Сайтқа кіру Тіркелу

Түбір мен қосымша

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Мақсаты:
Білімділік: Қосымша қосылған кездегі сөздердің жазылу емлесінен мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ісжүзілік дағдысын дамыту. Жазу сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік:Әдептілікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, ойын, сызбамен жұмыс, сурет бойынша әңгіме, үлестірмемен жұмыс, сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, кесте, суретті плакат, кеспе қағаздар, сызба түрлері.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Үй тапсырмасын тексеру.
251 - жаттығу.
ә)«Ой қозғау»
1. Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
2. Қыстың нешінші айы?
- Қыстың үшінші айы.
3. Жаңа жауған қардан не жасауға болады?
- Ұлпа қардан аққала жасауға болады.
Олай болса, сол аққаланың артындағы берілген тапсырмаларды орындай отырып құрастыруымыз керек.
Сөз құрамы қалай бөлінеді?
Жұрнақ дегеніміз не, жалғау дегеніміз не?
Қосымша неше түрге бөлінеді?
Түбір дегеніміз не?
ІІ. Жаңа сабақ.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
1 - қатар түбір сөз. «оқу»
2 - қатар қосымша жалға. «оқу+шы»
3 - қатар жалғау жалға. «оқушы+лар»
Сызбамен жұмыс.
ім шы
Біл гіш Бас қыш
гір тық
- Жаңа сөзді қалай таптық?
- Түбір сөзге қосымша жалғау арқылы.
ІІІ. Сурет бойынша әңгіме, тақтамен жұмыс.
- Суреттен кімдерді көріп тұрмыз?
- Қарт әже қай жерде келе жатты?
- Марат не істеді?
- Әже Маратқа не деді?
Қарт әже суға келе жатты. Ол тайып құлап қалды. Марат әжейдің тұруына көмектесті. Қарт әжей Маратқа алғысын айтты.
«Мінездеме беру»
Марат қандай бала?
Сыпайы кішіпейіл
Марат
Мейірімді қайырымды
Олай болса мәтінге ат қояйық.
«Қайырымдылық»
Балалар соңғы сөйлемді Қарт әже Марат алғыс айт десек айтқалы тұрған ой түсінікті ме?
- Жоқ.
Демек, сөйлем болу үшін әр сөзге қосымша жалғап жазуымыз керек.
IV. Дәптермен жұмыс.
V. Сергіту сәті.
Ла - Ла - Ла
Ұшып келді шағала
Шы - шы - шы
Біз үлгілі оқушы
Ші - ші - ші
Менің әкем етікші
Лар - лар - лар
Біз тәртіпті балалар
255 - жаттығу көшіріп жазу.
VI. Үлестірмемен жұмыс.
VII. Жұмысты тексеру.
VIII. Қорыту. Сөзжұмбақ.
1. Қыста ұйтқып соққан қатты желді қалай атайды?
2. Қыста нежауады?
3. Күн қандай болады?
1. Оқу сөзіне жұрнақ жалғап айт
2. Оқушылар сөзін қатыстырып сөйлем құрау.
3. Осы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемге айналдыр.
4. Кестемен жұмыс.
Қосымшалы сөздер түбір жұрнақ Жалғау
Ғарышкер
Оқушылар
Әншілер
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×