Тақырыбы: «Сабақ басталар қуанышты сәт...»
Мақсаты: Оқушылардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін дәріптеуге, ана тілін құрметтеуге, қазақ елінің өткені мен бүгінгісін танып білуге ата-мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта
Ұлағатты сөздер:
«Мектеп – ғылым патшасы»
«Оқу – білім бұлағы, білім - өмір шырағы»
«Күш – білімде»
БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру.
Әнұран орындалады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды. Оқушыларды марапаттау.
І. Кіріспе сөз.
Мұғалім: Ана тілде тұңғыш анам үйреткен,
Осы тілде алғаш мені сөйлеткен.
Ана тілде сырын ұқтым өмірдің,
Ана тілде жырын ұқтым көңілдің.
Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! Мектеп әрқашан оқушысымен көрікті, олай болса «Сабақ басталар қуанышты сәт...» дивизімен өткелі отырған мәнерлеп оқу байқауымызға қош келіпсіздер.
Байқауымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтсем:
Байқау ІІІ турдан тұрады.
І тур «Білімсіз күнін жоқ» ақын жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу
( мектеп, білім, тіл)
ІІ тур «Менің арманымдағы мектеп» тақырыбында сурет байқауы (оқушылардың қиялынан туған сурет көрмесі )
ІІІ тур «Менің мектептегі алғашқы күнім» эссе жазу
І ТУР. «Білімсіз күнін жоқ» ақын жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу.
Жылдар – жылдар жан бесігін тербеткен,
Шуағында білім алып ер жеткен.
Таңын шықтай, балалық шақ бал дәурен,
Арманымның ақ қанаты серметкен.
ІІ тур «Менің арманымдағы мектеп» тақырыбында сурет байқауы (оқушылардың қиялынан туған сурет көрмесі )
ІІІ тур «Менің мектептегі алғашқы күнім» эссе жазу
Эссенің шығарма мен мазмұндамадан өзгешілігі бар. Ол – еркіндік пен батылдық, өжеттікке жол беретін ой алаңы. Шағын көлемді, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні десек те жарасымды.
СЕРГІТУ СӘТІ:
Морфология (сөз бен оның формалары туралы тіл білімнің бір саласы)
Етістік (заттың қимылын, іс - әрекеті мен амалын білдіретін сөз табы)
Көнерген сөздер (хан, тақ, уәзір, атшабар, құл қандай сөздер)
Тасымал (сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынының келесі жолға бөлініп жазылуын)
Есімдік (жіктеу, сұрау, сілтеу, өздік бұлар неге жатады)
Пысықтауыш (сөйлемдегі іс - әрекетті, оқиғаның мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше)
ІІІ. Қорытынды. Оқушыларды марапаттау.
«Сабақ басталар қуанышты сәт ...»
- dauir89
- 1 сәуір 2013
- 4739
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
Ұқсас жаңалықтар:
Тасымал. Екпін
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады....Сөз таптары 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру....Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Тақырыбы: Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Мақсаты: 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуын жетілдіру. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздер...Мектеп – білім беретін мекеме
Мақсаты: 1. Оқушыға әрбір адам білім алу керектігі туралы ұғымды қалыптастыру. Білім беретін мекемелермен таныстыру. 2. Оқушылардың әр түрлі әдіс -...Кім білгір?
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, № 105 орта мектеп Ж. Қаналиева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.