Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың өтілген таырыптары бойынша білімін байқау, сан есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту; Сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке баулу. Өз елін қорғайтын, тәуелсіздікті бағалайтын өршіл рухты азамат тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тірек - сызба, талдау, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту жаттығулары.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, математика, халықтық педагогика, биология.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу;
2. Түгелдеу;
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу;
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Миға шабуыл
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
3. – ыншы,- інші, - ншы, - нші жұрнақтары сан есімнің қай түріне тән?
4. – лап, - леп, - дап, - деп, - тап, - теп жұрнақтары сан есімнің қай түріне
тән?
5. Реттік сан есім рим цифрымен берілгенде қалай жазылады?
6. Ай, жыл, ғасыр, күн аттарымен тіркескен реттік сан есім қалай
жазылады?
7. Цифрмен сан есімдерге жалғанатын жалғаулар қалай жазылады?
8. Шамалы, жуық, тарта шылаулары емле бойынша қалай жазылады?
2. Сан есімнің мағыналық топтарын тірек - сызба арқылы жинақтап қайталау.
3. МЫҢ, ТОҒЫЗЫНШЫ, ЖЕТЕУ сөздерін сатылай кешенді талдау.
1. БІР ҚҰРАМНАН ТҰР: МЫҢ
2. ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ – НЕГІЗГІ ТҮБІР
3. ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ – ДАРА СӨЗ.
4. ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ – ЗАТТЫҢ САНАУ РЕТІН БІЛДІРІП ТҰР.
5. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ – САН ЕСІМ.
6. МЫҢ – НЕШЕ? ДЕГЕН СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРЕДІ
7. МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ ЕСЕПТІК САН ЕСІМ.
1. ЕКІ ҚҰРАМНАН ТҰР: ТОҒЫЗ+ЫНШЫ
2. ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ – НЕГІЗГІ ТҮБІР.
3. ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ – ДАРА СӨЗ.
4. ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ – ЗАТТЫҢ САНАЛУ РЕТІН БІЛДІРІП ТҰР.
5. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ – САН ЕСІМ.
6. ТОҒЫЗЫНШЫ – НЕШІНШІ? ДЕГЕН СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРЕДІ.
7. МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ РЕТТІК САН ЕСІМ.
1. ЕКІ ҚҰРАМНАН ТҰР: ЖЕТІ+У
2. ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ – ТУЫНДЫ ТҮБІР
3. ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ – ДАРА СӨЗ.
4. ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ – ЗАТТЫҢ ЖИНАҚТАЛҒАН МАҒЫНАСЫН БІЛДІРІП ТҰР.
5. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ – САН ЕСІМ.
6. ЖЕТЕУ – НЕШЕУ? ДЕГЕН СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРЕДІ.
7. МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ – ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМ.
3. Сергіту жаттығулары:
Жұмбақ
Өз құрамында 3 буын, 7 әріп бар. Жалпы әріптері қарауындағыдан 6 есе көп.
Жаңылтпаш
Бес түп алма
«Бестік» алғандікі.
Төрт түп алма
«төрттік алғандікі.
«Төрттік» алған Бес түп алма алмайды.
«Бестік» алған
Төрт түп алма алмайды. (Қ. Мырзалиев)
4. Жаңа сабақ: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.
Сан есім заттың санын, мөлшерін анықтап, сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр.
Сан есім атау септікте тұрып бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Сан есім жіктеліп, заттанып, немесе көмекші етістіктермен тіркесіп, баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Атадан – алтау, анадан – төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Сан есім атау мен ілік септіктен басқа септікте тұрған сан есімдер толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Сан есімдер септік тұлғасында тұрып та, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Кездесіп жетпіс үште іздегенім.
Пысықтау:
Қырық – қасиетті сан.
Алыстан екі адам қараңдап көрінді.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.
Біз екеу едік.
5. 93 - жаттығу Мәтінді оқып шығып, құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойыңдар, қай мүше екенін, қандай сөзбен тіркескенін айтыңдар.
Үлгі: Қанша күн? – он бес – анықтауыш, есептік сан есім.
Он бес күн өткен соң, Бекболаттың аулындағы бір көлік келді. Аман - есен жиырма үй Бекболаттың аулына көшіп барды. Бекболат әр кедейге бір - екі соқа жасап берді. Сарысудың табан балығынан кедейлер екі - үш көлік балық қақтап алды. Сөйтіп екі жылдың ішінде Бекболаттың төңірегінде қырық шамалы үй ағайындары жиналды.
Он бес күн өткен соң, Бекболаттың аулындағы бір көлік келді.
