Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз және оның құрамы

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы
Сабақтың мақсаты: Сөз құрамы туралы еске түсіріп, түбір мен қосымшаның бір - бірінен өзгешелігін таныту, қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін еске түсіру.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, таблица, үлестірмелі қағаздар
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сынып оқушыларын түгелдеу.
Ә) үй тапсырмасының орындалуын қадағалау.
ІІ. Ой шақыру
Сұрақ - жауап әдісі:
- Сөз мағынасына қара қандай түрлерге бөлінеді?
- Тура және ауыспалы, мағынасы қарама - қарсы сөздер және мәндес сөздер, көп мағыналы сөздер.
ІІІ. Жаңа сабақ
А) Көркем жазу.
Қ қ
ә) Сөздің құрамы екі бөліктен тұрады.
Түбір - қосымша
Жұрнақ Жалғау
б) Жасырылған жұрнақтарды тауып жазу
балық + =
кітап + =
көз + =
ас + =
ғарышкер + =
Тапсырма бойынша ереже құрастыру:
Түбір сөзге жалғанатын бөлікті жұрнақ деп атаймыз.
Жұрнақ арқылы жаңа сөз құрастыруға болады.
в) Оқулықпен жұмыс.
25 - 28 жаттығуларды орындау.
г) Карточкамен жұмыс.
1. Күләш Байсейітова қазақта бұлбұлы атанған әнші. Менің апам – өнерпаз.
(Қосымшалы сөздерді тауып, сөз құрамына ажырат.)
2. Сөз құрамына талда.
Оқушы, оқулық, суат, сулық, сыйлық, басшы, жұмысшы, қойшы, ойыншық.
3. Жұмбақты көшіріп, қосымшалы сөздердің астын сыз.
Әрі шешен, әрі әнші әрі күйші.
Әр үйде бар, тапқышым, кәне тапшы.
ІV. Бекіту.
1. Сөз құрамы неден тұрады?
2. Қосымша неше түрге бөлінеді?
3. Түбір сөзге қосымшаның қайсысы бұрын жалғанады?
4. Түбір сөз дегеніміз не?
5. Түбірлес сөздер дегеніміз не?
V. Үйге тапсырма.
29 - жаттығу
VІ. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×