Сайтқа кіру Тіркелу

Матасу

Сабақтың тақырыбы:Матасу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:сөз тіркесінің матаса байланысу жолын түсіндіру,оларды сөйлем ішінен табуға үйрету
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдеби тілде көркем сөйлеуге,ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу, СТО элеметтері
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
Сөздік жұмыс
Сабағымызда кездесетін қиын сөздермен танысыңдар
Әуелгі- алғашқы , бірінші
Ғибрат- үлгі, өнеге
Игілік- жақсылық
Бүгінгі сабағымыздың айдарымен танысайық. ( Абайдың отыз бірінші қарасөзінен)
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселдерінен қашық болу керек.
Барлығымыз ойымызды жинақтап , сабағымызды бастайық

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. 240- жаттығу мәтінді түсініп оқып ,оның ішінен 5 қиыса байланысқан сөздерді теріп жазу,үлестірме қағаздар тарату
1. Семантикалық карта(3слайд)
2. Графикалық диктант(4слайд)
1.
Сөздер........Мен.......Сен.......Біз.......Сіздер
Айман
көрдіңіздер
естісек
келдім
ойлан
оқыған

2.
мен
сен
сіз
біз
Ажар.......үйренді.......жазсаң........білгенмін........барайық......отырсаңыз

2. Өткен материалдар бойынша сұрақтар
1. Синтаксис нені зерттейді?
2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
3. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
4. Есімді, етістікті тіркес дегеніміз не?
5. Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ата.
6. Қиысу дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Жаңа сабағымыздың тақырыбы матасу
Бүгін сабақта сендер сөз байланысуының бір түрі матасумен танысып, оны сөйлем ішінен ажырата алуға үйренсіңдер .
Кіршіксіз таза сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ананың тілі - ардақты
Аманат, саған, аманат.

(Қазақтың тілі; ананың тілі)
Бірінші зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында , екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі немесе матасу деп атаймыз.(7)
Матаса байланысқан сөздердің бірінші кейде екінші компоненттері түсіп қалып айтыла береді.(8)

Ілік септік жалғауынсыз......Тәуелдік жалғаусыз
Ақын(ның) өлеңдері
Ауыл(дың) тұрғандары
Көше (нің) шамдар.............Біздің сынып(ымыз)
Өзіміздің балалар(ымыз)
Сіздің үй(іңіз)
Матасу - есімді сөз тіркес өйткені оның басыңқы сыңары зат есім немесе тәуелдік жалғау жалғанып заттанған сөз болады.
оқушының кітабы,баланың жақсысы , атаның айтқаны Жақсы – сын есім , айтқан – есімше екеуі де тәуелдік жалғауы жалғанып заттанып тұр.

Сөз тіркеснің құрамына қарай талдау (8 слайд)
1. [Сөз +ілік септік жалғауы сөз+ тәуелдік жалғау
2. Есімді сөз тіркесі себебі
3. Матасу себебі
4. Дара сөз тіркесі себебі
5. Байланысу тәсілі жалғау арқылы себебі
ІV Сабақты меңгерту
Оқулықпен жұмыс
1. 244- жаттығу Мәтінді оқыту матаса байланысқан сөздерді тауып дәптерге жазып алыңдар.
Бірінші сөйлемге морфологиялық талдау жасау .
Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау
Кітабы сөзіне фонетикалық талдау жасау

Өзіндік жұмыс
2. Сызба бойынша матаса байланысқан сөз тіркесін құрау
Зат есім+ зат есім............Сын есім+ зат есім
Сан есім + зат есім..........Есімдік +зат есім.........Үстеу+ зат есім
Шығармашылық жұмыс

РАФТ әдісімен ойтолғау жазу
Р- тіл жанашырлары
А- халық
Ф- үндеу
Т- ана тіліміздің қоғамдағы рөлі
Шығармаларын оқытып, ішінен матасуды табу.
Топтық жұмыс

Диктант (Мәтіннің ішінен матаса байланысқан сөздерді табыңдар)
Қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.

V Сабақты қорыту
Венн диаграммасы
Қиысу....................Матасу
Матасу дегеніміз не?
Мысал келтір
VІ Үйге тапсырма 249- жаттығу мәтіннен матаса байланысқан 5 сөз тіркесін жазып ,сөз құрамына талдап келу
VІІ Бағалау
Кері қайту
Ілмек сөздер: Матасу, ашық, сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану...
Қабысу

Қабысу

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс ауылы, №103 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оралова Зульфира...
Сөз тіркесі

Сөз тіркесі

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...
Матасу

Матасу

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқынбаева Меруерт Бейсенбекқызы...
Сөздердің байланысу тәсілдері

Сөздердің байланысу тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері Сыныбы: 7 Сабақтың мақсаты : Білімділік: оқушыларды сөздердің байланыстыру тәсілдерімен таныстыру....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×