құл туралы ұлағатты сөздер

Бiз құл болып тұра алмаймыз. Бiз ұлт азаттығымызды аламыз. Мұстафа Шоқай Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды. Әлихан...
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....
Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні

16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан...
Тәуелсіз елдің ұландарымыз

Тәуелсіз елдің ұландарымыз

«Тәуелсіз елдің ұландарымыз» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!...
Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×