Он бес күн – анықтауыш, есептік сан есім.
бір көлік – анықтауыш, есептік сан есім.
Аман - есен жиырма үй Бекболаттың аулына көшіп барды.
жиырма үй – анықтауыш, есептік сан есім.
Бекболат әр кедейге бір - екі соқа жасап берді.
бір - екі соқа – анықтауыш, болжалды сан есім.
Сарысудың табан балығынан кедейлер екі - үш көлік балық қақтап алды.
екі - үш көлік – анықтауыш, болжалды сан есім.
Сөйтіп екі жылдың ішінде Бекболаттың төңірегінде қырық шамалы үй ағайындары жиналды.
екі жылдың ішінде – пысықтауыш, есептік сан есім.
қырық шамалы үй ағайындары – анықтауыш, болжалды сан есім.
6. Адасқан әріптер ойыны. Дұрыс оқы сөзін тап, әр тірліктің көзін тап.
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Жұмбақ
Бір ағашта 38 алма бар. Оны алып жемек болсаң, оның 12 - сі тамағыңнан еркін өтеді, қалғандары қақтығып өтеді.
7. Семантикалық карта №1
8. Сөзжұмбақ
1. 5 КГ - ҒА ЖУЫҚ САЛМАҚ ӨЛШЕМІ
2. ЖЕТІ ЖҰТТЫҢ БІРІ
3. САН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ
4. АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ ЖЕТІ БӨЛІК -
5. ЖЕТІ СЕПТІКТІҢ БІРІ
6. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАҢБА
7. ЖЕТІ ҚАЗЫНАНЫҢ БІРІ
9. Домино ойыны немесе сәйкестікті табу.
Ол үйге төртте келді.
Бидай өңді.
10. Жаңа сабақты қорыту.
Сандық тест
1. Сан есім қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын көрсетіңіз.
Алпысыншы жылдарда қазақ жастары арасында дүрілдеп таралған белгілі әндер Еспаев пен Қалдаяқовтікі.
0) Анықтауыш.
1) Бастауыш.
2) Пысықтауыш.
3) Баяндауыш.
4) Толықтауыш.
2. Сан есімнің сөйлемдегі атқарып тұрған қызметін көрсетіңіз.
Жеті жұрттың тілін біл.
0) Анықтауыш.
1) Толықтауыш.
2) Бастауыш.
3) Баяндауыш.
4) Пысықтауыш.
3. Жарты, жарым, ширек сөздері қалай жазылады.
0) Бірге жазылады.
1) Бөлек жазылады.
2) Дефис арқылы жазылады.
3) Бірігу арқылы жазылады.
4) Қосылып жазылады.
4. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?
0) Екі екіден.
1) 4 мыңға тарта.
2) 30, 40 - тай.
3) Бес алты.
4) Бір партаға екі екіден отыра кетті.
5. Емлеге сай жазылған сан есімді көрсетіңіз.
0) 6 - ны 2 - ге бөл.
1) ХІ - сынып.
2) 2030 - жыл.
3) 60 тай үй.
4) Алты - бүтін.
6. Жіктелген есім сөздердің 3 - жақтағы жалғауын көрсет.
0) бар.
1) – ды.
2) жоқ.
3) тұр.
4) – мын.
7. Сан есімді тіркесті тап.
0) Сарқырап аққан өзен.
1) Жарқыраған жаз
2) Күзгі суық.
3) Екі жас.
4) Кәрі - жас.
8. Есептік сан есімді тіркесті тап.
0) Алтау ала болмай.
1) Екі - екіден кіру.
2) Он шақты ірі қара.
3) Бес - алты жыл.
4) Бір қадам.
11. МАРКИРОВКА КЕСТЕСІ
БІЛЕМІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ ҮЙРЕНДІМ
12. Үйге тапсырма беру. 182 - 183 - 184 - жаттығулар.
13. Оқушылардың білімін бағалау.
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
- Гульмира70
- 6 мам 2013
- 35042
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сан есім, –ыншы, -інші, -ншы, -нші, жұрнақтар, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Сын есімнің мағыналық түрлері
Жалпы мақсаты: Сын есімнің мағыналық түрлерін таныту, оның жасалу жолдарын меңгерту. Сын есімнің өзіне тән белгілерін білу, Салыстыру, талдау,...Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Сөз таптары
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптары. Сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау...Тест жұмысы
Өскемен қ, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы Тест жұмысы (сан есім) 1. Есептік сан есім нені білдіретінін...Сан есімдер
Өскемен қаласы, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы Сабақтың тақырыбы: «Сан есімдер» Сабақтың мақсаты: а)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.