Сайтқа кіру Тіркелу

Сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлем туралы түсініктерін нығайту.
Дамытушылық: Тілін дамытып, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Сауатты, әдемі жазуға төселдіру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Көрнекілігі: сызба, ребус, киіз үй құрылысы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Кіріспе сөз.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені бүгін біз жеті ата ауылына саяхат жасаймыз.
«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» дей отырып жеті атаның қалай аталатынына көз жүгіртейік.
1. Ата
2. Әке.
3. Бала.
4. Немере.
5. Шөбере.
6. шөпшек
7. Немене.
Енді, балалар, жеті ата ауылына саяхат жасай отырып, сабағымызды өтеміз.
1. «Ата» ауылы. Ребус шешу.
- Мынау «көйлек» бастапқы «к» әрпінің орнына «с» әріпін қойып, соңғы «к» әріпінің орнына «м» әріпін қоямыз.
- Сонда қандай сөз шығады?
- Сөйлем.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сөйлем»
- Сөйлем нені білдіреді?
- Сөйлем неден құралады?
- Сөйлем түрлерін ата.
2. «Әке» ауылы. Жұмбақ шешу.
- Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жасы тамып барады.
(Бұлт).
А). Жұмбақ неше сөйлем құралған?
Ә). Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемнің қай түрі?
3. «Бала» ауылы. Оқулықпен жұмыс.
138 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқу.
А). Айтылу мақсатына қарай қандай сөйлемдер бар?
Ә). Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазу.
4. «Немере» ауылы. Қасым Аманжоловтың «Атамекен» өлеңін дауыс ырғағымен оқу.
А). Өлең не туралы айтылған
Ә) Сөйлем соңынан леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.
5. «Шөбере» ауылы. «Жыр оқығанда» мәтіні дауыс ырғағымен оқу, мәнін ашу.
- Бердібек Соқпақбаев балалар жазушысы; көптеген балаларға арналған кітаптары бар: «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат».
6. «Шөпшек» ауылы. Оқулықпен жұмыс.
Жырдан алынған үзіндіні тиісті тыныс белгісінқойып, жатқа жазу:
- Не көрдің, қара ат, не көрдің,
Бектер құрған шатыр ма?
Алдында жолбарыс жатыр ма,
Келгендер бізден батыр ма?
(Алпамыс батыр жырынан)
- Сұраулық мағына беріп тұрған сөздердің астын сыз.
7. «Немене»ауылы. Тақтамен жұмыс.
142 - жаттығу.
- Сен бізді күтпе, сен бүгінгі кезектен қалма.
- Сен бүгінгі кезекктен қалма.
- Жолыңнан қалма.
- Үйде нан бар ма?
- Ертайда мұндай өшіргіш бар ма?
- Оларға осының бәрі керек пе?
- Күн бүгін кешегіден суық па?
Жеті саны туралы түсінік беру.
- Міне, балалар, сыныпқа да келдік. Саяхатқа барлығың да жақсы қатыстыңдар. Жеті ауылдың адамдары білімдеріңе риза.
Бүгін 7 атамызбен таныса отырып, сөйлем туралы білімдерімізді толықтырдық. Қазақ халқы 7 санын қасиетті сан деп санаған. Өйткені, жаңа туған нәрестенің шілдеханасын 7 - ші күні жасаған. Қайтыс болған адамның жетісін берген, 7 қазынаны, 7 жұтты тектен - тек атамаған.
ІІІ. Бекіту. Киіз үй құрастыру ойыны.
Сұрақтары:
1. Сөйлем нені білдіреді?
2. Сөйлем түрлерін ата.
3. Лепті сөйлем қалай айтылады?
4. Сұраулы сөйлем қалай атылады?
5. Хабарлы сөйлем қалай айтылады?
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма беру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×