Сайтқа кіру Тіркелу

Атажұрт (Сыныптан тыс шара)

«Атажұрт»сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жинақтау, ой - өрістерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Армысыздар, құрметті көрермендер!
"Атажұрт"ойынына қош келдіңіздер!
Құрметті ойыншылар, сіздерге сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастаймыз.
Ойынға екі топ қатысқалы отыр. Екі топты таныстырып өтейін.
Бірінші топ "Қыран"құрама тобы.
Екінші топ "Тұлпар"құрама тобы
Ойынымызды бастаймыз.
1 - айналым. Өткел.
Әр сұраққа 20 ұпай қосылады. Бұл бөлімде ұпай "Алтын қорға"жиналады.
Топты жақсы алып шығу үшін топ басшылары 5 сұраққа жауап бересіздер.
(1минут уақыт беріледі)
"Қыран"құрама тобының басшысына сұрақ:
1."Қараңғы түнде тау қалғып"өлеңінің авторы кім? (А. Құнанбаев)
2. Төле бидің он түрлі жұмбағын шешкен кім? (Қазыбек би)
3. М. Өтемісұлы қай жылы өмірге келді? (1804 ж)
4. Сөздерді қарама - қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды
не дейміз? (ирония)
5. Толқын өлеңінің авторы кім? (М. Жұмабаев)
"Тұлпар"құрама тобының басшысына сұрақ:
1."О, Ақтан жас Ақтан жас"қай автордың өлеңі? (Д. Бабатайұлы)
2. М. Жұмабаев қай жылдар аралығында өмір сүрді? (1893 - 1938)
3. Қобыландының тұлпары (Тайбурыл)
4. Жылдың төрт мезгілін, табиғаттың төрт кезеңін қатар жазған ақын кім? (Абай Қ.)
5. Көркем шығармада суреттелетін табиғаттың көрінісін не деп атайды? (пейзаж)
2 - айналым. Белес.
Өткелден өтіп белеске жеттік.
Кезек көп ұпай жинаған топқа беріледі.
Бұл бөлімде қосымша көмек алуға болады
Егер жауапты білмесеңіздер қарсыластарыңызға кезекті бересіздер.
"Қыран"құрама тобының сұрақтары:
1. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде беріледі. Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын күлкі ете, мысқылдай суреттеуді не деп атайды? (Сатира)
Қосымша көмек:
Сұлтанмахмұт "Бір адамға"өлеңінде ел ішінде байлығына масаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыра әшкере етеді.
2. Жетішатыр - жақсы қала.
Қаптап жатқан қазақ. Жазы - қысы қымыз, ойын - сауық. Айт, той, ат жарыс, күрес. Үй қыдырған көлең - көлең ақ жаулық. Жаз шықса параход, желқайық, жасыл арал, қалың орман.
Қай әңгімеден алынған үзінді? (Әнші)
Қосымша көмек:
Жүсіпбек Аймауытұлының әңгімелерінің бірі.
"Тұлпар"құрама тобының сұрақтары:
Ұлы ақын 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген. Оның әкесі Абайдың туған ағасы. Әкесінен жастай айрылған, ақын немере ағасы Абайдың тәрбиесін көріп өседі.
Ол қай ақын? (Шәкәрім)
Қосымша көмек:
"Жолама қулар маңайға",
"Адамдық борышың" өлеңдерінің авторы.
2. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын
суреттеуді не деп атайды? (Портрет)
Қосымша көмек:
"Ақын қонақтар"әңгімесінде М. Әуезов он үш жасар Абайды "Бойы өскен. Қол - аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты"...
3 - айналым. Бекет
Жанкүйерлерге де сұрақ қойылады. Жанкүйерлердің ұпайлары да қосылады.
"Қыран"тобының жанкүйерлеріне сұрақ:
1. Азырақ құлағың сал, ақын інім,
Ойымыз, рухымыз жақын, інім.
Ағалық правасын қолыма алып,
Келемін айтайын деп ақыл, інім!
Қай өлеңнен алынған үзінді? (Ахмет Б. Ақын ініме)
2. Көксерек әңгімесіндегі баланың есімі кім? (Құрмаш)
"Тұлпар" тобының жанкүйерлеріне сұрақ:
1. Алпамыс жырындағы Алпамыс батырдың қалыңдығының есімі кім? (Гүлбаршын)
2. Әбдіжәміл Нұрпейсовтің қай шығармасымен таныстыңыздар? (Балықшылар)
4 - айналым. Асу
Бекеттен өтіп Асуға жеттік.
Бұл бөлімде қосымша көмек болмайды. Алдарыңызда 14 терезе берілген. Әр терезенің өзінің сұрақтары болады.

1 2 3 4 5
6 7 8 9 10
11 12 13 14
"Қыран" тобының сұрақтары:
1. Бұл терезеде Дулат Исабековтің "Ата үміті"атты шығармасы бойынша сұрақ жасырылған.
"Дермендегі"қарт кісінің есімі кім? (Тоқсанбай)
2. Б. Соқпақбаевтің шығармасы бойынша"Менің атым - Қожа"повесіндегі орыс тілі пәні мұғалімінің аты - жөні кім еді? (Анфиса Михаловна)
3. Тұлғаны таны Дулат Бабатайұлының суреті көрсетіледі.
Оқушылар ақын туралы айтады.
4. Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтылған сөз жетім толғауын кім жазды? (Төле би)
5. С. Торайғыров қай жылы өмірге келген? (1893)
6. Екіншідүниежүзілік соғыста Жамбыл Жабаевтің қаза тапқан ұлы кім? (Алғадай)
7."Алтын көрсе, періште жолдан таяды"дейді.
Періштеден садаға кеткір - ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны. Үзінді Абай Құнанбайұлының нешінші қара сөзінен алынған? (29 қара сөзі)
"Тұлпар" тобының сұрақтары:
1. Сәкен Сейфуллиннің шын есімі кім? (Сәдуақас)
2. Тұлғаны таны Мағжан Жұмабаевтің суреті көрсетіледі.
Оқушылар ақын туралы айтады.
3. Ер Төстіктің ағасы нешеу еді? (8)
4. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған үзінді? (Мен кім?)
5. Алпамыстың баласының есімі кім? (Жәдігер)
6. Асан Қайғы әр бұтағы жеміс, шаруаға жақсы қоныс деп қай жерде айтты?
Соңғы айналым. Жерұйық
Ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттейді.
Мысалы: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Әдебиетте мұндай тәсілді не деп атайды? (кейіптеу)
Қорытындылау, жеңімпаз оқушыны марапаттау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×